Daily Archives: 11 қыркүйек 2018

Өтпе жол жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі

«Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, облыс басшысы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағындағы өтпе жолдың құрылысын қарап шықты. Жобаны 2019 жылы жүзеге асыру жоспарланған болатын, бірақ жұмыстың ерте бітуіне байланысты көлік жол айрығы биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. Құны 2,1 млрд теңге тұратын нысан ...

Жалғасы »

Құрылыс нысандарын аралады

Сенбі күні облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қаладағы бірқатар маңызды жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Алдымен Жаман Қарғалы өзені арқылы өтетін көпір мен Ақтөбе-Орск көлік жолы айналымындағы автокөлік жол айрығының құрылысын қарап, мердігер мекеменің басшысына жұмысты жандандырып, жобаны мерзімінде аяқтау қажеттігін тапсырды. Одан соң облыс әкімі «Бақытты бала» жобасы аясында  «Артек» үлгісіндегі жыл бойғы демалыс базасы құрылып жатқан «Əсем» балалар лагерінде болды. ...

Жалғасы »

Облыста туристер саны көбейді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында туризм саласы мен жол бойында қызмет көрсетуді дамыту жайы талқыланды. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова Ақтөбе облысында туристер санының өсіп келе жатқандығын жеткізді. Оның айтуынша, осы жылдың бірінші жартыжылдығының ішінде қонақүйлер мен хостелдерде 54 мың мейман тіркелген, бұл 2017 жылдың осыған ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 16,6% көбірек. Кірмелік туризмде іскерлік сапарлар басым. Облысымыздың ...

Жалғасы »

Импорт алмастырудың мәселелері қаралды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен импорт алмастырудың көкейкесті мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшыларымен бірге мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. «Облыстағы сыртқы тауар айналымы биылғы жылдың бес айы ішінде 1,6 миллиард доллар құрады, оның 1,2 миллиард доллары экспорт», — деп мәлімдеді индустриялдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ерлан Назаров. Жалпы алғанда облыстың сауда теңгерімі сальдосы оң нәтиже көрсетіп отыр, ...

Жалғасы »

Күн суытуы мүмкін

12 қыркүйек күні түнде облыстың солтүстік аудандарында ауа температурасы -3 градусқа дейін суытуы мүмкін. Еліміздегі бірыңғай құтқару қызметінің 112 номері арқылы облыс тұрғындарының ұялы телефондарына осындай хабарлама таратылған. «Қазгидромет»  РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Лариса Тарасенконың айтуынша, 12-сі күні түнгі мезгілде облыстың солтүстік аудандарында, яғни Қарғалы, Әйтеке би аудандарында ауа райы Цельсий бағанасы бойынша -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. ...

Жалғасы »

Жолдастық кездесуде есе жіберді

Кеше Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда «Ақтөбе» мен «Орынбор» футбол клубтарының жолдастық кездесуі өтті. Көрермендердің қатарында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болды. Ресей Федерациясының Орынбор облысына қарасты команда ә дегеннен-ақ жасыл алаңда белсенділік танытып, ақтөбелік әріптестеріне шабуылды үдетті. Алайда біздің спортшылар да біразға дейін оңайлықпен беріле қойған жоқ. …Екінші таймда орынборлықтар күшке мініп, алдымен Алексей Сутормин, сосын Андрей Козлов әрқайсысы алаң ...

Жалғасы »

Жұмыстар сараланып, міндеттер жүктелді

Кеше облыс әкімдігінің ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен «Жасыл ел» жасақтары және еріктілер мәселері бойынша селекторлық жиын өтті. Оған облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов,  облыстық «Атамекен» студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасағының төрағасы Нұрлыбек Мусин, сондай-ақ өзге де жауапты мекеме өкілдері мен еріктілер тобының жетекшілері және аудан әкімдерінің орынбасарлары онлайн режимде қатысты. Жиын барысында алдымен ...

Жалғасы »

Мәртөк ауданының күндері өтті

Өткен сенбі күні «Туған жерім — нұрлы елім!» акциясы аясында Мәртөк ауданының күндері қорытындыланды. Атаулы күндерге арналды Мәртөктіктер аудан күндеріне арналған мерекелік бағдарламасын 7 қыркүйек күні Орталық базар алаңынан бастады. Мұнда аталған өлкеде туған, есімі алты алашқа әйгілі Тәңірберлі Молдабайдың 160 жылдық мерейтойына орай «Молдабайдың әні еді» атты театрландырылған қойылым сахналанып, көпшілікке жақсы таныс «Молдабайдың әні» орындалды. Сондай-ақ, әртүрлі ұлт ...

Жалғасы »

«Маңғыстау маржандары» озды

Байқау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ұлттық код, ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау» атты байқау өткізілді. Шығармашылық академиясында өткізілген аймақтық байқауға ұлттық бюроның Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстық департаменттері командалары қатысты. Еліміздің батыс өңірлерінен келген командалар мүшелерін аталған ұлттық бюроның Ақтөбе облыстық департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов құттықтады. ...

Жалғасы »

Су қоймасы маңайы тазаланды

Акция «Ақтөбе — таза қала» акциясы аясында  ақтөбелік жастар Ақтөбе су қоймасының маңын тазалады. Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияға қаламыздың жоғары, орта білім беру орындарынан және мектептерден жас еріктілер мен белсенді жастар қатысты. Қаланың тазалығына үлес қосқан жастар 300-ден астам қапшық қоқыс шығарды. Аталмыш акция қала маңындағы өзен-көлдердің маңын қоқыс қалдықтарынан арылтып, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. ...

Жалғасы »