Daily Archives: 9 қазан 2018

Бердібек САПАРБАЕВ: Халықтың тұрмысын жақсарту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек

Жолдау Өткен сенбіде облыс әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс активінің отырысы өтті. Оған облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, аудан әкімдері мен орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Келер жылы облыста 38 мың адамның жалақысы 1,5 есеге ...

Жалғасы »

Ақтөбеде мұз сарайы ашылып, хоккей командасы құрылды

Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында облыс әкімдігінің және Қазақстан хоккей федерациясының бастамасымен Мұз сарайы ашылып, «Ақтөбе» жастар хоккей командасы құрылды. Жексенбі күні ҚР жастар чемпионаты аясында ақтөбелік хоккейшілердің алғашқы ойыны өтті. Мұз сарайының ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала тұрғындарын құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. — Бүгін — тарихи күн. 28 жылдан кейін тұңғыш рет ақтөбеліктер Қазақстанның жастар хоккей ...

Жалғасы »

Елорданың жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесі енгізілуде

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін пайдалануды тапсырды. Осы міндетті орындау мақсатында облыста «Ақтөбе — құтты мекен» жобасы жасалып, бекітілді. Жобаның басты үйлестірушілері — облыс әкімі аппараты мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...

Жалғасы »

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Өнер орталығында мұғалімдер мерекесіне арналған шара салтанатты түрде өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова қатысты. Сондай-ақ, шараға облыстағы ардагер ұстаздар, педагогтар жиналды. Алдымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау мен мұғалімдердің қоғамдағы арқалар жүгі ...

Жалғасы »

Мұғалжарлықтар ұйымдастырған мереке

Туған жерім — нұрлы елім Өткен сенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды. Ауа райының суықтығына қарамастан, бұл күні гала-концертке жиналғандар саны көп болды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған атқарушы билік өкілдері қатысты. Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған Мұғалжар ауданы күндері бағдарламасы өткен жұма күні тазалық акциясынан басталды. Ғ.Жұбанова ...

Жалғасы »

Польшада «Қазақ елі» мәдени орталығы ашылды

Қазақстанның Болон конвенциясына қосылуы мен жоғары оқу орындарына берілген академиялық еркіндік  ғылым-білім мекемелерінің шетелдермен байланыстарына жаңа серпін берді. Жуырда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков бастаған ғалымдар Польша Республикасына іссапармен барды. Ғалымдарды алдымен Қазақстанның Польшадағы елшісі Марғұлан Бақытұлы қабылдап, елшілік қызметімен таныстырды. — Екі елдің арасында тауар айналымы жыл сайын өсіп келеді. Ғылым-білім және мәдени байланыстар нығаюда. ...

Жалғасы »

Тұрғындар қоғамдық қабылдауға келді

Өткен сенбі күні Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр және Халықтық кеңсе ғимараттарында қоғамдық қабылдау өтті. Тұрғындарды Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов және барлық қалалық мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қабылдады. Негізгі мақсат —  азаматтардың толғандырған сауалдары мен арыз-шағымдарын тыңдап, оның шешілуіне ықпал жасау. Тұрғындардан түскен негізгі сұрақтар тұрғын үй, жол, жарықтандыру мәселелеріне қатысты болды. Сазды-2 ауылының бір топ тұрғындары ...

Жалғасы »

Халық қамын көздеген

Алтай ТАЙЖАНОВ, философия ғылымдарының докторы, профессор: — Аталуынан да көрініп тұрғандай, Жолдау тұтасыменен халқымыздың әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс сапасының жақсаруына арналған. Мені білім саласының қызметкері ретінде қазіргі заманғы білім беруге қатысты мәселелер мен талаптар және әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістерін дамытуға атсалысуы ерекше қызықтырды. Қазіргі жаһандану заманында төр білімділерге тиесілі, тұрмыс сапасының артуы да білім мен ғылымның дамуына тікелей байланысты. Президент ...

Жалғасы »

Мұғалімдер мәртебесі өседі

Гүлназ МЫҢЖАСАРОВА, М.Құсайынов атындағы облыстық мектеп-интернаттың мұғалімі, «Үздік педагог-2018» республикалық  байқауының жеңімпазы: — Бұл жолғы Жолдау, педагогтар қауымын төл мерекелері қарсаңында ерекше шаттыққа, қуанышқа бөледі. Өйткені, маңызды құжатта Мемлекет басшысы «Педагогтардің мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін тапсырды. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін қанаттандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні анық. Педагог — оқытушы ғана емес, ұлт тәрбиешісі. ...

Жалғасы »

Өнімді экспорттау — басты міндет

Аманғос ТӨЛЕУОВ, «Степное» ЖШС басшысы: — Елбасының биылғы Жолдауы өте ерекше болды. Ауыл шаруашылығы маманы ретінде айтар болсам, кезекті Жолдауда осы салаға өте үлкен көңіл бөлінді. Аграрлардың алдына қойылған негізгі міндет — еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экпортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Президент өз сөзінде мемлекеттік қолдаудың барлық шарасын елімізге заманауи агротехникаларды ауқымды түрде тартуға бағыттау ...

Жалғасы »