Daily Archives: 6 қазан 2018

Әлемнің он елінің травматологтары Ақтөбеде бас қосты

Ақтөбеде алғаш рет  Ресей, Қытай, Германия,  Түркия, Австрия, яғни әлемнің он мемлекетінен келген травматологтар мен еліміздің мамандары травматология, ортопедия саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Азия-Тынық мұхитының травматолог-ортопедтер қауымдастығының президенті, Түркияның Хаджаттепе университетінің профессоры Махмут Дорал, ҚР Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығының директоры, профессор, медицина ғылымының докторы Серік Ақшолақов, «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК-ның директоры, ...

Жалғасы »

Облыс әкімі қарттарды құттықтады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Өмірінің көп бөлігін қоғамның әр саласында қажырлы еңбек етуге арнаған ардагерлерге дастарқан жайылып, жылы лебіздер айтылды, облыс әкімі тарапынан сыйлықтар берілді. — Қарттары бар ел — қазыналы ел. Сіздер елдің дамуы жолында аянбай еңбек еттіңіздер. Қазақстанның тәуелсіз ел болып, 25 жылда әлемге танылғаны сол қиын-қыстау кезеңдерде сіздердің төккен маңдай тер, еткен ...

Жалғасы »

Ерліктің марапаты

Төтенше жағдай Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов бейсенбі күні Әбілқайыр хан даңғылындағы 9 қабатты үйде болған өрт кезінде тұрғындарға көмек көрсетіп, оларды дер кезінде құтқарған бір топ азаматты марапаттады. Олардың қатарында Ақтөбе қаласының тұрғындары Александр Тимошенко мен Владимир Калмыков, Ақтөбе қаласының өртке қарсы күрес қызметінің бөлім командирі Қуантай Баймұрзин, аға инженер, капитан Әділ Муфтаков, азаматтық қорғаныс бөлімінің аға сержанты, аға ...

Жалғасы »

Ұлттық әндер жаңа өңдеуде ұсынылды

Байқау Ақтөбеде өткен екінші республикалық «Жібек жолы» эстрадалық әншілер байқауы мәресіне жетті. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған өнер додасына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 17-35 жастағы азаматтар қатысты. Бір кезеңнен тұратын байқау барысында жас әншілер шара талаптарына сай, белгілі ақын-жыраулардың, сазгерлердің шығармаларын жаңа форматта, жаңа өңдеуде ұсынуы тиіс болатын. Ондағы мақсат ...

Жалғасы »

Өрттің себептері әлі белгісіз

Әбілқайыр хан даңғылы №73 үйде тұтанған өрт оқиғасына қатысты кеше құзырлы орган өкілдері облыстық әкімдік ғимаратында түсінік берді. Тілсіз жау бейсенбі күні түс ауа жоғарыда аталған көп қабатты үйдің №69 пәтерінің балконынан басталып, кейін  жоғарғы қабатқа қарай көшкен. Оқиғаның қалай болғаны жөнінде Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов айтып берді: — Өрттің салдарынан 30 пәтерге зақым келді. Оның біреуі толығымен ...

Жалғасы »

Мұғалімдер мерейі

  Т.Ахтановатындағы облыстық драма театрының ғимаратында Ақтөбе қаласы мұғалімдеріне арналған «Мерекелік сабақ» атты шара салтанатты түрде өтті. Мерекеге облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысып, ұстаздарға ақ тілегін жеткізді. Театр фойесінде №3 балалар музыкалық мектебінің вокал тобы, домбырашылар мен қобызшылар ансамблі белгілі музыкалық шығармаларды орындап қонақтарды құрметпен қарсы алды. Сондай-ақ, мерекелік шараға келген педагогикалық қауымға Қазанғап ...

Жалғасы »

Жылыту маусымына дайынбыз

Брифинг Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қаржаубай Ыбырайымұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, облыстың жылыту маусымына дайындығы — 99 пайыз. — Қазіргі уақытта 580 қазандық, 243,8 шақырым жылу желілері, 484,3 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері, 273,4 шақырым электрмен жабдықтау желілері, 1590 әлеуметтік нысан мен 2592 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. ...

Жалғасы »

Болашақтың бағыты

Кеше Ақтөбе қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты жиын өтті. Жиынға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен ардагерлер қатысты. Жиынға жиналғандар тікелей эфирден Елбасының Жолдауын ұйып тыңдап, бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. Жиында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов: Елбасы Жолдауы ...

Жалғасы »

Жаңарған істердің жалғасы

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының ең басты маңыздылығы — бұл бұған дейінгі Жолдаудың лайықты жалғасы саналады. Елбасымыз кезекті Жолдауында да еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында басым бағыттарды айрықша атады. Президент бұл орайда еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялататынын айтты. Жолдауда: «Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, ...

Жалғасы »

Отбасымыз үшін де маңызды құжат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы халыққа Жолдауын теледидардан тыңдадым. Елімде болып жатқан өзгерістердің менің отбасыма, менің балаларымның болашағына қатысты екендігін білемін. Сондықтан еліміздің даму бағытының басты стратегиялық құжаты — жыл сайынғы Елбасы Жолдауын асыға күтемін, ол құжатта не айтылады деп үмітпен күтемін. Мен көпбалалы анамын, жолдасым екеуміз 10 бала өсіріп отырмыз. Сондықтан ...

Жалғасы »