Daily Archives: 1 қыркүйек 2018

Конституция күні: екі мектеп пайдалануға берілді, 90 отбасы пәтерлі болды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні облыста кең көлемде аталып өтті. Бұл күні Ақтөбе шаһарында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған екі жаңа мектеп пайдалануға беріліп, ақтөбелік тоқсан отбасы жаңа пәтерлі болды. Мерекелік салтанаттарға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.  ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ Ақтөбе қаласы іргесіндегі Қызылжар ауылы тұрғындары үшін бұл күн ерекше есте қалмақ. Мемлекеттік мерекеде ауыл балалары үшін 300 орындық жаңа мектеп ...

Жалғасы »

Мереке кеңінен тойланды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін ақтөбеліктер биыл да ерекше атап өтті. Ата Заң мәртебесін ұлықтауға арналған мерекелік шаралар легі ертеңгілік Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта басталды. Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Егемендігім — елдігім» атты мерекелік бағдарламада Ақтөбе жұрты дарынды ұл-қыздардың өнеріне тәнті болды. «Бақытты бала» жылы, Астана қаласының 20 жылдығына орай хореграфиялық және композициялық қойылымдар ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды. Балалар бейбіт аспан ...

Жалғасы »

Әлкей Марғұлан мен Фариза Оңғарсынова атындағы оқу ордалары ашылды

Кеше Білім күні қарсаңында Ақтөбе қаласының Сүт зауыты ауданында және Ясный-2 елді мекенінде жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қос білім ордасының ашылу салтанатына облыстық  мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Әлкей Марғұлан атындағы №71 орта мектептің ашылу салтанатында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен және жаңа білім ордасының ...

Жалғасы »