Басты бет » 2018 » тамыз

Monthly Archives: тамыз 2018

Елбасы Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» монументін ашты

Бұл — Ақтөбенің Елорданың 20 жылдығына жасаған тартуы Кеше Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің ашылу салтанаты өтті. Шараға дипломатиялық миссияның жетекшілері, дүниежүзілік 11 ұйымның мүшелері, дәл осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық Келісімшарт Ұйымының қатысушылары, жалпы саны алыс-жақын 52 елден жиналған өкілдер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, зиялы қауым, сондай-ақ, Ақтөбе облысынан барған ...

Жалғасы »

Қала әкімінің есебі мақұлданып, тарифтер келісілді

Мәслихат Сейсенбі күні өткен Ақтөбе қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қала әкімі Ілияс Испановтың депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері алдындағы өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалды. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, қаладан  сайланған облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қаланың Астана және Алматы аудандарының әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне 14 мәселе ...

Жалғасы »

Ақтөбе Нартайын күтіп алды

Джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдегері Нартай Қажеков туған өлкесіне оралды. Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында қала жұртшылығы ел намысын қорғаған батырын зор қошеметпен күтіп алды. Күтіп алушылар арасында Нартайдың анасы, облыстық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов және достары бар. —  Азия ойындарына қатысудың өзі үлкен жетістік, ал оның ішінде, жүлдегер атану қиынның қиыны. Сондықтан Нартайға, жаттықтырушысы Әшім ағайымызға және ата-анасына алғысымды ...

Жалғасы »

Конституция — мемлекеттіліктің түп қазығы

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде қабылданданған Конституция аясында Қазақстан халқы өзiнiң егемендiк құқығын әлемдік өркениетке баяндай білді. Осы күн мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясы күнi болып белгіленіп, елдің тәуелсіз тарихында құрметті орын алды. Егерде ХХ ғасырдағы оқиғалар арнасында бағалайтын болсақ, қолданыстағы Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Конституцияның логикалық құрылымы мен қойылған міндеттерін талдап қарайтын ...

Жалғасы »

Азаматтық қоғам кепілі

Дөңгелек үстел Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Конституция күні қарсаңында «Ата заң — азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен жастар қатысты. Жиында алғаш болып сөз алған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті Асыл Смағұлова: — Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін алуы — еліміздің қоғамдық ...

Жалғасы »

Конституция күні: мерекелік шаралар қайда өтеді?

Констиуция күніне арналған шаралар Ақтөбе қаласының бірнеше жерінде аталып өтіледі. Мереке құрметіне облыс орталығында бірқатар әлеуметтік ғимарат пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова «Халықтық кеңсе» қоғамдық қызмет көрсету орталығында журналистерге берген сұхбатында мәлім болды. — Қазақстан Республикасының Конституция күнін ақтөбеліктер биыл да ерекше атап өтпек. Мерекеде қаламызда көптеген әлеуметтік маңызды мәдени және спорттық шаралар өткізіледі. Қала ...

Жалғасы »

Ант қабылдады

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында 70-тен астам жас өрт сөндіруші ант қабылдады. Салтанатты шара жаңадан ашылған Құтқарушылар саябағында өтті. Аталған рәсімге Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сыздықов, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен жас мамандардың туыстары қатысты. Жаңадан ант қабылдаған жас мамандар мен жеке құрамды келе жатқан мерекемен құттықтаған Бауыржан Сыздықов, жас мамандарға өздерінің қызметтік ...

Жалғасы »

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Егемендігім елдігім» атты мәдени-көпшілік шараларының жоспары

Өтетін уақыты: 30 тамыз 2018 жыл, сағат. 10.00-13.00, 19.00-22.00. Өтетін орындары: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық  мәдениет және демалыс саябағының сахнасы; ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық  мәдениет және демалыс саябағының тутұғыры, «Керуен сити» ойын-сауық, сауда орталығы; «Ретро» саябағы; А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағы; Астана ауданы Шығармашылық академиясы; Алматы ауданы «Жеңіс» саябағы; Металлургтер мәдениет үйі. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы ...

Жалғасы »

Облыс мектептері жаңа оқу жылына дайын!

Жаңа оқу жылында облыстағы 398 мектепте 139 мың оқушы білім алады. Олардың ішінде 1-сыныпта оқитындардың саны — 17 мыңға жуық. Оларға 17 473 педагог сабақ береді. 1 қыркүйек — Білім күні барлық білім беру мекемелерінде «Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие — Мәңгілік елдің кепілі», «Рухани құндылық — адам жанының алтын арқауы», «Рухани жаңғыру — ұлттың ұлы мұраты» тақырыптарының бірі таңдалып алынып, ...

Жалғасы »

«Әлем дәрігерінің» анасы

  «АНАҒА ТАҒЗЫМ Алып анадан туады» дейді халық даналығы. Сондай аналардың бірі — Сағынай Жалмұратқызы. Шалқардағы батагөй кейуана қазір 92 жаста.  Ол  жанына шипа іздеп алдына барған талай науқастарға ем жасап, алғысына бөленген есімі әлемге әйгілі нейрохирург-дәрігер, Қазақстанның Еңбек Ері Серік Ақшолақовтай азаматты өмірге әкелді. Қолы шипалы абзал жанның аяулы анасы қарттықтың биік шыңына шықса да, әлі де тың, айтары ...

Жалғасы »