Daily Archives: 1 Наурыз 2019

Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі

Астанада Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төр­аға­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты­суымен партияның кезекті XVIII съезі өтті. Еліміздегі ең ірі саяси ұйым­ның құрылғанына 20 жыл толуы­на орай ұйымдастырылған кезек­ті съезд партияның 2030 жыл­ға дейінгі «Бақуатты қоғам: он­жылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдар­ламасының қабылдануымен айшықталды. Аталған құжатта Елба­сының елімізді жан-жақты жаң­ғырту бағдарламасын жүзеге асыруға партияның қосатын нақты үлесі мен жұмысы көрсетілген. Осы үлкен ...

Жалғасы »

Бүгін — Алғыс айту күні

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз — Алғыс айту күні болып жарияланғаны белгілі. Жыл сайын тойланатын бұл мерекені ақтөбеліктер биыл да ерекше атап өтпек. Атап айтсақ, бүгін облыс орталығындағы «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стелласы алдында үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қалалық Мәдениет үйінде «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық концерті өтеді. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, бұл күні «Қазақ халқына ...

Жалғасы »

Шеберлік сабақтары өтті, жеңімпаздар марапатталды

Ұлы даланың жеті қыры Ақтөбедегі Шығармашылық академиясында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының ұйымдастыруымен ашық шеберлік сабақтары өтті. Шеберлердің дәрістеріне 400-ге жуық адам қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихи сананы жаңғырту бағытындағы жобалар алға тартылды. Осы жобаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара аясында алдымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының Ақтөбе облысы бойынша аймақтық өкілдігінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатында ...

Жалғасы »

Биыл облыс жер-су атауларының атласы шығарылады

Брифинг Сәрсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева мен тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Серғазина өткен жылы облыста атқарылған жұмыстарға тоқталып, биылғы міндеттер туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда облыста тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ІІІ кезеңі бойынша тілдік шаралар кешені жүзеге асырылуда. Өткен жылы басқарма жанынан құрылған тілдерді оқыту орталығында 14 257 адам қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ...

Жалғасы »

25 жеке клиника тегін қызмет көрсетеді

Брифинг Тұрғындар жеке клиникаларда тегін емделе алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ақтөбе облыстық филиалының директоры Гүлмира Қожаниязованың айтуынша, биыл халыққа тегін ұсынылатын медициналық көмектің құны —  39,1 миллиард теңге. Ақпандағы мәліметке сәйкес, қор халыққа тегін ұсынылатын медициналық көмек көлемінің 18,6%-ын төлеп болған. Өткен жылы  тегін медициналық көмекке бөлінген қаржы 35,4 миллиард ...

Жалғасы »

Мұқтаж отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілді

Биыл облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен «Зекет» қорының  Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі бірлесіп «Ел үлесі пәтерге» жобасын іске қосты. Шараның мақсаты —  ауыл-аудандардағы мұқтаж отбасыларға баспана алып беру. Кеше алғашқы баспананың кілтін өкіл имам Төлеби Оспан Ембі қаласындағы Әділбек Рахметалинге табыстады. Ол —  ІІІ топтағы мүгедек. Бір ұл, екі қызы бар. Бұған дейін Әділбек Ембі қаласында саманнан тұрғызылған 2 ...

Жалғасы »

Жанармай бекеті іске қосылды

Ақтөбе қаласының орталық көшелерінің бірінде тағы бір жанар-жағармай мен газ құю бекеті ашылды. Бұл мұнай өнімдерін көтермелі бөлшектеп сату мен көліктік қызмет көрсетумен айналысатын «Новая АЗС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  «COMPASS» атты жанар-жағармай және газ құю бекетінің бесінші нүктесі. Бекеттің ашылу салтанатына қатысқан Астана ауданы әкімінің орынбасары Сейтмағамбет Шілманов  2014 жылдан бері сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан серіктестікке алғысын айтты. Шараға ...

Жалғасы »

Зор мүмкіндіктің негізі

Құралай БАйменова, Қазақстанның Еңбек Ері,   «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Биылғы «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуына бағытталған жаңа кезеңге жол ашты. Мемлекет басшысының алға қойған нақты тапсырмаларының арқасында алдағы уақытта қазақстандықтар, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үлкен қолдауға ие болмақ. Атап айтсақ, көпбалалы аналарға, қамқоршыларға және мүгедектігі ...

Жалғасы »

Мұқтаж отбасылар да баспаналы болады

Жанболат ҚАЛМЕНОВ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы басшысының орынбасары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде сөйлеген сөзі ұлттың жаңа игілігі үшін онжылдықтың перспективасын айқындап берді. Елбасының сөзімен айтсақ, бұл съезд Қазақстанның дамуының жаңа кезеңіне старт береді. Яғни алдағы он жыл уақыт — әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін жасалып жатқан ...

Жалғасы »

Ақтөбеде 4660 адам атаулы көмек алады

Мақпал ТҰРМАҒАНБЕТОВА, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетудің нақты шаралары айтылды. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын арттыруды тапсырды. Әрине, бұл мәселе халықтың көкейінде жүргені аян. Сол сияқты отбасында көп баласы бар жанұялар үшін әр балаға 21 мың теңге ...

Жалғасы »