Daily Archives: 7 маусым 2018

«Дабыл-2018» командалық-штабтық оқужаттығу жиындары аясында Мұғалжар ауданының аумағында, Қандыағаш, Жем қалаларында және қала маңында тәжірибелік шаралар өткізіледі

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына! 2018 жылдың 7 маусымында «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқужаттығу жиындары аясында Мұғалжар ауданының аумағында, Қандыағаш, Жем қалаларында және қала маңында тәжірибелік шаралар өткізіледі. Нақты жағдайларға жақын оқу-жаттығу жиындары күндізгі және түнгі уақытта жүргізілетін болады. Осыған орай Мұғалжар ауданы мен Қандыағаш қаласының тұрғындарынан өткізіліп жатқан жаттығуға түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдары өкілдерінің талаптарын орындауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Жол ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

«Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу жаттығу жиындарының тәжірибелік шаралары 2018 жылғы 7 маусымы күні Мәртөк  ауданының аумағы мен Жайсан елдімекенінің маңында да өткізілуде. Оқу-жаттығу шараларын өткізу мен әскери және арнайы техниканың жұмысы кезінде көлік кептелістері туындауы мүмкін. Осыған орай облыс тұрғындарынан өткізілетін жаттығуға түсіністікпен қарап, жол жүру кезінде көлік қозғалысын ерте жоспарлап және жалған ақпарат пен арандатушылық қауесеттерді таратуға жол бермеуді сұраймыз. ...

Жалғасы »

6 мың жас «Жасыл елде» жұмыс істейді

Кеше Ақтөбе қаласының Кірпішті ауданындағы «Әсем» балалар лагерінде «Жасыл ел» еңбек жасағының 14-маусымы салтанатты түрде ашылды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, студенттер жасағының жауынгерлері қатысты. Биылғы маусымда облыс бойынша 6 мыңнан аса жас қала мен елді мекендерді абаттандыруға жұмылдырылады. Шараның ашылуында облыс әкімі Б.Сапарбаев жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтады. — Осыдан 14 ...

Жалғасы »

Суға түсу маусымы: азаматтардың қауіпсіздігі — басты орында

Облыста сумен жабдықтауды дамытудың көкейкесті мәселелері облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. 2017 жылы облыс бойынша «Нұрлы жол» және «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламалары аясында сумен жабдықтау және су тарту желілерін жүргізу бойынша 30 жобаны жүзеге асыру басталды. Бұдан басқа, республикалық бюджет есебінен Ырғыз ауданындағы Нұра және Мамыр селоларын сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні ...

Жалғасы »

Жеңімпаздар марапатталып, сенсорлы үйшіктер үлестірілді

Кеше Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта ерекше оқытуды қажет ететін балаларға сенсорлы үйшіктер табысталып, «Үздік сенсорлы үйшік» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев балаларды қуаныштарымен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді. Биылғы жыл облыс әкімінің ұсынысымен Балалар жылы болып белгіленді. Баланы бақытты ету — біздің қолымызда. Бақытты бала — біздің бақытты болашағымыз. Сондықтан облыс басшысы әр ...

Жалғасы »

Балалар кинофестивалінің үздіктері анықталды

4-5 маусым күндері өңірімізде алғаш рет «Kids Cinema World» балалар кинофестиваль-байқауы өтті. Аталған байқауда Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектептің оқушысы Ален Құрманбаев жеңімпаз атанып, 500 мың теңгенің сертификатына ие болды. Облыстық әкімдіктің қолдауымен және «Media PRO» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға 12-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысты. Ақтөбе қаласынан өзге, Хромтау, Қобда, Мұғалжар, Темір мен Алға аудандарынан да балалар ...

Жалғасы »

Тікелей желіде — Ырғыз ауданының әкімі

2018 жылдың 14 маусымы күні сағат 16.00-де «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында Ырғыз ауданының әкімі Мәди Елеусізов оқырмандар сұрақтарына жауап береді. Тікелей желі телефоны: 56-33-80. Сауалдарды алдын ала 55-11-11 телефондары арқылы беруге немесе aktobegazeti@mail.ru электрондық поштасы арқылы жіберуге болады.  

Жалғасы »

Мереке күнгі марапат

5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күні Ақтөбеде осымен жетінші рет ұйымдастырылған «Таза болса табиғат — аман болар адамзат» байқауының қорытындысы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күнінде жарияланды. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің конференция залында өткен мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, сондай-ақ экология саласының ардагерлері мен мамандар, мекеме, кәсіпорын өкілдері мен жастар ...

Жалғасы »

Ғұн дәуірінің ескерткіші табылды

Өткен жексенбі, маусымның 3 күні Ақтөбе қаласы маңындағы құрылысқа қажетті құм өндірілетін орындардың бірінен ғұн дәуіріне жататын көне қабір табылды. Көне ескерткішті археологтар емес, құм өндіріп жүрген жұмысшылар тапқан. Үш метр тереңдіктен алдымен — адам сүйектері, соңынан түрлі бұйымдары шыққан. Алғашында абдырап қалған жұмысшылар дереу ес жиып, құм өндірілетін карьердің учаске бастығы ДанатБақыт ішкі істер органдарына хабар беріпті. Олар өз ...

Жалғасы »

Желтоқсанда «Нұрлы жер» бойынша 9 қабатты үй пайдалануға беріледі

Батыс-2 ауданында салынып жатқан 14 793,6 шаршы метрлік (256 пәтер) 9 қабатты үйдің құрылысын «СК Актобестрой-Инвест» ЖШС жүргізіп жатыр. Бұл үй биыл желтоқсан айында «Нұрлы жер» бағдарламасының ережесіне және «Сбербанк» АҚ ЕБ мен «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ арасындағы келісімге сәйкес, тұрғынүйқұрылысжинақ банкі салымшыларына ұсынылатын болады. Банк салымшыларына барлығы128 пәтер ұсынылады. Әр шаршы метрдің құны — 160 мың теңге. Ақтөбе — «Нұрлы ...

Жалғасы »