Daily Archives: 6 қараша 2018

Мойымағандар әлемі

Форум Ақтөбеде, Мүгедектер күніне орай, «Парасатты өмір» атты аймақтық форум өтті. Форумға облыстағы мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер басшылары, аудандар әкімдерінің осы салаға жауапты кеңесшілері қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та осы форумның қонағы болды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл шарада мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларымен айналысатын ұйымдар өздерінің жыл бойғы жұмыстарын қорытындылайды. Бұл жолы да осы бағытта жүргізіліп ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Жобалар жұмыс жасауы керек

Кеше «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік  қоғамының өткен он айдағы атқарған жұмысы қорытындыланып, жыл соңына дейінгі жоспарлары туралы кеңес өтті. «Ақтөбе» индустриалды аймағында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңес отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, сондай-ақ облыстық басқармалардың басшылары мен кәсіпкерлер, компания өкілдері қатысты.   Кеңес отырысына дейін облыс әкімі бастаған топ Индустриалды аймақтағы бірқатар бизнес құрылымдардың, атап айтқанда «Зерде-Керамика», ...

Жалғасы »

Жаңа жылдан бастап жұмысшылардың жалақысы өседі

Елбасы Қазақстан хал­қына кезекті Жолдауында «Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, 28 мың­нан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тап­сырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсі­п­о­рындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды» деген болатын. Осы мәселеге байланысты облыстық әкімшілікте облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Президент тапсырмасын жүзеге асыру ...

Жалғасы »

Нұрислам Санаевқа пәтер сыйға тартылды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, еркін күрестің шебері Нұрислам Санаевпен кездесті. — Біз сенің Будапеште өткен әлем чемпионатындағы табыстарыңмен мақтанамыз. Бұл — біздің күллі еліміз үшін тарихи оқиға. Мемлекет басшысының саясаты нәтижесінде жыл сайын тұрғындарды дене тәрбиесімен және спортпен қамту ұлғаюда, спорттық жаттығу орындары қолжетімді бола түсуде. Біздің спортшыларымыздың жетістіктері қазақстандықтардың жас буынына салауатты өмір ...

Жалғасы »

Құрылыстың сапасын қатаң бақылауды тапсырды

3 қараша күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласындағы бірқатар ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарды аралады.  Облыс басшысы алдымен қала сыртындағы «СХФ Пригородный» ЖШС тұрақтандыру қорының көкөніс сақтау қоймасына барды. Бұл жерде картоп, пияз, қырыққабат, қызылша, т.б. көкөністер сақталған. Шаруашылық жылына 3,5 мың тоннадан астам картоп пен 2,5 мың тоннадан астам көкөніс өндіруді қолға алған. Қазіргі таңда шаруашылықта 45 ...

Жалғасы »

Тұрғындар мүддесі — басты назарда

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша ақпараттық  топ аудандарды аралап жүр. Осы аптада Мұғалжар, Темір аудандарының тұрғындарымен кездесулер өтті. Жоба бағыттары бойынша топқа бөлінген мамандар бизнес, құқық, дін, әлеуметтік сала бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың проблемасын шешуге ықпал етуде. Мәселен, жобаның бірінші бағытының бірінші тобындағы мамандардың негізгі мақсаты —  жұртшылықты жат ағымдардан сақтандыру. Темір ауданын аралап жүрген ақпараттық топтың  мүшесі, ...

Жалғасы »

500 мың теңге бастапқы жарнаңыз болса, пәтер ала аласыз

Анық-қанық Қараша айының 6-9 аралығында кезекте тұрған азаматтардан несиеге арзан пайызбен баспана алуға өтініштер қабылданады. Бұл туралы тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенова хабарлады. Оның айтуынша, кезекте тұрған азаматтарға бұл жолы бір бөлмелі пәтерлер ұсынылады. Ол үшін қалтаңызда кем дегенде 500 мың теңгедей қаражатыңыз болса, жеткілікті. —  Тұрғын үй «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында орналасқан. Барлығы 500 пәтер ...

Жалғасы »

Мақсат — отбасы татулығын сақтау

Өңірдің қоғамдық шараларына белсене атсалысып, медиация рәсімін жүргізуде өз үлесін қосып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың бірі — Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығы. 2013 жылы құрылған ұйым осы жылдар аралығында түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Орталық ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесе «Отбасы академиясы» жобасы аясында жұмыс жасап жатыр. — «Отбасы академиясы» жобасын біз ...

Жалғасы »

Қысқа қажеттерін қамдады

Жәрмеңке Жергілікті табиғи өнімнің артықшылығын бүгінде әр тұтынушы біледі. Мүмкін болса, дүкенге жүгірмей, қажетті азық-түлігін базардан, оның ішінде жәрмеңке күндері сатып алуға ұмтылады. Өткен сенбі күні қалада өткен жәрмеңкеден де біз осыны байқадық. Оның үстіне, бұл жолы  жәрмеңке қаланың қақ ортасындағы «Әлия» сауда орталығының алдында ұйымдастырылған еді. Қысқы азық-түлігін қамдап қалуды мақсат тұтқан қалалықтар жәрмеңкеге белгіленген уақыттан ерте ағылып келе ...

Жалғасы »

Рухани байланыс кеңейе түсті

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ресей федерациясының Орск қаласында қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған «Тіл — татулық тірегі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуді ұйымдастыруға Орск қазақтары автономиясының «Әлем» ұлттық-мəдени қоғамдық ұйымының төрағасы Құрмамбай Құмақбаев мұрындық болды. Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, Орск қаласы қазақ диаспорасымен ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында ...

Жалғасы »