Daily Archives: 5 маусым 2018

«Бақытты бала-2018»: Нарқыз бен Ержанның жүлдесі

Ақтөбе мәдениетінің жаңа бренді — «Бақытты бала» халықаралық байқауы мәресіне жетті. Өнер додасының жүлдесі Ақтөбе және Орал қалаларынан қатысқан талантты балаларға бұйырды. Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен бас жүлдеге ақтөбелік Нарқыз Жанұзақова мен оралдық Ержан Максим лайықты деп танылды. Нарқыз бұған дейін де талай байқаудың жеңімпазы атанған. «Сиқырлы микрофон» халықаралық конкурсы (Астана қаласы, 1-орын), «Әлемталантstars» халықаралық конкурс-фестивалі (Ақтөбе қаласы, бас жүлде), ...

Жалғасы »

Астанада Мемлекеттік рәміздер мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомствоаралық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Жиында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға байланысты атқарылып ...

Жалғасы »

Қобдада балалар аллеясы ашылды

Өткен сенбіде Қобда ауданында болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан орталығында жаңадан бой көтерген спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысып, «Отан-Ана» саябағындағы балалар аллеясының ашылуына қатысты. Алдымен Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барған облыс әкімі Исатай Таймановтың құрметіне арналған дзюдодан облыстық ашық біріншілігіне қатысып, жас балуандардың өнерін тамашалады.«Бақытты бала» акциясы аясында өтіп жатқан додаға Ақтөбе қаласынан өзге, Темір, Мұғалжар, Қарғалы, Мәртөк, Байғанин, Ойыл, ...

Жалғасы »

Рәміздер — Мемлекеттік құндылық

Кеше Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздер — мақтанышым» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік шара жастардың флешмобымен басталып, одан кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Шарада Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтады. — Елдің ел, мемлекеттің мемлекет екендігін айқындайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен баршаңызды құттықтаймын. ...

Жалғасы »

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

«Бақытты бала» халықаралық байқауының артында қыруар ұйымдастырушылық жұмыс тұр: балалардың өнерін бағалау, іріктеу, келушілерді орналастыру, сахнаны безендіру, байқау өтетін орынды әзірлеу, ақпараттық қолдау, жарнамалау жұмыстары, костюмдер әзірлеу, көпшілік шараларды ұйымдастыру, т.б. сынды іргелі жұмыстарды атқару бір адамның ғана қолынан келмейді. Оның артында тұтас команданың еңбегі жатыр. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов осы шараны өткізу барысында жан-жақты қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

2018 жылдың 4 маусымы күні «Дабыл-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Оқу-жаттығулардың мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара байланысты көтеру. Оқу-жаттығу жиындары барысында қызметтік-жауынгерлік күш және құралдардың дайындығы, олардың өзара іс-әрекеттерін іс-қимылын үйлестіру және келісу, сондай-ақ, олардың өзара басқаруын ұйымдастыру деңгейі тексеріледі. Аталған оқу-жаттығу жиындары жыл сайын жоспарлы түрде өткізіліп келеді. Осы жылғы жиынның ...

Жалғасы »

Жергілікті өнімдерге басымдық берілуі керек

Баға Еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда азық-түлік өнімдері бізде едәуір арзан. Мәселен,  мемлекет тарапынан бекітілген әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының 17 түрі бойынша өткен мамыр айында баға облыста республиканың орта көрсеткішінен төмен, екі түрінен ғана жоғары болды. Ай ішінде қарақұмық жармасы, тауық еті, жұмыртқа арзандап, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің сегіз түрі өткен айдағы бағаның деңгейін сақтап тұр. Әрине, жазғытұры қараөзек ...

Жалғасы »

Маңызды науқанның соңғы сәті

Көктемгі егіс Облыс бойынша бүгінгі күнге 450 мың гектар алқапқа жазғы дәнді дақылдар себілді. Бұл себілуге тиісті жаздық дәнді дақылдардың 73 пайызын құрайды. — Кейінгі күндердегі жауын-шашын бөгеді. Дегенмен, барлық аудандарда көктемгі егіс науқаны қарқын алып, жұмыс біраз еңсерілді. Мысалы, Әйтеке би ауданында барлық дәнді дақылдардың 80 пайызы себіліп үлгерді. Бұл өңірде биыл алғаш рет мақсары дақылы егілді. Мұғалжар, Темір ...

Жалғасы »

Үш ақтөбелік спортшы — чемпион!

Ұлттық спорт түрлерін жанына серік еткен ақтөбелік жігіттер Астана қаласында өткен Азия чемпионаттарынан олжалы оралды. Теңге ілу мен аударыспақтан сынға түскен үш жерлесіміз де алтын медальдің иесі атанды. Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған қос жарыс — теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты мен аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты осы айдың 1-2 күндері Елордадағы «Қазанат» ипподромында ұйымдастырылған-ды. Теңге ілу бойынша өткен жарысқа Азия ...

Жалғасы »

Менингитпен тіркелгендер жоқ

Елімізде менингит ауруына шалдығып, көз жұмған балалар туралы ақпарат әлеуметтік желіде жиі жазыла бастады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мәмбетжанованың айтуынша,  облыста жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ. — Қаңтар-ақпан айларында екі бала және бір ересек адам осы сырқатпен ауруханаға түсті. Қазір олардың барлығы жазылып, үйлерінде жүр. Жалпы бұл — халық арасында кең таралған дерт және жыл сайын осы ...

Жалғасы »