Daily Archives: 1 қараша 2018

Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтанышымыз

Бүгінде Ақтөбе қаласындағы көптеген мемлекеттік мекеме ғимараттарында мемлекеттік рәміздер бейнелеген маңдайшалар жоқ. Ал облыс аудандарындағы кейбір мектептер рәміздерді өз заңдылықтары мен талаптарына сәйкес орналастырмаған.  Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова баяндады. Отырысқа облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ онлайн режимде аудан әкімдері қатысты. — Мониторингтің қорытындысы бойынша үшінші ...

Жалғасы »

Серпінді өсім қажет

Кеңес Облыстық әкімдікте облыстың экономикалық дамуының шешуші мәселелерінің бірі — кіріс бөлігі мен бюджетті игеру қаралды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңес барысында бюджеттің кіріс бөлігі мен оны игеруді орындау бойынша жылдың басынан бергі қорытындысы шығарылды. Кеңестің жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Ал аудан әкімдері кеңеске онлайн режимімен тартылды. Облыстық қаржы ...

Жалғасы »

Азаматтық қоғам — халық пен билік арасындағы алтын көпір

Форум Кеше Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының салтанат залында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың VІIІ облыстық форумы өткізілді. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің орынбасары Сергей Коновалов, Қазақстанның Азаматтық Альянсы төрағасының орынбасары Мұсағали Дуанбеков, сондай-ақ өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық ...

Жалғасы »

Әлеуметтік сала қызметкерлері алғысқа бөленді

Атаулы күн Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күніне орай бір топ қызметкерлер марапатталды. Аталған шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ұшқын Мыңбаев қатысып, әлеуметтік сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. — Бұл айтулы мереке — қарттар мен мүгедектерге, көпбалалы және күнкөрісі төмен отбасыларға аянбай қызмет етіп жүрген жандарға деген зор құрметтің белгісі. Олар кәсіби маман ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарамайтын мейірбан жандар. ...

Жалғасы »

Ел тірегі — Тәуелсіздік

Бәйгеге қатысыңыз  Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымы биылғы Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдығы, «Ақтөбе» газетінің 95 жылдығы құрметіне Журналистер одағының мүшелері, сондай-ақ жалпы қалам иелері арасында бәйге жариялайды. Бұл сайысқа газет оқырмандары да қатыса алады. Басты тақырып — Тәуелсіздік жетістіктерін насихаттау, Елбасы Жолдауында айтылған маңызды мәселелердің, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы. Конкурсқа 2018 жылы жарияланған мақалалар ...

Жалғасы »

«Е-коммерция»: бүгін және ертең

Осындай тақырыппен Ақтөбеде алғаш рет облыстың кәсіпкерлік субъектілеріне арналған семинар өтті. Мақсат — Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау. Шараны облыстық кәсіпкерлік және  мемлекеттік кірістер басқармасы  мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы ұйымдастырды. «Е-коммерция» —  интернет арқылы сату, онлайн. Әлемде сауданың бұл түрі кеңінен дамыған. Біздің елімізде де соңғы жылдары интернет жүйесі арқылы сауда жасайтындар мен сатып алушылардың қатары ...

Жалғасы »

Үкіметтік емес ұйымдар үлесі

Ақтөбе қаласы бойынша 2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бюджеттен 13 440 000 теңге бөлінген. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Елеусіз Нұрғалиевтың айтуынша, бұл қаржы қаладағы ең белсенді үкіметтік емес ұйымдардан түскен 7 жобаны қолдауға жұмсалып жатыр. Бөлім басшысымен Ақтөбеде өтетін үкіметтік емес ұйымдардың VІІІ облыстық азаматтық форумы алдында тілдескен едік. Әңгіме қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі мен олардың қызметіне көрсетілетін мемлекеттік қолдауға ...

Жалғасы »

Оқырмандармен жүздесті

Баспасөз — 2019 Осы аптада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Өтеулиев пен Айгүл Нұркеева Ойыл, Қобда, Алға аудандарын аралап, оқырмандармен жүздесті. Былтыр Ойыл ауданында облыстық газеттердің  күні өтіп, оқырман қауым  бір желпініп қалған болатын. Биылғы кездесу де жылы рәуіште өтті. Бас редакторлар «Ақтөбе Медиа» ЖШС құрамындағы басылымдардың жай-күйімен таныстырды. Облыс әкімінің қамқорлығымен облыстық газеттердің бір ғасыр ішінде  ...

Жалғасы »

Арнайы топтар ауылдарды аралап жүр

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы биыл 22 қазаннан басталды. Жоба аясындағы жұмыстар Ақтөбе қаласы мен облыстың алты ауданында жүргізіледі. Бір аптаның ішінде арнайы топ Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар, Темір аудандарын аралады. Осы уақыт аралығында қандай жұмыс атқарылды? Бұл туралы арнайы топ өкілдерінен сұрап білдік. Әлеумет Бағдарламалар түсіндіріліп, сауалнамалар жүргізілді ...

Жалғасы »

Барлық еңбеккерлердің жалақысы көбейтіледі

Асан ИБРАЕВ, «Ақбұлақ» АҚ бас директоры: — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз», — деп ...

Жалғасы »