Daily Archives: 11 Ақпан 2019

Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапарымен Ақтөбеде болды

«Облысқа жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев келді. Астанадан келген делегация құрамында, сондай-ақ, бірқатар министрліктердің де өкілдері бар. Сапардың мақсаты — Елбасының биыл 30 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында  берген тапсырмасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ресми делегация Ақтөбедегі бірқатар өндіріс нысандарына, сонымен қатар білім беру және денсаулық ...

Жалғасы »

Ашық есік күндері өтеді

Құрметті ақтөбеліктер! Мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланысын нығайту мақсатында облысәкімдігі «Ашық есік күндері»кең көлемді акциясын өткізеді. 11-13 ақпан күндері аралығында Ақтөбе қаласында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізіледі. Осыған орай өзіңізді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап ала аласыз. Қабылдауды Ақтөбе қаласы әкімдігінің, облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының, коммуналдық мекемелердің («Трансэнерго» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ) басшылары мен мамандары төмендегідей мекенжайлар ...

Жалғасы »

Жылыжай кешені жұмысын бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және азық-түлік саласында импортты алмастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында «Грин Капитал» ЖШС өнеркәсіптік үлгідегі тағы бір жылыжай кешені іске қосылды. Онда қызанақтың алғашқы жиналымы күтілуде. 2021 жылға дейін жылыжай кешенінің жалпы ауданы 20 гектардан асатын болады. Жоба бойынша жеке инвестициялардың көлемі 20 млрд теңгеден асады, бүгінгі ...

Жалғасы »

Шын мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың халыққа есеп беру кездесуінде қарапайым тұрғындар, соның ішінде көпбалалы және мүгедек бала өсіріп отырған аналар басшыларға өздерінің мұң-мұқтаждарын жеткізді. Жиынға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қиналып жүрген отбасыларға қолдау көрсетілетінін айтты. Қала әкімі Ілияс Испанов Ақтөбенің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен биылғы жылы алға қойылған міндеттер жөнінде есеп беру үшін, тұрғындармен бірнеше кездесу өткізді. ...

Жалғасы »

«Мансап» кезекті оқу маусымын бастады

Ақтөбеде «Мансап» студенттік мемлекеттік қызмет мектебінің төртінші маусымы өз жұмысын бастады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен қолға алынған жобаның кезекті маусымының ашылуы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында орналасқан арнайы аудиторияда өтті. Болашақ мемлекеттік қызметшілерді жаңа маусымның ашылуымен құттықтап, сәттілік тілеуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...

Жалғасы »

Тұрғындар жаңа құрылыстарды аралады

Баспана алуға ниеттеніп жүрген ақтөбеліктер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» бағдарламасы бойынша сатылатын үйлерді аралады. Аталған банк филиалының қызметкерлері тұрғындарды құрылыс компаниялары салып жатқан үйлерге апарып, пәтерлердің аумағы, әрлеу жағдайын көрсетіп, бұл пәтерлердің бағасы, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша баспаналы болудың шарттары мен талаптарын түсіндірді.  Банктің облыстық филиалы бизнесті дамыту бөлімінің 1-санатты маманы Мақсат Заитовтың айтуынша, «Өз үйім» осыдан ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлер салық туралы не білуі тиіс?

Конференция Ақтөбеде «Салық туралы қарапайым түсінік: Салық-2019» атты конференция өткізілді. «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығы ұйымдастырған шара барысында ақтөбелік кәсіпкерлерге салық заңнамаларындағы жаңа өзгерістер туралы ақпарат берілді. Жиынға 600-ге жуық кәсіпкер қатысты. — Облыста жұмыс істеп тұрған 54 000 шағын және орта бизнес субъектісінің 36 мыңға жуығы — жеке кәсіпкерлер. Осы санаттағы кәсіпкерлердің көбінде арнайы есепші мамандар ...

Жалғасы »

Ақтөбеде стартап академиясы ашылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінде  Стартап академиясы ашылды. Алаңның ашылу салтанатына Алматы менеджмент университетінің ректоры Гүлмира Қорғанбаева, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Ақтөбе филиалының директоры Берік Нұрғалиев және университет студенттері мен жас ғалымдар қатысты. Стартап академиясы —  бизнес жүргізуді, кәсіпкерлік дағдыларын университет көлемінде ғана емес, сондай-ақ өңірлік деңгейде үйретуді іске асыратын, стартап-жобаларын идеядан бастап ...

Жалғасы »

Жыл қорытындыланып, марапаттар тапсырылды

Кәсіподақ Өткен бейсенбі  күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі өткен жылдың қорытындысын және «Жастар жылы» деп жарияланған ағымдағы жылдың міндеттерін талқылады. Бұл салтанатты шара  «Кәсіподақ және жас ұстаз — болашаққа нық сеніммен» деген атаумен өтті. Салтанатты шара барысында облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова  өткен жылдың қорытындысы туралы баяндама жасады. Бұдан ...

Жалғасы »