Басты бет » 2018 » желтоқсан

Monthly Archives: желтоқсан 2018

Құрметті ақтөбеліктер!

Өтіп бара жатқан 2018 жыл тарих шежіресіне еніп, маңызды оқиғаларымен есте қалды. Біз оны терең ризашылық сезіммен шығарып салайын деп тұрмыз. Өйткені, біз жоспарлаған және үміттенген дүниелерді жүзеге асыра алдық. Биыл біз Астананың 20 жылдығын атап өттік. Ақтөбеліктер өңірде жұмыс жасап жатқан ірі кәсіпорындардың қолдауымен Елорданың бас алаңында замандастарға бейбітшілік құндылығын еске салатын және өткеннің қайғылы оқиғаларының қайталануына жол бермейтін ...

Жалғасы »

Қазақ мәдениетін әлемге Димаш секілді тұлғалар танытады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жыл мерекесінің алдында отандық БАҚ өкілдерінесұхбат берген болатын. Бұл кездесуде Елбасы биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сұхбат барысында Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төңірегінде сөз қозғап, қазақтың мақтанышына айналған Димаш Құдайбергеннің өнеріне қатысты пікірін білдірген болатын. — «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы — Қазақстанның мәдениетін батыста насихаттау. Мысалы, Америка Құрама Штаттары ...

Жалғасы »

Жыл соңы: 12 әлеуметтік нысан ашылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңажылдық іс-шараларды өткізу мәселесіне байланысты жиналыс өткізді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова жаңа жыл қарсаңында облыста 170-тен аса ауқымды шара өткізілетінін жеткізді. Оның айтуынша, өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндері облыс аудандарында 12 жаңа әлеуметтік нысан ашылмақ. Атап айтқанда, сенбіде Алға ауданының Ақай ауылына ауылішілік газ құбыры қосылып, тұрғындарды бір қуантса, Алға қаласында орналасқан ...

Жалғасы »

«Жомарт жүрек» көп жүректерді жылытты

Ақтөбеде алғаш рет облыс аумағындағы меценаттардың қатысуымен «Жомарт жүрек» атты қысқы қайырымдылық балы өтті. Жекпе-жек сарайында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, жылы лебізін білдірді. — Жалпы, 2018 жыл ақтөбеліктер үшін табысты жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды біз толығымен орындадық. Облыстың барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері былтырғыдан, республика көрсеткіштерінен жоғары. Бұл, әрине, ақтөбеліктердің ...

Жалғасы »

«Юнис Сити» тұрғын үй кешені назарда тұр

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс тобының «Юнис сити» тұрғын үй кешенінің мәселесін шешуге қатысты отырысын өткізді. Отырысқа құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, «ForteBank» өкілі қатысты. Жұмыс тобының жетекшісі, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, бұдан бұрынғы отырыстан бергі уақыт ішінде 20 азаматқа «Юнис сити» пәтерлерін жекеменшік құқығына рәсімдеуге қолдау көрсетілген. Барлығы 86 пәтердің тұрғынына жекеменшік құқығы рәсімделді. Жиын қорытындысы ...

Жалғасы »

Облыс әкімі жастарға кітап сыйлады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін алда келе жатқан Жаңа жылымен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Облыс әкімімен бірге жастарды облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, еңбек ардагерлері мен «Нұр Отан» партиясы жастар қанаты өкілдері де құттықтады. — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатының артуын ұдайы назарда ұстап келеді. Біздің жұмысымыздың негізгі  мақсаты да осы. Ең алдымен ата-анасының қамқорлығынсыз ...

Жалғасы »

Қарттарды құттықтады

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарын құттықтап, сыйлықтар табыстады. Олардың жағдайымен танысып, мерекелік кешті тамашалады. Аталған қызмет көрсету орталығының директоры Ермек Бейсқалиевтің айтуынша, жылдан-жылға орталыққа келетін қарттардың саны азайып келеді. Бүгінде мұнда 224 қарт қамқорлыққа алынған. Оның 93-і бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар. Шара ...

Жалғасы »

Армандар орындалады!

Жаңа жыл қарсаңында ақтөбелік Есқалиевтер отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтер иелерін бейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала әкімі Ілияс Испанов, қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова арнайы құттықтап барды. Қоныстойын тойлап жатқан ерлі-зайыпты Марал мен Наталья — бірінші және екінші топтағы мүгедек жандар. 2012 жылы көлік апатына түскен Марал қарттар мен мүгедектер интернат-үйіне барады. Сонда Натальямен танысып, кейін екеуі отбасын ...

Жалғасы »

Мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

Жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Анаға тағзым» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығында облыстың мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. Жаңа жыл қарсаңында өткен кездесу барысында бірқатар мәдениет саласының қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. — Санаулы күндерден кейін 2018 жыл тарихтың қойнауына кетіп, жаңа 2019 жылды қарсы алғалы отырмыз. Өтіп бара жатқан ит жылы еліміз үшін де Ақтөбе ...

Жалғасы »

Сәбилер үйіндегі мереке

Облыс және қала басшылығы жаңажылдық мерекемен кішкентай сәбилерді де құттықтады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов жетім балалар мен ата-анасының қамкорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге және медициналық көмек көрсетуге арналған «Үміт» сәбилер үйіне барды. Б.Сапарбаев ғимаратты аралап шығып, мекеме ұжымы мен кішкентайларды жаңажылдық мерекемен құттықтады. — Осында тәрбиеленіп жатқан балалардың әкесі де, шешесі де сіздерсіздер. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ...

Жалғасы »