Daily Archives: 4 қаңтар 2019

51 сәби дүниеге келді

Жаңа жылды қарсы алар күні, яғни 31 желтоқсанда  облыста 51  бала дүние есігін ашқан. Оның 27-сі — ұл,  24-і — қыз бала. Мереке қарсаңында сәби әкелген аналарды перзентханалардың басшылығы ескерусіз қалдырған жоқ. Мәселен, Ақтөбе медициналық орталығында 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күні 15 бала өмірге  келсе, оның ішінде үш ер бала дәл Жаңа жылды қарсы алар түні дүние есігін ашқан. ...

Жалғасы »

Облыс әкімі Нарқызды жаңа жылымен құттықтады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы №28 орта мектептің 11-сынып оқушысы Нарқыз Исимованы Жаңа жылымен құттықтады. Нарқыз денсаулығына байланысты сабақты үйде оқиды. Мүмкіндігі шектеулі балаға үйде барлық жағдай жасалған. Бұл күні Нарқыз тұратын үйге Аяз ата мен Ақшақар да келіп, оны ерекше қуанышқа бөледі. — «Бақытты бала» жылын бекерден-бекер жариялаған жоқпыз. Соңғы кездері қайырымдылық шараларын көп өткізіп жүрміз. Біз кәсіпкерлерді, ...

Жалғасы »

Коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

Брифинг Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру мақсатында 1 қаңтардан бастап облыс тұрғындары үшін коммуналдық қызметтерге тариф төмендеді. Бұл туралы кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов және табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрлан Болатбаевтар өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистерге өткізген ...

Жалғасы »

Отшашудан зардап шекті

Мереке күндері ақтөбелік жедел жәрдем дәрігерлер әдеттегіден артық жұмыс істеді. Әсіресе, Жаңа жылды қарсы алар түні дәрігерлерде тыным болмады. 31 желтоқсан күні кешкі сағат 18.00-ден бастап таңғы сағат 8.00-ге дейін тұрғындардан 400-ге жуық қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы  383 шақыртуға барса, дәрігерлер 18 адамға телефон арқылы кеңес берген. Шағымдардың басым бөлігі балалардың қызуы көтерілуіне қатысты болса, жедел коронарлық синдром бойынша ...

Жалғасы »

Раукен ОТЫНШИН, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры: Оқырманмен байланыс нығая түседі

Жыл тоғысында әдетте өткенді қорытындылап, алдағы межелерді айқындау дағдысы қалыптасқан. Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерін, «Ақтөбе», «Адырна», «Үш таған» журналдарын, сондай-ақ «Ақтөбеньюс» сайтын біріктіретін «Ақтөбе Медиа» ЖШС жаңа — 2019 жылға қандай жоспарлармен қадам басқалы отыр? Біз осы мәселе төңірегінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен ОТЫНШИНМЕН сұхбаттасқанбыз. — Сонымен, 2019 жылдың алғашқы күндерін ...

Жалғасы »

Ойын ойнады, сыйлық алды

Өткен жұма күні Ақтөбе қаласындағы «Юрта» мейрамханасында Алматы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық шырша өтті. Оған 150-ге жуық бала қатысты. Шарада Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова балаларды мерекелерімен құттықтады. — Биыл Ақтөбе қаласында Жаңа жыл мерекесі ерекше өткізіліп жатыр. Бес ауданға шырша орналастырылып, қаламызда мыңдаған ертеңгіліктер, жаңажылдық шыршалар ұйымдастырылып ...

Жалғасы »

Біз бірге келеміз!

Оқырман ойы Мен ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек еттім. Кеңестік шаруашылықтар кезінде ауылдағы жұмыстың дені техникамен атқарылғаны белгілі. Бір кеңшардың өзінде автомобильдер, тракторлардың бірнеше маркілері болатын. Олардың жарақтылығын бақылау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен шұғылданатын техникалық қадағалау мекемесі болды. Мен ұзақ жылдар Байғанин ауданында осы мекемені басқарып, қызмет бабымен барлық шаруашылықтарды жиі аралап тұруыма тура келді. Әрине, елді аралаған ...

Жалғасы »

Портрет пен селфи: көрме 15 қаңтарға дейін жалғаспақ

Облыстық Өнер музейінде «Селфи кезіндегі портреттер» көрмесі ашылды. Оған кәсіпқой суретшілерден бөлек, әуесқойлар да қатысты. Көрермен назарына барлығы 90 жұмыс ұсынылды. Облыстық өнер музейінің ғылыми қызметкеріІңкәр Әлібекованың айтуынша, көрмеге қатысуға ниет білдірген 20-дан астам ақтөбеліктің жас айырмашылығы әртүрлі. Олардың арасында Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Мақсұт Жаханов, Манас Қожағұлов, Айдар Еспаев, Марат Ғабдрахманов, Ғалымжан Сүйінов, Гүлден Аязбаева, Айгүл Құрманалина, Евгения Сухотина, ...

Жалғасы »

Ақынға арналып кабинет ашылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультетінде «LINGUISTICS-UP және сандық технологиялар» жобасы аясында Амантай Өтегенов атындағы кабинет ашылды.  Аталған шараға зиялы қауым өкілдері мен университеттің оқытушылары, студенттері қатысты. Шарада белгілі ақын, аудармашы Амантай Өтегеновке арнап ашылған кабинеттің лентасын ақын, публицист, «Адырна» журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы мен филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Пангереев қиып, ардагер ұстаздар шашу шашты. Кабинеттің ...

Жалғасы »

Қос ауылдың қуанышы

Шалқар ауданының Байқадам ауылында қараусыз қалған ескі Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, Мөңке би ауылдық округіндегі «Балдәурен» балабақшасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Ауыл тұрғыны Сейіл Үмбеталиннің айтуынша, ескі Мәдениет үйі 1981 жылы бой көтерген. Кейін бұл ғимарат көп жылдар бойы бос тұрды. Биыл аудан әкімшілігінің қолдауымен жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілді. Мәдениет үйінің салтанатты ашылуында ғимаратты жөндеуге демеушілік жасаған ауыл ...

Жалғасы »