Басты бет » 2018 » қыркүйек

Monthly Archives: қыркүйек 2018

Келісімшарт неге орындалмайды?

Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін орындауы бүгінгі күннің басты мәселелерінің біріне айналуда. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас офисінде өткен жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деп атап көрсетті. Пайдалы қазбаларды игеру мен өңдеу жұмыстарын жүргізетін компаниялардың ағымдағы және жүйелілік проблемаларын талқылауға ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов пен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Бәймішев қатысты. ...

Жалғасы »

Жаңа кодекстің жаңалығы

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық  аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы облыс орталығындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас офисінде өткізілді. Оның жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Сондай-ақ, бұл жиынға қатысуға Астанадан аталған Комитет хатшысы Рашит Акимов, сенаторлар Аңсар Мұсаханов, Бекмырза Еламанов, Мұхтар Жұмағазиев, Дүйсенғазы Мусин, Абдалы Нұралиев, Марат Тағымов және Сенат аппараты аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық  ...

Жалғасы »

Темір ауданының мүмкіндіктері мол

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Темір ауданына жұмыс сапары кезінде аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. Облыс әкімінің шешімімен және Президент әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен бұрынғы облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов Темір ауданының әкімі болып тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, ауданның бұрынғы әкімі Асқар Жүсібалиев Қарғалы ауданының әкімі болып тағайындалған болатын. — Асқар Қазиханұлы сіздердің аудандарыңызда екі жылдан астам жұмыс ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады

  Ақтөбелік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына өздерінің осы саланы дамыту, сондай-ақ, кейбір өзекті мәселелер төңірегіндегі ұсыныс-пікірлерін жеткізді. ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері мен ақтөбелік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің кездесуі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өтті. Бұл жерде Сенат депутаттары алдымен облыстағы ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері, жалпы, осы ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» футбол клубы мәселесі қаралды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» футбол клубына қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлназ Сисенова ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылы №1141 санды 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында Ақтөбе облысы бойынша тізімге коммуналдық меншіктің 9 нысаны енгізілгенін, оның ішінде «Ақтөбе» футбол клубы» АҚ бар екенін хабарлады. Жекешелендіру нысандарын сату ережелеріне сәйкес коммуналдық мүлікті сату жөніндегі комиссия құрылымдалды, ...

Жалғасы »

Бәсеке — табыс кепілі

Слет Қай салаға да жаңа бастамалар мен тың идеялар әкелетін — жастар қауымы. Ақтөбеде халықаралық жастар слеті осындай ұранмен өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Бәсекеге қабілетті жас маман — жарқын болашақ кепілі» тақырыбында өткен слет барысында белсенді жастар туралы сөз қозғалып, кәсіпорын ұйымдарының еңбек қатынастарында алатын орны мен маңызы айтылды. Жұмысшы жастар арасында диалог құру, жастарды белсенділікке ынталандыру, ...

Жалғасы »

«Ақтөбе мектеп лигасының» екінші маусымы ашылды

Ақтөбе қаласындағы №8 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде футболдан «Ақтөбе мектеп лигасының» екінші маусымы басталды.  Шараның ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа Ақтөбе қаласынан 3 жас ерекшелігі бойынша 230-дан астам команда қатысуда. Аталған маусым биылғы оқу жылы бойы жалғасады. — Спорттың адам өміріне пайдасы зор. Соның ішінде халықтың ең көп шұғылданатыны ...

Жалғасы »

Әдеп мәселесі сөз болды

Семинар-кеңес Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексіне байланысты және мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша ел аумағында семинар-кеңестер өтіп жатыр.  Осындай шаралар біздің облысымыздың аудандарында да басталды. Сәрсенбі күні  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, облыс әкімінің ...

Жалғасы »

Дастархан жайылып, құрмет көрсетілді

1 қазан — Халықаралық қарттар күні Кеше Халықаралық қарттар күні мерекесі құрметіне облыс әкімшілігі ардагерлер ұйымында  тұратын қарияларға арнайы дастархан жайылып,  құрмет көрсетілді. Дастархан басына жиналған ардагерлерді облыс әкімі  атынан облыс әкімінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауов құттықтады. Ол өзінің құттықтау сөзінде ардагерлер қауымының облысымыздың күнделікті қоғамдық өмірінде, әсіресе, халық қауіпсіздігін сақтау мен жастар тәрбиесінде алатын орнын айрықша атап өтті. Бүгінгі ...

Жалғасы »

Мәселелер талқыланды

Қоғамдық кеңес Кеше Ақтөбе қаласындағы «Капитал Плаза» бизнес орталығының мәжіліс залында облыстық қоғамдық кеңестердің съезі өтті. Оған облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елубаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық кеңестердің мүшелері қатысты. Съезді ашқан облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елубаев аталған ...

Жалғасы »