Daily Archives: 4 желтоқсан 2018

«Ауыл — ел бесігі»: жаңа ғимараттар — жұртшылық игілігіне

ҚР Тұңғыш Президенті күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс бабымен Байғанин ауданында болып, облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдарға барды, олардың дамуымен, жаңа нысандардың құрылысымен және ауыл халқының тұрмысымен танысты, сондай-ақ жұртшылықты мерекемен құттықтады. Аудан әкімі Асқар Шериязданов облыс басшысына жергілікті жағдайды, атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша таныстырды. Бердібек Сапарбаев ертемен Ақтөбеден 370 шақырым жерде орналасқан Жарқамыс ауылына келді. Ауыл биыл орталықтандырылған ...

Жалғасы »

Еңбек адамдарына 10 автокөлік берілді

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин мен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов агроөнеркәсіп кешенінің мамандарын мерекемен құттықтады. Жиында Мавр Абдуллин облыстың ауыл шаруашылығы саласы бойынша бір жылғы көрсеткішін баяндады. — Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан шаруалар тынбай еңбек етіп, өнімді мол алды. Егістен гектарына 11,7 центнерден өнім ...

Жалғасы »

Төмен бағамен сауда жасайтын жаңа дүкен ашылды

Президент күні Ақтөбе қаласындағы «Заречный-1» тұрғын үй массивінде жаңа ресейлік төмен бағалар желісі — «Светофор» дүкені салтанатты түрде ашылды. Жаңа сауда дүкенінің ашылуы Заречный, Жилянка, Кірпішті елді мекендерінің тұрығындары үшін қуанышты жаңалық болды. Шараның ашылуына қатысқан Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов жаңа дүкенді аралап, тауарлардың бағаларымен танысып шықты. — Біз жергілікті тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етуге тырысамыз. Мұндағы ...

Жалғасы »

Әскери қызметшілерге пәтер кілттері табысталды

Ақтөбеліктер Тұңғыш Президент күнін кең көлемде атап өтті. Орталық саябақта мерекелік, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, Арбат саябағының бойына жиналған тұрғындарды қала әкімі Ілияс Испанов мерекемен  құттықтады. Сондай-ақ бұл күні 12 әскери қызметшіге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында орналасқан коттедждердің кілттері табысталды. Олардың барлығы — көпбалалы отбасылар. Қуаныш иелерін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов құттықтады. — Бүгінгі қоныстойларыңыз ...

Жалғасы »

Елбасының сүйікті әуендері

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күнінде Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Елбасының сүйікті әуендері» атты спектакль-концерт өтті. Мәдени шара алдымен театрландырылған қойылыммен басталып, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниеге келу сәтінен бастап, есейген шағы, алғаш жұмыс кіріскен жылдары сахналанды. Әнмен өрілген спектакльде Мемлекет басшысының зайыбы Сара Алпысқызымен қалай танысып, отау құрғаны да қамтылды. Бүгінгі күнге дейін жүріп өткен жолдары көрсетілген қойылым барысында ...

Жалғасы »

«Тығырықтан жол тапқан» фильмі көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында металлургтер үшін «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. «Тығырықтан жол тапқан» — «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі. Еуразия Тобына (ERG) қарасты «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы — Ақтөбе темірқорытпа зауытында фильм ұжым еңбеккерлерінің бастамасы бойынша жұмыс орнында көрсетіледі. Фильмді алғашқы күні тамашалағандардың бірі — зауыттың техникалық бақылау бөлімінің бақылау шебері Диляра Нұрғожина: —  Фильм, ең бастысы, ...

Жалғасы »

Өрттен зардап шеккен үйлер қалпына келтірілуде

Қазан айында Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы 9 қабатты №73 үйден өрт шығып, тілсіз жаудан 30 пәтер зардап шеккен болатын. Тұңғыш Президент күні Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пәтерлерге жүргізілген жөндеу жұмыстарын көрді. Өрттен зардап шеккен үй иелерін мерекемен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Қазіргі таңда 15 пәтер жаңартылып, 4 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 29 пәтерге пластикалық терезелер мен есіктер орнатылды. Бұл жұмыстардың ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлікті дамытуға арналды

Кездесу Жұма күні «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы ғимаратында «Шекаралық әріптестіктен Еуразиялық интеграцияға дейін» атты квест-сессия өтті. Бұл шараға шекаралас Ақтөбе-Орынбор облыстарының мемлекеттік органдарының қызметкерлері  мен кәсіпкерлері қатысты. Кездесу сұрақ-жауап түрінде өтіп, негізінен әңгіме шекара аймағындағы кәсіпкерлік қызметтерді жүзеге асыру, екі ел азаматтарының құқығын сақтау мәселелеріне байланысты өрістеді. Квест-сессияда Ресей жағынан Орынбор облысының кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі өкілі В.Коршунов, ...

Жалғасы »

85 адамға партия билеті табысталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 85 ақтөбелік  «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылданды. Салтанатты шарада партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова жиналғандарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, партия билеттерін табыс етті. — Бүгінде экономикасы өркендеп, жылдан-жылға қарқынды дамып келе жатқан қазақ елін әлем таниды. Өйткені Елбасымыз бізді биік белестер мен жарқын жеңістерге батыл бастап келеді. Елбасы салған даңғыл жолдан ...

Жалғасы »

Қатерлі дертке қарсы шаралар баяндалды

Брифинг 1 желтоқсан —  Дүниежүзілік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес күні. Осыған орай облыстық жұқтырғыш иммундық тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы өтті. Шараға «Ақтөбе Арасан» ЖШС, облыстық жастар ресурстық орталығы, облыстық ішкі істер департаменті мен облыстық білім басқармасының өкілдері қатысты. Жиында эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу және адам иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) ...

Жалғасы »