Daily Archives: 11 қазан 2018

Әлеуметтік нысандар отынмен толықтай қамтамасыз етілді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында жылыту маусымына дайындық жұмыстарының өзекті мәселелері қаралды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дастан Аманов баяндағандай, дайындық жұмыстары аясында биыл облыс бойынша 586 қазандық, 238,9 шақырымдық жылу желілері, 482,3 шақырымдық сумен жабдықтау және су тарту желілері, 272,9 шақырымдық электрмен жабдықтау желілері, 1 590 әлеуметтік мекемелер мен 2,5 мыңнан аса көппәтерлі тұрғын ...

Жалғасы »

Саяси партиялар өкілдері қолдау білдірді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен Демократиялық күштердің «Қазақстан — 2050» аймақтық коалициясының кезекті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауы талқыланды. Жиынға саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиынды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов ашып, өз сөзінде халықтың әл-ауқатын көтеру ...

Жалғасы »

«Protecting Business and Investments» жобасы туғызған мүмкіндіктер

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді орындау мақсатында және «Protecting Business and Investments» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов «Green capital Kazakhstan» ЖШС өкілі Майкл Хондерспен  кездесу өткізді. Кездесу барысында жобаның маңыздылығы, алға қойған мақсаттары, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы, көрсетілетін мемелекеттік қызметтер сапасы ...

Жалғасы »

Тұрғындарды көмірмен қамту — бақылауда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығының жылыту маусымына дайындығын тексеру кезінде 41-разъезде орналасқан ең ірі көмір сату пункттерінің бірі «Отын» ЖШС-ында болды. Ол көмір сатылымының жылдамдығына, жеткізу кестесіне және қатты отын бағасының негізділігіне байланысты мәселелерге назар аударды. — Күніне орташа алғанда 50 тонна көмір жібереміз. Дүрлігу жоқ. Қорда 2300 тонна бар, — деп жеткізді компания басқарушысы Талғат Жұмағұлов. Оның айтуынша, ...

Жалғасы »

Бағдарламаның жаңа бағыттары

Дүйсенбі күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринованың қатысуымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын  арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау отырысы өтті. Шығармашылық академиясында өткен отырысқа облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, Ақтөбе қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, жалпы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары ...

Жалғасы »

250 жер телімі беріледі

Брифинг Ақтөбеде көше саудасын дамыту бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Ақтөбе ӘКК» АҚ басқармасының басшысы Азамат Медеубаев баяндады. Оның айтуынша, әлеуметтік жобаны «Ақтөбе ӘКК» АҚ мен Ақтөбе қаласының әкімдігі қолға алған. Жоба шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ отандық өнімдерді насихаттау, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жүзеге асырылып отыр. — Осы жобаның ...

Жалғасы »

Енді ветеринария орталығы жұмыс істейді

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында асылтұқымды мал шаруашылығын субсидиялауды дамытудың жаңа Ережесі және Ақтөбе облысында пилоттық негізде CALL орталықтың жұмысы басталуына байланысты семинар өтті. Облыстың мал шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлері шақырылған бұл шараға облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Руслан Куйшинов, «Атамекен» ҚР Ұлттық  кәсіпкерлер палатасы азық-түлік өнеркәсібі департаментінің  сарапшысы Қуандық Чункунов және осы ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы CALL орталықтың үйлестірушісі Олжас ...

Жалғасы »

Студенттер қарттар үйіне барды

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің №2 Студенттер үйінің парламент ұйымының белсенділері қаламыздағы қарттар мен мүгедектер үйіне барды. Тағдырдың жазуымен осы үйге келген қариялардың көңілін аулап, мерекелік кеш өткізді. — Әдеттегідей қарттар үйіне барып, концерт қойып кету деген мақсат болған жоқ. Мақсатымыз осында тағдырдың айдауымен келген қамкөңіл аталар мен әжелердің бір сәт болса да көңілін жадырату еді. Жастар қариялармен ...

Жалғасы »

Ұлы би мүсіні — туған өңірінде

Ұлы ойшыл, орақ тілді шешен, көріпкел әулие Мөңке Тілеуұлы туралы аңыз-әпсаналар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінгі күнге жетті. Жазушылар мен ғалымдардың, журналистердің, жалпы жұртшылықтың биік мінбелерде, мерзімдік басылымдарда жұмыла қимылдап, ой қозғауы нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік ономастика комиссиясының ұйғарымы негізінде Шалқар ауданындағы Қайыр ауылы Мөңке би есіміне өзгертілді. Облыс орталығында «Мөңке би Тілеуұлы – дана ойшыл, әйгілі жырау, кемеңгер ...

Жалғасы »

Студенттік лига құрылды

Брифинг Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы өңірдің жоғары оқу орындарында оқитын студенттер арасында Ақтөбе студенттері лигасын өткізеді. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихаты барысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мәлімдеді. Студенттік лига 12 қазан мен 9 қараша аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе ...

Жалғасы »