Daily Archives: 8 қараша 2018

Облыс Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Өзбекстан экономиканың әртүрлі салаларында ынтымақтастықты нығайтады. Кеше өткен кездесуде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Науаи облысы әкімінің орынбасары Фахриддин Солиев осындай келісімге келді. Кездесуде облыс басшысы Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты жолға қою елдің сыртқы саясатының стратегиялық бағыты болып табылатынын атап өтті. — Осы жылдың тоғыз айы ішінде Ақтөбе облысының Өзбекстанмен арадағы ішкі тауар айналымы 11,4 миллион АҚШ долларын ...

Жалғасы »

Баспана алу үшін бастапқы жарна 10 пайызға төмендетілді!

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына пәтер сатып алу үшін қарыз беру туралы меморандумға қол қойды. Жоба аясында облыстық әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтарды қаржылай қолдау қарастырылып отыр. Яғни, меморандумға сәйкес, азаматтар ...

Жалғасы »

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының басшысы ауысты

Облыстағы ірі кәсіпорындардың бірі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының басшысы ауысты. Бес жылдан бері компанияның бас директоры қызметін атқарып келе жатқан Ван Цзюньжэньнің орнына Вэй Юйсян тағайындалды. Жаңа басшыны компания ұжымына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «СНПС-Интернационал» компаниясының Қазақстандағы бас ди⁠ректоры Биан Дыжы таныстырды. — Облыста қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындап жатырмыз. Ең негізгісі — экономиканың даму қарқынын төмендетпеу. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың ...

Жалғасы »

Жұмыссыз жастарға жол көрсетілді

Сәрсенбі күні Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінде Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова жұмыссыз жастармен кездесу өткізіп, биылғы Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндірді. Жұмыссыз жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, шағын кәсіп бастаудың қыр-сыры түсіндірілген басқосуға Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Бағжан Тілегенов, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлшат Қаңтарбаева, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қатысты. Кездесу барысында Күлпаршын Айдарханова Жастар жылы қарсаңында ақтөбелік ...

Жалғасы »

«Монополист» базасы іске қосылды

Анық-қанық ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде соңғы үш жылда атқарылған жұмыстарды саралау мақсатында жиын өтті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында инженерлік желілерді жаңғырту бағытында атқарылған іс-шаралар айтылды. — Бүгінде жалпы ұлттық бағдарлама бекітіліп, онда тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді. 2015-2022 жылдар аралығындағы ...

Жалғасы »

Оқушының өліміне кім кінәлі?

Брифинг Ақтөбе қаласында жедел жәрдем уақытында көрсетілмей көз жұмған жеті жастағы оқушы қыздың өліміне байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан тәуелсіз комиссия құрылды. Бұл туралы брифингте басқарма басшысының орынбасары Светлана Есенаманова мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, оқиға орын алғаннан кейін басқарма тарапынан Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне тәуелсіз комиссия құруға ұсыныс берілген. Қазір әлеуметтік желі арқылы таралған бейнематериал тексеріліп жатыр. — Облыстық ...

Жалғасы »

Балалар теңгені бейнеледі

Байқау Ұлттық валюта — теңгенің 25 жылдығына орай ҚР Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының қолдауымен өткен «Теңге балалардың көзімен» атты сурет байқауының қорытындысы жарияланып, үздіктер марапатталды. Аталған байқауға облыста тұратын 6-14 жас аралығындағы 100-ден астам оқушы қатысқан. Байқау барысында 6-10 және 11-14 жас аралығындағы балалар екі топқа бөлінген. Салтанатты шарада ҚР Ұлттық Банкінің ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызметшілер ақындармен кездесті

С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті ақындар Гүлжайнар Қалдина мен Индира Кереевамен кездесу өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменттің директоры Арман Бердалин, облыстық басқармалар мен ...

Жалғасы »

Еңбекақы көбейеді

  ЕҢБЕКАҚЫ 10-12 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙЕДІ Рахиб АЗИЗОВ, «Бабәк – Құрылыс» ЖШС директоры.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы — еліміздің маңызды саяси стратегиялық құжаттарының бірі. Биылғы Жолдауда, аты айтып тұрғандай, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, яғни тұрғындардың табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мәселелеріне барынша көңіл бөлінді. Мемлекеттің бизнес-қауымдастыққа көрсетіп отырған қолдауын да айта кеткен жөн: биылғы Жолдауда «Бизнестің жол картасы ...

Жалғасы »

Хабарлама

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-сі 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 ҚР ҰЭМ бұйрығымен (07.08.2018 жылғы өзгертулерімен) бекітілген «Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды (РӘТ) жүргізу және пайдалану қағидаларына» сәйкес «Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерін бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихаты шешімінің жобасы негізінде  өткізілген РӘТ қорытындысы бойынша  2018 жылы ...

Жалғасы »