Daily Archives: 5 шілде 2018

Астана күніне тарту: Хромтауда мектеп пен тұрғын үй пайдалануға берілді

  Кеше Хромтау ауданында мектептің ашылу салтанаты өтіп, 120 отбасы қоныстойын тойлады. Елорда күніне орайластырылған мерекелік шара аясында, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ақшалай сыйлықтар табысталып, Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдығы кең көлемде атап өтілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ алдымен Дөң ауылындағы жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысты. 600 балаға шақталған жобаның құны — 1,4 миллиард теңге. — ...

Жалғасы »

Александр МАШКЕВИЧ: Ақтөбе — шағын және орта бизнес жұмысы үшін қолайлы жағдай құруға ең белсенді өңір

Кеше Ақтөбеде Еуразиялық топ құрамына кіретін кәсіпорындардың сатып алу процедурасына қатысушылар мен әлеуетті жеткізушілер үшін ERG компаниясының Ашық есік күні өтті. Өнер орталығында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Еуразиялық топ менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, сондай-ақ «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының және бизнес өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ірі кәсіпорындарды шағын және орта бизнес ...

Жалғасы »

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы талқыланды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы қаралды. Облыс бойынша тестілеудің орташа балы — 85,6. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 3,2 балға жоғары. Тестілеуге барлығы 5 230 түлек қатысты. 533 түлек (10,2%) шектеулі ұпайды жинай алған жоқ. Олардың арасында төрт «Алтын белгі» иегері де бар. Бұл дерекке байланысты жиын төрағасы мен қатысушылар бірқатар сұрақтар қойды. — ...

Жалғасы »

Құттықтаулар

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Ақтөбе облысының этномәдени бірлестіктері Сіздің қоғамдық келісімге негізделген, әлеуметтік мемлекет құруды көздеген еліміздің стратегиялық даму бағытын әрқашан қолдайды. Қазақстан халықтарының тамырын тереңге жайған достығы жылдан-жылға нығайып келеді. Барлық  бұл оң өзгерістер қазақстандықтар зор сенім артқан ұлттың Көшбасшысы өзіңіздің арқаңызда мүмкін болды. Сіздің күллі қызметіңіз әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, мемлекетті одан әрі нығайтуға, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға ...

Жалғасы »

Астана күніне орай Ақтөбеде 30-дан астам нысан ашылады

Ақтөбе облысында Астананың 20 жылдық тойына орай отыздан аса әлеуметтік, өндірістік және сауда орындарын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олардың құрылысы үшін 10 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жаңа ғимараттардың іске қосылуымен  300-ге жуық жұмыс орны ашылады. Мысалы, Ақтөбеде тәулігіне 50-ден 70 тоннаға дейін тәтті тағамдар шығаратын«Айс плюс» ЖШС балмұздақ өндіру цехы ашылады. «Ақтөбе» индустриалды аймағы қуаттылығы жылына 1 200 тонна өнім ...

Жалғасы »

Момын ағаның қуанышы

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күйші, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Момын Байғанинді Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Момын Байғанин — тұлпардың тұяғы, халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің кенже ұлы. Облыс әкімі оған мерекеге орай жаңа домбыра сыйға тартты. Момын аға — домбыраны алғаш әкесінен үйреніп, үш жасынан бері серік етіп келе жатқан жан. Оған сыйға тартылған домбыра арнайы тапсырыспен жасалған. Меймандар алдында ...

Жалғасы »

Аңсар Елбасы атынан ақ рояльға ие болды!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан» концерт залында Астана қаласының 20 жылдық тойына арналған І «Burabay Summer Fest» жасөспірім таланттардың халықаралық фестивалінің аяқталуына арналған гала-концерт өтті. Байқауға қатысуға республикамыздың барлық өңірінен және шетелден (Қытай, Беларуссия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркия) келген 400-ден астам өнерпаз қатысты. Балалар вокал, хореография, мәнерлеп оқу және аспапта орындау түрлері бойынша бағын сынады. ...

Жалғасы »

Ақтөбе вокзалындағы «Астана вальсі»

Арайлы Ақтөбеден — Арман қала Астанаға! Осындай атаумен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кеше Ақтөбе теміржол вокзалында мерекелік шара өтті. Астананың 20 жылдығына орай өткен шараға қаламыздағы барлық қосымша білім беру ұйымдарының талантты тәрбиеленушілері қатысып, жолаушыларға өз өнерлерін ұсынды. Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Жәния Есенжолованың айтуынша, шараның басты мақсаты — Астана күніне Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдары атынан өзіндік үн қосу. ...

Жалғасы »

Мерекелік медальдар табыс етілді

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты. Шарада алдымен сөз алған Ербол Нұрғалиев жиынға қатысушыларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтап, ақ тілегін жеткізді. — Еліміздің бас қаласы Астана қаласына биыл 20 жыл. Тарихпен санасақ, бұл көп уақыт емес. Дегенмен осы аз ғана жылдың ішінде Астана ...

Жалғасы »

Құқықбұзушылыққа неге жол беріледі?

Облыс әкімшілігінде құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. — Жалпы алғанда алты ай қорытындысы бойынша құқықбұзушылық деректері бойынша өсім бар, сондықтан біз бұған терең талдау жасап, алда не істеуіміз керектігін анықтауымыз керек. Ең бастысы, біздің бірігіп атқарған іс-шараларымыздың нәтижесі болуы тиіс, — деп атап көрсетті жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Жиында жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін ...

Жалғасы »