Daily Archives: 1 Ақпан 2019

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Үкімет отырысы басталар алдында Нұрсұлтан Назарбаев «Үкімет үйі» ғимаратының фойесіне қойылған цифрлық тақтаны көрді. Онда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылғы іске асырылу нәтижелері туралы ақпарат және Электронды үкіметтің Ахуалдық орталығының мәліметтері енгізілген. Кеңейтілген отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысы талқыланып, экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалды. Отырысты ашқан Қазақстан Президенті 2018 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық көрсеткіштердің жақсара ...

Жалғасы »

Елбасы облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді

Қазақстан Президенті халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру мемлекеттің негізгі міндеті саналатынын айтты. – Ең бастысы – әлеуметтік мәселелер, коммуналдық қызметке қатысты тарифтер, аса қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасы. Мұның бәрін сіздер айрықша бақылауда ұстауларыңыз керек, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев жылу беру маусымы аяқталғанға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ күннің жылынуына байланысты ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды сапалы әрі дер кезінде орындауымыз керек

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде жиын өтті. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды облыста жүзеге асыру жайы айтылды. Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, құқық қорғау, қаржы институттары мен банк саласының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, кәсіпкерлер қатысты. Аудан әкімдері онлайн ...

Жалғасы »

Балалар бақылаусыз қалмауы тиіс

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі  облыстық комиссияның Ақтөбе политехникалық колледжінде өткен көшпелі  отырысына  қатысушылар  осындай қорытындыға келді. Көшпелі отырыс тақырыбы — жасөспірімдер қылмысы мен оның себеп-салдары. Жиынды  ашқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов 11 қаңтарда  мектеп және колледж директорларымен кеңейтілген отырыс өткізіп, тәрбие жұмыстары туралы есептерін тыңдағанын жеткізді. Баяндамалар сенімді естілгенімен, істің шындығы басқаны көрсетті. Құқықбұзушылыққа барған мектеп оқушылары мен колледж ...

Жалғасы »

Жастарды кәсіпкерлікті дамытуға шақырды

Кездесу Кеше облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Павел Казанцев С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы базасындағы коворкинг орталығында болып, «Жас Отан» жастар қозғалысы белсенділерімен кездесті. Кездесуге негізінен қаламыздағы екі жоғары оқу орны — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен қазақ-орыс халықаралық университетінің және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Олардың таңдаған мамандықтары да ...

Жалғасы »

Бақ өкілдері Алға ауданын аралады

Бейсенбі күні облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Алға ауданының Бестамақ ауылында «Алға ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2019 жылға арналған міндеттері» тақырыбында көшпелі баспасөз мәслихаты өткізіліп, БАҚ өкілдеріне ақпараттық баспасөз туры ұйымдастырылды. Шаруалар жайы және жаңа үлгідегі кеңсе Баспасөз туры Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына аудан атынан сыйға тартылатын жобаның таныстырылымымен басталды. Облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» ескерткіші маңына жиналған БАҚ ...

Жалғасы »

50 адамға заңгерлік кеңес берілді

Бейсенбі күні Өнер орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға заңгерлік кеңес берілді. Жыл басталғалы алғаш рет қолға алынып отырған бастама ақысыз негізде жүзеге асты. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова, сала мамандары қатысқан акцияда алдымен оның маңызы түсіндірілді. Мақсат — мүгедек жандарға жан-жақты көмек көрсету, оларды қоғамдық ортаға бейімдеу. Ұйымдастырушы — «Алаш» қоғамдық бірлестігі. — Елбасының өзі ...

Жалғасы »

Димаштың «Арнауы»

Жаз айында Астанада талантты әнші Димаш Құдайбергеннің Жастар жылына арналған және Астана күніне орайластырылып «Арнау» атты концерті өтпекші. Бұл бағдарлама аясында тыңдаушы қауымға қазақтың халық әндері, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, француз, ханзу және итальян тілдерінде қазақстандық және шетел эстрадасы хиттері ұсынылмақшы. Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Қарин телеканал «Арнау» жобасының ұйымдастырушылық тізгінін қолға алатынын ...

Жалғасы »

Қаңтар: қарқынды істер бастауы

Шолу Жыл басы — қаңтарда әдетте алдағы атқарылар көп шаруаның жоспары жасалады. Сондықтан да бұл айды жақсы үміттің, игі істердің бастауы ретінде қарастыруға болады. Қаңтарда күннің қарға адым ұзаруы да адамдардың көңілін сергітіп, алда келетін көктемнің бір хабарын сездіргендей әсерін тигізеді. Сонымен, қаңтарда не атқарылды? Аз-кем әңгіме сол төңіректе болмақшы. Жастар жылына — жалынды істер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ...

Жалғасы »

Ақпараттық топтар оқу орындарына барды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында студенттермен кездесу өтті. Басқосуға облыстық ішкі саясат басқармасының жанынан құрылған ақпараттық топтың және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек қатысып, Елбасы мақаласының мән-маңызына кеңінен тоқталды. — Жас ұрпақ «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы тарихымызды танып, өркениеті дамыған 30 ...

Жалғасы »