Басты бет » 2019 » Ақпан

Monthly Archives: Ақпан 2019

Облыс әкімі тағайындалды

Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс активіне Ақтөбе облысының жаңа әкімі Оңдасын Оразалинді таныстырды.   Облыс әкімдігінде өткен актив жиынында Үкімет басшысы Асқар Мамин: — Елбасы Жарлығы бойынша Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысы әкімі қызметінен босатылып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Ол осы облысты 4 жылға жуық басқарды. Бердібек Машбекұлының басшылығымен іске асырылған жұмыстардың нәтижесінде Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық ...

Жалғасы »

Оңдасын Сейілұлы ОРАЗАЛИН

Тағайындау О.С.Оразалинді Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы  Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті                           Н.НАЗАРБАЕВ.  Астана, Ақорда, 2019 жылғы 26 ақпан №857.   Оңдасын Сейілұлы ОРАЗАЛИН 1963 жылы туған. 1985  жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1985-1986, 1987-1988 жылдары — ...

Жалғасы »

Асқар Мамин — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Тағайындау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды. — Ол жұмыс істеген жылдары өзіне сеніп тапсырылған қызметтерде нақты нәтижелерге қол жеткізді. Асқар Ұзақбайұлы өзін тәжірибелі менеджер ретінде көрсетті. Жаңа Үкіметтің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Асқар Ұзақбайұлы Маминнің кандидатурасын лайықты деп санаймын, — деді Мемлекет ...

Жалғасы »

Алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мектеп пен балабақшаларда мәселелердің алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Айта кету керек, әлеуметтік желіде балабақшаның тәрбиешісі балаларға қарсы күш қолданып жатқаны туралы бейнежазба таратылуда. Бұл оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында Бадамша ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында болғанын хабарлаймыз. Оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылды, балабақша меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау туралы ...

Жалғасы »

Үш отбасыға баспана берілді

Ақтөбе қаласында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен көпбалалы және жалғызбасты үш ана баспаналы болды. Кәсіпкерлер «Нұр Ақтөбе» шағын ауданынан екі бала тәрбиелеп отырған 2-топ мүгедегі Шолпан Әбетоваға, жалғызбасты ана Гүлпаран Байбосыноваға және алты баланың анасы Алтынгүл Кәрібаеваға пәтер кілтін табыстады. Сондай-ақ демеушілердің қолдауымен көмекке мұқтаж 20 анаға «Анвар», «Дина» сауда желілерінен сауда жасау үшін 25 мың теңгенің сертификаты және 17 әйелге «Зәру» ...

Жалғасы »

18 ақтөбелік қоларбаға ие болды

1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында 18 ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі азамат арнайы кресло-арбаларға қол жеткізді. Қазақстандық «Уақып» қайырымдылық қорының демеушілігімен алынған арбаларды «ДОС» тәуелсіз өмір» біріккен мүгедектер қоғамы орталығының мамандары арнайы келіп жинақтап берді. Ақтөбе қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған игі шара Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігі ғимаратында өтті. Шараға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал ...

Жалғасы »

«Ана тілім — тұғырым»

Байқау Ақтөбеде, Жастар жылы аясында, «Ана тілім — тұғырым» атты қалалық байқау ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған байқауды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қалалық филиалы бірігіп ұйымдастырды. Байқауды өткізуге Ақтөбе қаласының әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы қолдау көрсеткен. — Биылғы жыл елімізде Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Жастар — біздің болашағымыз. Тіліміздің ...

Жалғасы »

«Ел үшін туған ер Сәрке»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бадамша селосында ұйымдастырылған «Ел үшін туған ер Сәрке» атты ғылыми-танымдық конференцияға жергілікті тұрғындар көп жиналды. Тарихи деректерге үңілсек, Сәрке — 1726 жылы Жайық бойында болған қалмақтың отыз мыңдық жасағымен үш күндік шайқаста Әбілқайыр хан мен Тайлақ батыр бастаған қазақ әскерінің құрамында ерлік көрсеткен халық батыры. Осы ұрыста қазақ батырларының екпініне тойтарыс бере алмаған қалмақтар қолдарына ақ ...

Жалғасы »

Қарияға көмектесіп, батасын алды

150 игі іс Ақтөбе қаласының 150 жылдығына байланысты қалалық әкімдіктің қолдауымен жастар ресурстық орталығы «150 игі іс» атты акцияны қолға алған болатын. Жыл басынан басталған акцияға қаладағы барлық жастар ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, білім ордалары, басқа да әлеуметтік мекемелер өкілдері белсене қатысып жатыр. Акция мақсаты — әрбір азаматты игі істер жасауға шақыру, адамдардың бір-біріне мейіріммен қарауына, айналасына қайырымды болуға үндеу. «150 ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызметшілер ақынмен кездесті

С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында белгілі ақын, «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлының шығармашылық кеші өтті. Шараға аталған департаменттің өкілдері, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, студенттер мен жыр сүйер оқырман қауым қатысты. Ұлттық рухты нығайтуға, мемлекеттік ...

Жалғасы »