Daily Archives: 7 Қаңтар 2019

Құрметті ақтөбеліктер!

Облысымыздың барлық православ христиандарын жарқын да қуанышты мереке —  Рождествомен  шын жүректен құттықтаймын! Бұл қасиетті күн — адамдар арасындағы мейірімділікті, кешірімділікті, шыдамдылық  пен сүйіспеншілікті бейнелеп, жаңа өмірдің басталғанын сипаттайды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлік пен дәстүрлі мәдени құндылықтарды сақтауға негізделген  дана дінаралық саясатының арқасында  бүгінде Қазақстанда  татулық пен  тұрақтылықтың мерейі үстем боп тұр. Мерекемен құттықтай отырып, облысымыздың әрбір тұрғынына, әрбір ...

Жалғасы »

Құрылыстар қайта жаңғыртылуда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласында ұзақ уақыт бойы салынып жатқан, бүгінде  құрылысы қайта жаңғыртылған нысандарды қарап шықты.  Облыс басшысы «Мизам» ЖШС-ның Оңтүстік-Батыс ауданындағы 2014 жылдан бері құрылысы тоқтап қалған бес қабатты алты тұрғын үйдің тұрғын үй алабында болды. Төрт жылдан кейін нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта жаңғыртылды. Бүгінде сумен жабдықтайтын, кәріз және газбен жабдықтайтын сыртқы желілер жүргізіліп, пластик терезелер қондырылды, ...

Жалғасы »

«Сауықтыру мен демалу орындарын көптеп ашу керек…»

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы жаңа әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен облыс әкімі Украинка ауылында 300 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектептің құрылысымен танысты. Екі қабатты ғимаратта балалардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалмақ. Мектепте асхана, спорт зал және акт залы бар. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жеделсаты мен автоматтандырылған пандус та қарастырылған. Бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, ...

Жалғасы »

Құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік жедел штабтың кезексіз отырысында құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыстың жалпы деңгейін төмендету мәселелері қаралды. Оған құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері қатысты. Жиынды ашқан облыс әкімі жылдың алғашқы күндерінде облыс аумағындағы қылмыстың 3 пайызға өскенін атап өтті. 1-3 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласы, Алға, Мұғалжар, Хромтау, Ойыл аудандарында 60 құқықбұзушылық ...

Жалғасы »

Бүгін — Рождество мерекесі

Биыл да дәстүр бойынша қазақстандықтар әлемдегі барлық православ христиандарымен бірге Рождество мерекесін атап өтеді. Рождество — Иисус Христостың туған күні. Христиандар бұл мерекені жиырма ғасыр бойы тойлап келеді. Рождество мейрамын католиктер 25 желтоқсан күні, ал православтар 7 қаңтарда тойлайды. Біздің елімізде адамдарды мейірімділікке, ізгілікке шақыратын, сүйіспеншілік пен рақымшылыққа баулитын барлық діндерге бірдей құрметпен қарайды. Рождество түнінде дүние жүзінің православтары шіркеулер мен ...

Жалғасы »

Жақсы жобаның жалғасы

Ел рухын көтерген мақала Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өзінің мазмұны мен мәні жағынан, орындалуы тиіс жобалардың бағыты бойынша бір жарым жыл бұрын жарық көрген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Әлемнің озық елдерінің мақтан тұтатын тарихи мұрасын мысалға келтірген Елбасы біздің де тарихымыз тереңде жатқандығын атап өтті. Бірнеше бөлімнен тұратын мақалада Нұрсұлтан Назарбаев өткен тарихты зерттемей, болашаққа қадам ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлер қытайлық инвесторлармен кездесті

Облыстық кәсіпкерлер палатасында ақтөбелік кәсіпкерлер Қытайдың Тяньцзин қаласының мемлекеттік ет өнімдері корпорациясы өкілдерімен кездесті. Басқосуға қытайлық Xinjiang Sunshine International Trading Ltd компаниясының басшылары мен аймақтағы мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін «Тандем», «Жаңа тұрмыс» және «Жантізер» серіктестіктерінің өкілдері өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Жиында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов жобаның маңыздылығына тоқталды. Қытай инвесторлары облыста ет өнімдерін сатып алып қана қоймай, ...

Жалғасы »

Жүйелі бақылау — білім сапасының негізі

«Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалауға тиіс».  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВ. Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті өткен жылы білім беру мекемелеріне 86 тексеру жүргізді. Оның 50-і жоспарлы жұмыс болса, қалғаны арыз-шағымдар негізінде тексерілген. ...

Жалғасы »

Қайырымдылық — ізгіліктің төресі

Жұма күні «SHANIRAQ Aqtobe» қоғамдық қоры Ақтөбе қаласы мен Алға ауданында кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Қоғамдық қордың директоры Еділ Аймағамбетов бастаған топ алдымен Алға ауданына қарасты Есет батыр ауылында болып, ауыл тұрғындары Сергей Филипко мен Бибісұлу Құрманалинаның үйіне азық-түлікпен қатар әрқайсысына 2 тоннадан көмір апарды. — Туғаннан осы ауылда тұрып келемін. Жергілікті билік өкілдеріне рақмет. Қолдарынан келгенше көмектерін аямайды. Бүгін ...

Жалғасы »

Нұраға ұялы байланыс орнатылды

Өткен жылы ҚР Тұңғыш Президенті күні Нұра, Мамыр, Белшер ауылдарына ауызсу құбыры тартылғаны туралы жаңалықпен  көпшілік хабардар болған еді. Ал соның жалғасындай болып жақында Нұра ауылында «Билайн» ұялы байланыс қондырғысы орнатылып, іске қосылды. Енді Нұра ауылдық округінің төрт елді мекені түгелдей ұялы байланыс қызметін пайдалануға қол жеткізді. «Билайн» байланыс қондырғысының ашылуына арналған  салтанатты жиында Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Қызбергенов  ...

Жалғасы »