Daily Archives: 4 қыркүйек 2018

Мұнайшылар сыйы

Мұнайшылар күнінде Ақтөбеде жаңа саябақ ашылды. К.Нокин көшесінде орналасқан жаңа «Достық» отбасылық саябағының салтанатты ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Қаланың ескі бөлігінде ашылған саябақты «СНСП-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы өз қаражаты есебінен салған. Балалардың ойын алаңы, баскетбол, волейбол, футбол алаңдары мен үстел теннисіне арналған үстелдер орнатылған саябақтың жалпы аумағы 14 гектарды алып жатыр. Сонымен қатар саябақ аумағында спорттық тренажерлер мен түрлі ...

Жалғасы »

Жетістіктерге жетелейтін жеті міндет

Елбасы Парламенттің алдында ел өмірін жақсартуға бағытталған басымдықтарды айқындап берді 1 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қа­зақ­­стан Республикасы Пар­ла­менті палаталарының бірлес­кен отырысы өтті. Отырысты регламентке сәй­кес, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­мату­лин жүргізді. Ол алтыншы ша­қырылымдағы Пар­ламенттің төр­тінші сессиясын ашып беру үшін сөзді Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Қазақстан Республикасы Консти­туциясының 59-бабына сәйкес VI шақырылымдағы Парламенттің төр­тінші сессиясын ашық деп жа­рия­лаған Елбасы ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Астана ауданының атына заты сай болуы керек

Ақтөбе қаласының Астана ауданына қарасты Құрашасай, Думан, Парасат секілді бірқатар елді мекендеріне инженерлік коммуникация желілері толықтай жүргізілмеген. Сол сияқты, Жаңақоныс ауылындағы «В» кварталы мен  «Бірлік» тұрғын үй массивіне барар жолға асфальт жамылғысы төселмегендіктен, қоғамдық көлік мәселесі әлі күнге шешімін таппай тұр. Мұндай мәселелер кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Астана ауданы әкімдігінде өткен жиында айтылды.   Астана ауданы әкімдігінде облыс ...

Жалғасы »

Облыс орталығының көріктендірілу барысымен танысты

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын аралап шығып, облыс орталығының көріктендірілуі  мен бірқатар көлік жобаларының жүзеге асу барысымен танысты. Атап айтқанда, облыс әкімі «Керуен Сити» сауда, ойын-сауық кешені аумағындағы көпір құрылысын барып көрді, екі айналма жол мен жарықтандырылатын жерасты жолын қамтитын «Тургенев көшесінен Жұбанова көшесіне дейінгі аралықта ұзартуды қайта қалпына келтіру» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысып, тиісті нұсқаулар берді. Бұған ...

Жалғасы »

LG смартфондарын неге таңдау керек?

Егер сіз үшін смартфон байланыс құралы ғана емес, өзіндік ерекше орны бар болса, онда сізге ерекшелігі, түсі, мүмкіндігі және қол жетімділігі тұрғысынан сәйкес келетін LG G7 ThinQ моделіне назар аударуыңызды ұсынамыз. Оның себебін түсіндіріп көрелік. Экраны Сіз телефоныңызды күндіз жарық күнде пайдаланып көрдіңіз бе? Мысалы, Instagram-ды парақтаған кезде? Бұндай жағдайда күн сәулесіне экран шағылысып, суреттер нашар көрінеді. LG G7 осы ...

Жалғасы »

Смақов жасыл алаңмен қоштасты

Футбол Жексенбі күні Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда «Ақтөбенің» ардагерлері мен «Смақовтың достары» командалары футболдан жолдастық кездесу өткізді. Онда облыс әкімі еліміздегі үздік футболшылардың біріне көліктің кілтін табыс етті.    Еліміздегі белгілі футболшылардың бірі, «Ақтөбе» клубының капитаны Самат Смақовтың ойындағы мансабының аяқталуына арналған кездесу ақтөбелік жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырды. Алаңға Қазақстанның және шетелдердің атақты футболшылары жиналды: Эмиль Кенжисариев, ...

Жалғасы »

Ауаны ластаушы заттар қалдығы 6 пайызға жуық азайды

Үстіміздегі жылдың алты айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында атмосфераны ластайтын заттар қалдықтарының нақты тасталуы 88 мың тоннадан астам мөлшерге немесе 5,9 пайызға азайды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстық экология департаментінің жетекшісі Жақсығали Иманқұлов өзі басқаратын ведомствоның қызметі туралы баяндағанда осыны мәлім етті. Ж.Иманқұловтың айтуынша биылғы жылы ірі кәсіпорындардың табиғатТЫ қорғау іс-шаралары жоспарларына өзгешеліктер енгізуі ауаны ластайтын заттардың ...

Жалғасы »

Университетке бес мың студент қабылдады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бірінші курсына бес мың студент қабылданды. Оның алты жүзі — шетелдік жастар. 1 қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты шара университеттің Білім алаңында өтті. Студенттер мен профессорлық құрамды облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев құттықтады. — Мемлекеттің болашағы білікті мамандардың, ғылым мен инновацияның дамуымен тікелей байланысты. Бүгінде Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жан-жақты ...

Жалғасы »

120 бала мектеп табалдырығын аттады

Білім күні Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов қаладағы №1 орта мектептің алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, жаңа оқу жылымен құттықтады. 1985 жылы салынған мектепте қазір 1100 оқушы білім алып жатыр. Мектеп директоры Жездігүл Мұханованың айтуынша, өткен оқу жылында 55 түлектің 27-сі мемлекеттік грантқа оқуға түскен. Мектептегі 76 педагогтың 46 пайызы жоғары категориялы мұғалімдер. Биыл 120 бала 1-сыныпқа қабылданды. Білім ордасы жаңа технологиялармен ...

Жалғасы »

Ақтөбеде органдарды трансплантациялаудың елуінші операциясы жүргізілді

Қазіргі заманғы медицина науқастың органдарының жазылмайтын ауруларын емдейтін деңгейге жетті. Трансплантациялаудың жетістігі осы — операциядан өткен адамның денсаулығы мен өмір сапасын толық қалпына келтіру мүмкіндігі бар. 2014 жылдан бастап облыста органдарды трансплантациялау бағдарламасы табысты орындалуда. Осы уақыт ішінде органды трансплантациялаудың барлық мәселелері бойынша халыққа көмек көрсететін барлық қызмет құрылды. Ақтөбе медициналық кластері базасында бүйректі трансплантациялау бойынша өздігінше операциялар қазіргі заманғы ...

Жалғасы »