Daily Archives: 4 қазан 2018

Біздің үздіктер

5 қазан — Дүниежүзілік мұғалімдер күні Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог-2018» республикалық байқауында біздің облыс Астана, Алматы қалаларымен тең деңгейде жоғары көрсеткіш көрсетті. Басқа өңірлерде көп дегенде 3 үздіктен болса, біздің облыста 5 педагог жеңімпаз атанды.

Жалғасы »

Күзде 40 мыңнан аса ағаш егіледі

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстағы қалалар мен елді мекендер аумағындағы саябақтар мен гүл бақтарын абаттандыру жəне көгалдандыру мәселелері қаралды. Жиын жұмысына мемлекеттік органдар өкілдерінен өзге орман тəлімбақтары мен басқарушы компаниялардың басшылары қатысты. Осы жылғы көктемде облыс аумағында 101 мың көшет егілді. Облыстық табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жүргізген тексеріс көктемгі көшеттердің ұласып өсуі 73% құрағанын көрсетті. ...

Жалғасы »

Облыс әкімі Алға ауданын аралады

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Алға ауданына барды. Облыс басшысы аудандағы бірқатар шаруашылықтарды аралап, Маржанбұлақ ауылында газ тарату желісін, сондай-ақ Қарақұдық елді мекенінде ауызсу құбырын іске қосу салтанатына қатысты. Алдымен облыс басшысы Маржанбұлақ ауылының маңындағы «Маржанбұлақ-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Серіктестік басшысы Андрей Текебаев өз жоспарларымен бөлісіп, облыс әкіміне шаруашылықтың жай-күйін баяндады. Серіктестік өткен жылы құрылды. Биыл ...

Жалғасы »

Денсаулық сақтау саласы: «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қалай жүзеге асуда?

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының облыстағы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылуы мәселесі қаралды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев шалғай ауылдық елді мекендердегі медициналық мекемелерді компьютерлендіру және жылдам интернетпен қамтамасыз ету қарқыны жайында баяндады. Оның айтуынша, бүгінде Ойыл, Ырғыз және Байғанин аудандары үшін жылдамдығы төмен интернет мәселесі ерекше өзекті. Оның шешімін табу үшін ірі ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктер тарту еткен монумент Астананың ажарын айшықтап тұр

Бейбітшілік қабырға «Біздің бітімгершілік бастамаларымыз, ең алдымен, болашақ ұрпаққа арналады. Біз барлық тілде ұрпақтарымызға «Бейбітшілікті сақтаңдар!» дейміз. Бұл — жер бетіндегі әрбір адамның бойында болуға тиіс ең басты құндылық. Астанада монументтің бой көтеруі тарих сабақтарынан тәлім алып, оны ұмытпауға және еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақты бағалауға үндейді. «Бейбітшілік қабырғасы» — бейбіт өмірдің құндылығын дәріптеуді және өткен тарихымыздың қасіретті кезеңдерін қайталамауды замандастарымыздың есіне ...

Жалғасы »

Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал талқыланды

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелері туралы отырыс өтті. Жиынға облыс прокуроры, құқық қорғау органдары, арнаулы қызмет орындары, тиісті басқармалардың басшылары қатысты. Отырысқа аудан әкімдіктері селекторлық режимде қосылды. Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Еслеусінова облыстағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасап, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің қызметін бағалау бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеумен таныстырды. Әлеуметтік ...

Жалғасы »

Шәкірттер шеберлік сағаттарына шақырылды

Сәрсенбі күні Ақтөбе технико-технологиялық колледжінде Ашық есік күні өтті. Шараға Ақтөбе қаласындағы №2, 31 орта мектептердің оқушылары қатысты. Жоғарыда аталған орта арнаулы оқу ордасы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп өткізген шара техникалық маман иелерінің кәсіби мерекесіне орайластырылды. Мақсат — енді мектеп бітіргелі отырған бозбала-бойжеткендерге кәсіби бағыт-бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды дәріптеу. — Ақтөбе технико-технологиялық колледжі ғимаратында ...

Жалғасы »

Ақтөбелік спортшылар Джакартаға аттанды

6-13 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында ІІІ Паралимпиадалық Азия ойындары өтеді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл жарыста 3 ақтөбелік спортшы ел намысын қорғайды. Атап айтсақ,  жеңіл атлетикадан — Қаржаубай Тінеев 200 м және 400 м қашықтықтарда, ал Жәния Аяубаева ядро, найза және граната лақтырудан өнер көрсетеді. Сонымен қатар, жүзуден Шахан Жолдасбаев шалқалап жүзу әдісі бойынша 50 ...

Жалғасы »

«Алтын жебе» «Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналының аламан бәйгесі

Бәйге! Ақтөбеден шығатын «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналы өзінің тұңғыш саны шыға бастағанына екі жыл толуына орай әдеби шығармалар бәйгесін жариялайды. Байқауға қазақтың барлық қаламгерлері мен әдебиетке талпынып жүрген жастары түгел қатыса алады. Бәйгенің адал мұраты — ұлттық әдебиетіміздің күні бүгінгі ең озық шығармаларын, ең дарынды қаламгерлерін анықтау және ұлықтау, қазіргі әдебиеттің дамуына, көркейе түсуіне демеу болып, әдебиеттегі қазіргі оң өзгерістерді, ...

Жалғасы »

«Жібек жолы» байқауы өтеді

Бүгін Ақтөбеде ІІ республикалық «Жібек жолы» эстрадалық әншілер байқауы басталады. Бұл фестивальді Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырып отыр. — Шара мақсаты — Ақтөбе өңірінің ақын-жыраулары  Қызыл, Батақтың Сарысы, Наурызбек, Нұрпейіс Байғанин, Кердері Әбубәкір, Молдабай, Шернияз, Бәкір Тәжібаев шығармашылығын насихаттау, келер ұрпаққа жалғастыру, халық ...

Жалғасы »