Daily Archives: 8 қыркүйек 2018

Бердібек САПАРБАЕВ: Астықты төкпей-шашпай жинап алу — басты міндет

  Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың  бейсенбі күнгі Әйтеке би, Хромтау аудандарына жұмыс сапары негізінен қазіргі шақтағы маңызды науқан — егін орағымен байланысты болды. Тура егінжай басында шаруалармен кездесіп, жұмыстың барысымен танысты, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірге агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.   Облыс орталығынан көлікпен шыққан облыс басшысы ертеңгілік Әйтеке би ауданының «Еңбек-агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бидай алқабына бас тіреді. ...

Жалғасы »

Темірдегі тиянақты істер

Жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың кезекті іссапары Темір ауданында жалғасты. Тоғыз жолдың торабында тұрған өндірісті аймаққа сапары аясында облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, нақты жауаптар берді. Жұмыс сапарын Темір қаласынан бастаған облыс әкімі қаланың орталығындағы мешіт пен шіркеудің жөндеу жұмыстарымен танысты. Темір қаласында 1905 жылы бой көтерген мешіт — өңірдегі ең көне мешіттердің бірі. Екі қабатты ғимараттың ...

Жалғасы »

Тікелей байланыста: Мәртөк ауданының әкімі

Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында 2018 жылғы 13 қыркүйек күні сағат 15.00-де Мәртөк ауданының әкімі Жандос Байырхановпен тікелей телефон байланысы арқылы сұхбат ұйымдастырылады. Сауалдарды алдын ала 8(7132)55-11-11, 90-71-66 телефондары немесе aktobegazeti@mail.ru электронды поштасы арқылы жолдай аласыз. Тікелей байланыста тілдесу телефоны: 8(7132) 56-33-80.

Жалғасы »

Жастармен жұмыс — бірінші орында

Облыстық комиссия «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуына жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын бағамдады. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қатысты құрылған комиссияның отырысы облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Ал аудан әкімдері отырысқа онлайн-режимде қатысып отырды. — Өткен жылы облыста бағдарламаны іске асыру мақсатында үлкен жұмыстар атқарылып, бұл еңбек Үкімет тарапынан жоғары бағаға ие болды. Бірақ кейбір кемшіліктердің ...

Жалғасы »

Көшпелі отырыс аудан орталығында өтті

Мәслихат Қандыағаш қаласында облыстық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау, жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары қоғамдық кеңеспен бірлескен көшпелі отырысын өткізді. Алдымен отырысқа дейін облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова бастаған депуттатар мен қоғамдық кеңес мүшелері ішкі істер бөлімінің және жергілікті полицейлік қызметтің жұмысымен танысты. Аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты 1964 жылы салынған. Қызметкерлер отырған кабинеттерге бейнебақылау орнатылған. — Бұл тұрғындар тарапынан наразылық тумауын ...

Жалғасы »

Көктемгі су тасқынына дайынбыз ба?

Бейсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалық етуімен көктемгі су тасқынына қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар арқау болған отырыс өтті. Бұл — табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның кезекті жиыны. Шаһар басшысы өз сөзінде облыс әкімдігімен су тасқыны зардаптарын болдырмау бойынша 2016-2020 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бекітілгенін айта келе, аталған істе кезек күттірмейтін ...

Жалғасы »

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 80 өтінім мақұлданды

Облыстың еңбек ұжымдарына «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие беру шарттары туралы түсіндірілуде. Қазақстан Ұлттық Банкі Ақтөбе филиалының өкілдері «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлерімен кездесті. Жиында аталған бағдарламаға қатысу шарттары, сатып алынған тұрғын үйге қойылатын талаптар, несие және төлемдер сомасы жан-жақты түсіндірілді. Баспаналы болғысы келетін, тұрақты табысы бар адамдар осы бастама негізінде несиеге үй ала алады. Несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлерге конференция ұйымдастырылады

Брифинг Ақтөбеде кәсіпкерлерге бизнесті шебер жүргізуді үйрететін екі конференция өтеді.  Аталған конференцияларда кәсіпкерлік саласында жетістікке қол жеткізген жас кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөліседі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова мәлімдеді. — Конференцияда ақтөбелік кәсіпкерлерге бизнесте қызмет аясын таңдау, компанияның бизнес үлгісін жасау, клиенттерді жинау, сонымен қатар, бизнесті нөлден бастап маркетингтен филиалға дейін жеткізу жөнінде ...

Жалғасы »

«Асыл әжелер» он жылдығын атап өтті

6-7 қыркүйек күндері Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Геолог» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Асыл әжелер» ансамблінің 10 жылдық мерейтойына арналған «Ән қанатында» атты аймақтық фестивалі өтті. Оған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова қатысты. Фестивальдің алғашқы күнінде Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ облыс аудандарынан келген 13 ұжым өз өнерлерін көрсетіп, халық әндерін орындады. Сондай-ақ ...

Жалғасы »

Суға түсу маусымы аяқталды

Брифинг Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде биылғы жылғы суға шомылу маусымы қорытындыланды. Жаз мезгілінде облыс көлемінде барлығы 56 жағажай жұмыс істеді. Оның 14-і коммерциялық және 44-і коммуналдық орындар. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасымның айтуынша, биылғы маусымда рұқсат етілмеген жерлерде, мас күйінде суға түсу, балаларды қараусыз қалдырудың салдарынан 15 адам суға кетіп, қазаға ұшыраған. Оның ішінде 4-уі — бала. ...

Жалғасы »