Daily Archives: 6 Ақпан 2019

Аграрлық ауданның әлеуеті

Дүйсенбі күні Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев суармалы егіс егу, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салаларын дамыту, жергілікті өнімдерді экспорттау және қайта өңдеу қажеттігі туралы айтты. Сарыжардағы қоныстой  Жұмыс сапарын облыс әкімі Сарыжар ауылдық округінен бастады. Бүгінде бұл округте 4 785 адам тұрады. Көгілдір отын, ауызсумен қамтылған, сағат сайын облыс орталығына автобустар жүреді, сондай-ақ такси қызметі жұмыс ...

Жалғасы »

Хабарландыру

2019 жылғы 8 ақпанда Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрындағы (Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 52) Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың тұрғындармен есептік кездесу уақыты cағат 11.00-ден 15.00-ге өзгергенін хабарлаймыз.

Жалғасы »

Халықтың тұрмыс сапасын көтеру — негізгі міндет

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстағы жолаушылар тасымалы қызметіне қатысты жиын өтті. Мәжіліске тасымалдау ісіне қатысты құрылым басшылары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Аудан әкімдері онлайн режимде қосылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, кейінгі кезде халық тарапынан аймақтағы әуежай, теміржол мен автовокзал, такси қызметі салаларының жұмысына наразылық көп. — Ақтөбеге келетін қонақ ең бірінші әуежай, теміржол және автовокзал ...

Жалғасы »

Кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету — басты назарда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментінің 2018 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева латын қарпіне көшу жұмыстары туралы есеп берді. Оның баяндауынша, облыста осы бағытта кең ауқымды ғылыми-ағарту қызметі басталды. Халықаралық және республикалық деңгейдегісі бар, барлығы 22 мыңнан астам адамды қамтыған 295 шара ұйымдастырылды. ...

Жалғасы »

Өрт қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

Елбасы тапсырмасына сәйкес облыста өрт қауіпсіздігін бақылау күшейтілді. Тексеру және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу басталды. «Арнайы комиссия бәрін мұқият тексеру қажет. Теледидар, газет және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Астанада орын алған қайғылы оқиға енді қайталанбауы тиіс», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бейінді қызмет өкілдерімен өткен жиында. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, пеш ...

Жалғасы »

Барлық тапсырма мерзімінде орындалуы тиіс

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Ақтөбе қаласының 150 жылдық тойына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелері бас қосты. Жиында облыс әкімі той аясында атқарылып жатқан және атқарылатын істерді тағы бір пысықтап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Қала тойын мерекелеуге дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша жұмыс топтарының атқарған жұмыстары туралы ақпараттар берілді. Алдымен сөз алған қала әкімі Ілияс Испанов ұйымдастыру ...

Жалғасы »

Игі қадамдар жалғаса береді

Ақтөбе — агломерация құру, қалыптасу үстіндегі еліміздегі санаулы қалалардың бірі. Оны аумақтық дамытудың игі қадамдары алда да жалғаса бермек. Алдыңғы күні «Батыс-2» тұрғын үй массивіндегі  Шығармашылық академиясы ғимаратында өткен қала тұрғындары алдындағы алғашқы есеп беру кездесуінде қала әкімі Ілияс Испанов қаланың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысымен бірге, биылғы алда тұрған міндеттерге де жан-жақты тоқталды. Қала әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру ...

Жалғасы »

Мәжіліс депутаттары Шәмші Қалдаяқов атындағы ауылға барды

Қарғалылықтар өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарына мемлекеттік қолдаудың нәтижелілігін көрсетті. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Әлия Сапарова, Сәкен Қаныбеков, Павел Казанцев және Петр Шарапаевтар Қарғалы ауданының Желтау селолық округіне қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы ауылға барды. Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев оларды өткен жылы пайдалануға берілген «АкТеп» ЖШС-ның көкөніс қоймасына апарды. 200 гектар жерге картоп егіп, одан ...

Жалғасы »

«150 игі іс»: 36 баланы қуантты

Ақтөбе қаласының 150 жылдық тойы аясында қолға алынған «150 игі іс» акциясы одан әрі жалғасын тауып жатыр. Соның бір көрінісі ретінде «ДОДО Пицца» мейрамханасында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық түскі асты айтуға болады. Мұндағы мақсат — ұл-қыздардың көңілін көтеріп, олардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысу. Осыны көздеген ұйымдастырушылар 36 баланы жаңа тамақтану орнында түскі аспен қамтыды. Ал ...

Жалғасы »

Артық аумақ және оңтайландыру нәтижесі

Брифинг Облыста былтыр барлығы 445 мемлекеттік мекеме түгендеуден өткізіліп, соның нәтижесінде мемлекеттік органдардың 19744 шаршы метр алаңды қамтамасыз ету талаптарын сақтамағандығы анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басшысының орынбасары Рафхат Бисенов және аталған департаменттің әкімшілік басқармасының басшысы Ераман Хайруллин қатысқан баспасөз мәслихатында мәлім болды. Р.Бисеновтің айтуынша, департамент ...

Жалғасы »