Daily Archives: 4 Ақпан 2019

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру тезистері

Құрметті жерлестер! 2018 жылды біз «Экономикалық серпіліс жылы» деп жарияладық. Осылайша  экономикалық өсу қарқынын 5% деңгейінде сақтап қалдық. Өткен жылды біздің облыс барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң қарқынмен аяқтады. Өткен жылы Мемлекет басшысы алдымызға облысты дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөнінде міндеттер қойды, енді, міне, жылды қорытындылай келе, олардың орындалғаны туралы мәлім етуге болады. Оң нәтиже облыстың халқымен бірлесе атқарылған ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Ырғыз ауданы үшін табыстың көзі — мал шаруашылығы

Ырғыз — мал шаруашылығына қолайлы өңір. Шөбі шүйгін, суы мол. Алайда ілгерімен салыстырғанда өңірде  төрт түліктің саны аз. Ал мал басын көбейтпей ауданның экономикасын көтеру қиын. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан әкімі Мәди Елеусізовтің есеп беру жиынында осы салаға баса назар аудару керектігін ескертті. Облыс әкімі бұл есеп беру жиынына дейін Құмтоғай ауылында болып, одан соң Ырғыз селосын аралады. Округ ...

Жалғасы »

Аудан рейтингі неге төмен?

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Әйтеке би ауданын аралады. Ауданның Аралтөбе, Қияқты ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Комсомол селосында аудан әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстарының  есебін тыңдауға қатысты.   Аралтөбеліктердің алғысы Облыс әкімі алдымен Қияқты ауылы маңындағы «Әділ» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 2013  жылы құрылған қожалықта негізінен асылтұқымды мал өсіріледі. Қожалық басшысы Берік Аяпов «Сыбаға», «Алтын асық», ...

Жалғасы »

Қаланың экологиялық жағдайы қандай?

Ақтөбенің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар басшылық назарында және ол биыл да  жалғасады. Бұл туралы қала әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен қаланың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында өткен жиын барысында әңгіме болды. Кеңес барысында облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов пен «Ақбұлақ» АҚ-ның бас директоры Асан Ибраев қаланың атмосфералық ауасын жақсартудың жай-күйі мен жолдары тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, баяндама ...

Жалғасы »

Мәжіліс депутаттары «Нұр Ақтөбеге» барды

Өткен сенбі күні Ақтөбеге іссапармен келген Мәжіліс депутаттары «Нұр Ақтөбе» ауданындағы энерготиімділік орталығында болып, осы ғимаратта орналасқан орталықтардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, халық қалаулылары «7-20-25» бағдарламасы бойынша осы ауданнан пәтер алған ақтөбеліктердің қуанышымен бөлісті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын халық арасында түсіндіру мақсатында келген Мәжіліс депутаттары  — «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Петр Шарапаев, Сәкен ...

Жалғасы »

Ақтөбеде қос тұлғаның есімі ұлықталды

Өткен жұма күні Ақтөбе қаласындағы Ә.Кекілбаев атындағы №72 орта ITмектеп-лицей ғимаратында «Өткен мен бүгіннің арасы: ғибратты ғұмыр, ғұлама тұлға» атты ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен батыр Бөкенбай Қарабатырұлының тарихи тұлғасына арналған шара Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орайластырылды. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, зиялы қауым мен педагогика саласының өкілдері, оқушылар қатысқан ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызметкерлер жалақысын көтеру үшін 2 миллиард теңге бөлінеді

Облыста мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2 миллиард теңге  бөлінеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов мәлімдеді. — Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруді, бұл міндетті өңірлік деңгейдегі резервтер есебінен шешуді тапсырған болатын. Бұл мақсатқа Ақтөбе облысы 2 миллиард теңге қарастырып отыр. ...

Жалғасы »

№40 бағытқа 8 жаңа автобус берілді

Жұма күні Өнер орталығының мәжіліс залында өткен баспасөз мәслихатында «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай қала әкімдігіне жаңа 8 автобусты табыс етті. Қоғамдық көліктер алдағы уақытта №40 бағытпен жүріп, Батыс-2 ауданы мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аралығына қатынайтын болады. — Бүгінде тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету ең маңызды мәселелердің бірі екенін білесіздер. Өткен жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыс ...

Жалғасы »

Халық қалаулылары қабылдау өткізді

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Сәкен Қаныбеков, Павел Казанцев, Петр Шарапаев және Әлия Сапаровалар «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру мақсатында өткен шарада  қала тұрғындары депутаттармен және құзырлы мекеме өкілдерімен тікелей тілдесіп, сұрақтарына жауап алды. Тұрғындар, әсіресе, кәсіпкерлік, тұрғын үй және жұмыспен қамту мәселелеріне ...

Жалғасы »