Басты бет » 2019 » Наурыз

Monthly Archives: Наурыз 2019

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Тапсырмаларды сапалы әрі дер кезінде орындауымыз керек

Nur Otan партиясының кезекті ХVIII съезінде ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт әлеуметтік жобаны анықтап, партия мен Үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын. Кеше Ақтөбеге іссапармен келген Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осы тапсырмалардың орындалу барысы туралы талқыланған жиынға қатысты. Партияның облыстық филиалы конференциясы аясында алдымен филиал төрағасы сайланды. М.Әшімбаевтың филиал ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Ырғыз ауданы бюджетінің кіріс көзін молайтуы қажет

Бейсенбі күні жұмыс сапарымен Ырғыз ауданына барып, құрылысы жүргізіліп жатқан бірнеше әлеуметтік нысанды аралаған облыс әкімі бірінші кезекте сапаға мән берілуі керектігін ескертті. Сондай-ақ, халықпен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.   Оңдасын Оразалин алдымен аудан орталығындағы әкімдік ғимаратының құрылысына барды. Үш қабатты нысанның құрылыс жұмысына жауапты — «Стройкомплект-2030» ЖШС. Оған 50-ден астам құрылысшы тартылған. Ал жобаның құны — 238 миллион теңге. Жоспар ...

Жалғасы »

«Бақытты отбасы» жобасы: Ақтөбеде  бірнеше отбасы қоныстойын тойлады

Біздің облысқа жұмыс сапарымен келген Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Нұр Ақтөбе» шағын ауданына барды. Мұнда Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин  мүмкіндігі шектеулі адамдарға, аз қамтылған, көпбалалы және жас отбасыларға пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне қатысты. Мұндай ізгі іс «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл жоба партия Төрағасының кезекті XVIII съезде берген тапсырмасына сәйкес ...

Жалғасы »

МИ-8 тікұшағы апатында қаза тапқан жерлестеріміздің отбасыларына көмек беріледі

Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы қайғылы оқиға кезінде екі ақтөбелік қаза тапты, олар — майор Данияр Қоңырбай және ефрейтор Өмірхан Қауқаев. Даниярдың ата-анасы Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылында тұрады. Үш бала әкесіз қалды, олардың ең кішісі — 3 айлық. Өмірхан Қауқаевтың туыстары Мәртөк ауданының Мәртөк ауылында тұрады. Ақтау қаласының 30153 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен 28 жастағы жігіттің бір ұлы бар. ...

Жалғасы »

Орталықтың тынысы

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин  энергия тиімділігі орталығына барды. Бұл ғимаратта тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, облыстық ішкі істер департаменті жедел басқару резервтік орталығы, шаһардың инженерлік желілері мен тіршілігін қамтамасыз ету мониторингі орталығы, сонымен қатар Алматы ауданы әкімі аппараты орналасқан. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мәулен Әшімбаевқа энергия тиімділігі орталығының басты міндетін айтып, жұмысымен ...

Жалғасы »

Coworking space — «Кедергісіз келешектің» жемісі

 Ақтөбе облысына сапары кезінде Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин және қала әкімі Ілияс Испанов ерекше талаптарды қажет ететін жандарға арналған «Coworking space» орталығына барды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ашылған бұл орталық мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге бағытталған. Орталық жұмысын үйлестіруші, «Алаш» мүгедектер қоғамының төрағасы Әлібек Елеусізовтің айтуынша, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың ...

Жалғасы »

Компания үш бөлмелі пәтер әпермекші

«Ақтөбемұнайгазқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы, көпбалалы әке Қанат Садықовқа жұмыс беруші үш бөлмелі пәтер алуға мүмкіндік жасап отыр. Қазір Қанат отбасымен Ақтөбе қаласындағы Сүт зауыты ауданында айына 40 мың теңге төлеп, пәтер жалдап отыр. Төрт балалы әкенің жағдайына бейжай қарамаған жұмыс беруші, яғни «Ақтөбемұнайгазқұрылыс» ЖШС директоры Серік Естемісов бұл отбасыға жанашырлық танытып, жалпы аумағы 140 шаршы метр көлемде үш бөлмелі ...

Жалғасы »

«Ауыл — ел бесігі»: жүзеге асқан істер

Nur Otan партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары түстен кейін Қобда ауданында жалғасты. Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған топ алдымен Қобда ауылындағы орталық саябақта орналасқан Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кейін Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Ауыл — ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобалары аясында аудан көлемінде жүзеге асырылып ...

Жалғасы »

Шалқар ауданында кәсіпкерлерге қолдау төмен

Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Шалқар ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол ең алдымен  №1 «Shalgar su»  минералды су өндіру зауытының жұмысымен танысып, осы кәсіпорынның қаланың екінші бөлігінде орналасқан   №2 «Shalgar su» цехындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 20 жылдан бері бос тұрған  «Шалқар суы» минералды  зауыты өткен жылдан бері жанданып, қазір минералды суы  республика, РФ нарығына шығып жатыр. Осыдан  кейін   ...

Жалғасы »

Балабақшалар сенімгерлік басқаруға  берілмейді

Анық-қанық Ақтөбеде  балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру уақытша  тоқтатылған болатын. Алайда конкурс өтіп, келісімшарты жасалынған үш балабақшаның ұжымы алаңдап отыр. Олар мекеменің жекеге өтуіне қарсы.  Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов осы мәселе бойынша балабақшаларды аралады. Қала ортасындағы №16 «Аққайың» балабақшасының ұжымы  сенімгерлікпен басқаруға қарсы. — Себебі кәсіпкер бірінші кезекте өзінің жағдайын ойлайды. Ал мемлекеттік балабақшаларда бала мен ата-ананың жағдайы бірінші  орында ...

Жалғасы »