Daily Archives: 9 маусым 2018

Дін саласындағы тұрақтылықты нығайту — маңызды мәселе

Облыстағы теріс ағымдар жетегінде кеткен жандардың үштен бірі қателескендерін түсініп, қайта қатарға қосылып отыр. Бұл жөнінде бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өткен діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаевтың қатысуымен өтті. — Өңірде әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Біздің басты міндетіміз — халықтың ...

Жалғасы »

Дін және азаматтық қоғам министрі екі ауданда болды

Бейсенбі күні Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев Темір және Алға аудандарында болып, дін өкілдерімен және тұрғындармен кездесу өткізді. Келер жылы кеңқияқта жаңа мешіт ашылады Алдымен министр бастаған топ Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы «Зере» балабақшасына барды. Өткен жылы пайдалануға берілген балабақшада бүгінгі күні 250 бала тәрбиеленуде. Аталған балабақша ашылғаннан кейін ауылда балаларды мектепке ...

Жалғасы »

Ерекше балабақша ашылды

«Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбеде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық түзету балабақшасы ашылды. Батыс- 2 ауданындағы балабақша мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында іске қосылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ғимараттың салтанатты ашылуына қатысып, жиналғандарды құттықтады. — Бала — біздің болашағымыз. Олардың жақсы, тәрбиелі болып өсуі үлкендерге байланысты. Біз  балалардың еліміздің дамуына үлес қосатын, мықты азамат болып өсуі үшін жұмыс ...

Жалғасы »

Шетелдіктер жеті күрделі ота жасады

Ақтөбе медициналық орталығында «Оториноларингологиядағы заманауи тұжырымдамалар мен инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бес мемлекеттен келген білікті дәрігерлер екі күн бойы құлақ, мұрын, тамақ ауруларын емдеудегі жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Есту және тыныс алу органдарын қалпына келтіру бойынша жеті күрделі ота жасады. Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның жетекші дәрігерлері медицинаның маңызды бағыттарының бірін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. ...

Жалғасы »

Партиялық жұмыс: жеті бағыт бойынша

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы саяси кеңесінің облыстық филиал төрағасы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастаманың облыста жүзеге асырылу барысы мен партияны жүйелі түрде жаңғырту мәселелері қаралды. Бұған дейін Астанада Ұлт көшбасшысының төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мәжілісі өткізілгені белгілі. Онда Мемлекет басшысы негізгі жеті бағыт бойынша, атап айтқанда, партиялық кадрлармен жұмысты ...

Жалғасы »

Нұрлан Балғымбаевқа мемориалды тақта орнатылды

Еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін заман талабына сай дамытып, қазба байлықтарды тиімді игеріп, халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобаларды жасау ісіне тікелей араласып, ұйытқы болған Мемлекет қайраткері, экс-Премьер Нұрлан Балғымбаевқа Ақтөбе қаласында мемориалды тақта ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, сондай-ақ марқұмның тума-туыстары мен әріптестері, жора-жолдастары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Еңбек жолын қазіргі ...

Жалғасы »

Бес ай нәтижесі және жаңа басшы

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өткен бес ай ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында күн тәртібінде тұрған міндеттер де кеңінен талқыланды. Корпорация басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мамырғали Аққағазов сөзді акционерлік қоғамның бес айды 12 миллион теңге мөлшерінде таза пайдамен аяқтап отырғанын айтумен бастады. Алайда облыс басшысы бұл көрсеткішке бірден қанағаттанбаушылық білдіріп, тез арада ...

Жалғасы »

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпір

Кәсіподақ Қазақстан Республикасы  Кәсіподақтар федерациясының шешімімен  10 маусым — Кәсіподақтар күні болып белгіленген.  Осымен байланысты  бүкіл елімізде  іс-шаралар өтіп жатыр. Ақтөбелік кәсіподақ белсенділері өздерінің төл мерекесін жұма күні  қаламыздағы  «Рауан» мәдени орталығында үлкен салтанатты жағдайда атап өтті. Облыс әкімі  Бердібек  Сапарбаевтың атынан мерекелік іс-шараға жиналғандарды облыс әкімінің  орынбасары Ербол Нұрғалиев құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. — Кәсіподақ — маңызды, мағыналы жұмыстармен ...

Жалғасы »

Ақтөбе өкілдігі Бас мүфтидің атынан ауызашар берді

Сәрсенбі күні ақтөбеліктерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан ауызашар берілді. Ауызашар ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр Ғасыр» мешітінде өтті. Оған наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан арнайы қатысты. Ауызашарға ақтөбелік зиялы қауым өкілдері, Ақтөбедегі жоғары оқу орындарының, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, имамдар, ақсақалдар және кәсіпкер азаматтар мен БАҚ өкілдері шақырылды. Наиб мүфти Бауыржан ...

Жалғасы »

Төмен көміртекті жобалар жүзеге асырылмақ

Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының жаңа жобасы ұсынылды. Осыған орай Ақтөбе қалалық әкімдігінің ғимаратында «Қазақстандағы төмен көміртекті дамуы тұрақты қалалар» атты жиын өтті. Басқосуға өңірімізге іс-сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының өкілдері Ирина Байғазина мен Александр Белый, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілдері мен ірі кәсіпорындардың басшылары т.б қатысты. БҰҰ-ның Даму бағдарламасын іске ...

Жалғасы »