Daily Archives: 10 шілде 2018

Елге қадірлі мереке

Астана күнінде Ақтөбеде аквапарк, сондай-ақ  балмұздақ және полиэтилен қалталарын шығаратын цехтар іске қосылды. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ақтөбелік кәсіпкерлер өз жерлестеріне осындай тартулар жасады.  БАЛМҰЗДАҚ АТЫ — «АСТАНА» «Айс плюс» ЖШС-ның жаңа цехының ашылу салтанатында «Астана» аталатын жаңа балмұздақтың шығарылатыны жария етілді. Цехтың іске қосылуына орай ұйымдастырылған жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов болды. Олар ...

Жалғасы »

Аквапарк есігін ашты

Облыс орталығында аквапарктің ашылуы қала тұрғындарын ерекше қуанышқа бөледі. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов қатысты. Ақтөбеліктерді Елорда күнімен құттықтаған облыс әкімі аквапарктің Ақтөбе облысындағы Балалар жылы аясында балаларға тамаша сыйлық екендігін атап өтті. — Сіздерді Астананың 20 жылдығымен — Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл әрбір қазақстандық үшін қазақ халқының еліміздің жаңа тарихындағы мемлекеттік ...

Жалғасы »

Ақтөбеде Шалқар ауданының күндері өтті

Облыс орталығында дәстүрлі түрде өткізілетін аудан күндерін биыл шалқарлықтар бастады.  Астананың 20 жылдық мерейтойы құрметіне Ақтөбе қаласында өткен «Шалқарым — өрелі өлкем, сыр шежірем» атты Шалқар ауданы күндерінде түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырылды.    Ақтөбе қаласында екі күнге созылған Шалқар ауданының күндері облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде «Қарттарым — асыл қазынам» тақырыбында қайырымдылық шарасын өткізумен басталды. Аудандық Мәдениет үйі ...

Жалғасы »

Дәрігерлермен қамту 4 пайызға өсті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірді медицина кадрларымен қамтамасыз ету мәселесі басты тақырыптардың бірі ретінде қаралды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, облыстың медициналық ұйымдарында қазіргі уақытта 3,8 мыңнан астам дәрігер және 7,6 мың орта арнаулы медицина қызметкерлері еңбек етеді. Жыл басынан бері тұрғындарды дәрігерлермен қамту 4 пайызға өсті. Орташа есеппен алғанда 10 мың тұрғынға 33 маманнан келеді. ...

Жалғасы »

Тікелей байланыста: Қарғалы ауданының әкімі

Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында 2018 жылғы 19 шілде күні сағат 15.00-де Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовпен тікелей телефон байланысы арқылы сұхбат ұйымдастырылады. Сауалдарды алдын ала 8 (7132) 55-11-11, 90-71-66 телефондары немесе aktobegazeti@mail.ru элек­тронды поштасы арқылы жолдай аласыз. Тікелей байланыста тілдесу телефоны: 8 (7132) 56-33-80.

Жалғасы »

Табиғатқа зияны жоқ…

Астананың 20 жылдық мерекесінде «Ақтөбе» индустриялық аймағында экологиялық жағынан тиімді полиэтилен қалташалар өндірісі іске қосылды. Көп жағдайда қолданылатын полиэтилен қалташалардың шіріп, топыраққа сіңбейтіні белгілі. Ал мұнда өндірілетін полиэтилен қалташалардың құрамына арнайы заттар қосылып, соның арқасында олар бір жылдың ішінде толықтай ыдырап кетеді. Бұл өндірісті «Поливест» ЖШС қолға алып отыр. Кәсіпорын жылына 1200 тонна өнім шығармақ, бұлар — түрлі мақсаттағы полиэтилен ...

Жалғасы »

«Yurta park» отбасылық демалыс саябағы ашылды

Ақтөбеде Қазақстанда баламасы жоқ «Yurta park» отбасылық демалыс саябағы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуына Ақтөбе қаласының  әкімі Ілияс Испанов қатысты. К.Нокин даңғылының бойында орналасқан демалыс саябағының аумағы — 3,5 гектар. Аумақ  үш бөлікке, яғни әкімшілік, мәдени, ойын-сауық және спорттық сауықтыру алаңына бөлінген. Саябақты ақтөбелік және алматылық кәсіпкерлер салған. Жобаны жүзеге асыру үшін бір миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. — Саябақ отбасылық ...

Жалғасы »

Балалар өзеннен өту әдістерін үйренеді

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов «Бақытты бала — Мәңгілік ел кепілі» жобасы аясында «Достық» жазғы лагеріне барды. «Достық» жазғы лагерінің үшінші маусымы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Бұл маусымда 240 бала демалып жатыр. Бүгінгі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік-патронаттық қолдау тапсырмасын орындау жұмыстары жалғасуда. Сол мақсатпен қала әкімі Ілияс Испанов 5 ...

Жалғасы »

Белсенді жастар марапатталды

25 маусымда облыс орталығынан Қызылорда өңіріне қарай «Құтты мекен Ақтөбеден — арайлы Астанаға» атты автокеруен бет түзеген еді. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған автокеруен Қызылорда, Алматы сынды Қазақстанның бұрынғы астаналарын, сондай-ақ, жолдағы облыс орталықтары мен қалаларды аралап, 2 шілдеде Астанаға жетті. Автокеруен құрамында белсенді жастар, өнер адамдары, спортшылар мен еріктілер болды. Кеше осы шараға белсенді қатысқан жастарға облыстық ішкі ...

Жалғасы »

Астана медицинасының дамуына үлес қосып жүрген ақтөбелік дәрігерлер

Астанада еліміздегі аса ірі медициналық орталықтар бар. Бұл жерде медицина ғылымының  шыңына  шыққан ғалымдар мен білікті мамандар жұмыс істейді. Оның ішінде Елорда медицинасының дамуына, жандануына үлес қосып жүрген ақтөбелік дәрігерлердің қатары  көп.  Мереке қарсаңында Астанадағы ірі республикалық орталықтар мен емдеу орындарында еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің бірқатарын  әңгімеге тарттық. Сәрсен ҚОБЛАНДИН, медицина ғылымдарының докторы, профессор,  академик, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі: ...

Жалғасы »