Daily Archives: 12 мамыр 2018

Ақтөбеде Астана қаласының мәдени күндері өтіп жатыр

Қымбатты ақтөбеліктер және қала қонақтары! Астананың 20 жылдық мерейтойына орай 11-13 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында Астана қаласының күндері өтуде. Астана күндері аясында Елордадан келген қонақтар Ақтөбе қаласының әлеуметтік нысандарын, өндіріс саласын аралап көріп, тыныс тіршілігімен танысады, астаналық ірі кәсіркерлердің қатысуымен өңіраралық бизнес-форум өтеді, іскерлік қарым қатынасты дамыту мақсатында меморандумдарға қол қойылады. 12 және 13 мамыр күндері сағат 19.00-де Т.Ахтанов атындағы ...

Жалғасы »

Раушан СӘРСЕМБАЕВА, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы: Ақтөбеде өтіп жатқан халықаралық форумның еліміз үшін маңызы зор

Кеше Ақтөбеде «Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйым серіктестігі» тақырыбында әлеуметтік кәсіпкерлік саласы бойынша халықаралық форум басталды. Облыста 11-12 мамыр күндеріне жоспарланған халықаралық форумның ашылу салтанаты Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында өтті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалының қолдауымен өткізілген форум  ел аймақтары арасында Ақтөбеде бірінші болып ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейдегі форумның жұмысына Қазақстан ...

Жалғасы »

311 ақтөбелік пәтерлі болды

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 311 салымшысы «Нұр Ақтөбе» ауданынан пәтер алды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен аталған банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғындарға пәтер кілтін табыс етті. Облыс әкімі жиналған жұртшылықты жаңа қоныстарымен құттықтады. — Осыдан бір жыл бұрын  мына жердің шаңы бұрқырап жатыр еді. Қазір мыңға жуық пәтер салынды. Тұрғындар жаңа қонысқа көшіп, баспана ...

Жалғасы »

Қала әкімдігіне қоқыс шығару мәселесін шешуге екі күн берілді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 31 басқарушы компанияның басшыларымен, соның ішінде қаланы санитарлық тазалумен айналысатын операторлармен кездесті. Кездесудің басты тақырыбы қоқыс шығару мен облыс орталығын абаттандыру мәселелері болды. Қоқыс шығару жұмыстарын жолға қою қажеттілігі — бүгінде бұл компаниялар үшін бірінші міндет. — Бүгін және ертең ортақ күш-жігерімізбен қаланы тазалау қажет, бірде-бір қоқыс алаңында қоқыс болмауы тиіс, — деді облыс басшысы. Қала ...

Жалғасы »

127 мың ақтөбелік оқушы жазғы демалыспен қамтылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе агломерациясын 2030 жылға дейін қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жүзеге асыру жобасы қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Ақтөбе агломерациясын қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарында дамудың сегіз негізгі бағыты анықталған. Оларды жүзеге асыру мақсатында 2018-2024 жылдарға арналған шаралардың индустриалды-инновациялық жобаларды, көлік логистикасы мен білім беру ...

Жалғасы »

Батырдың құрметіне арналған байрақты бәсеке: үш ақтөбелік — жеңімпаз

Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек спорт сарайында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған дзюдо күресінен халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жаһандық жарысқа ерлер мен әйелдер теңдей ќатысуға мүмкіндік алған. Додаға 13 команда, яғни еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ Қытай және Өзбекстан мемлекеттерінен 200-ге жуық спортшы арнайы келген. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев және дзюдодан ...

Жалғасы »

Әке беделін көтерген байқау

Өткен сенбі күні Өнер орталығы ғимаратында «Менің әкем» байқауы қорытындыланды. Облыстық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған жобаға 116 ер адам қатысты. Әлеуметтік жобаның мақсаты — қоғамдағы әкенің беделін арттыру, оларға құрмет көрсету. Қатысушылар өзара 8 аталым бойынша сынға түсті. — «Отан отбасынан басталады» десек, оның қандай болатыны отағасыға байланысты. Сондықтан әкелерге арналған бүгінгі шара қоғамға өте қажет деп білеміз. Әкенің қоғамдағы ...

Жалғасы »

Медбикелер мерейі

Атаулы көмек 12 мамыр —  Халықаралық медбикелер күні. Осыған орай А.Досжанова атындағы конференц-холда салтанатты шара өтті. Науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін, дәрігердің айнымас серігі медбикелердің кәсіби мерекесі биыл ерекше ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев медбикелерді құттықтады. — Облысымызда алты мыңға жуық медбике жұмыс жасайды. Емдеу мекемесіндегі ең ауыр жұмыстарды атқаратын да, науқасқа ең бірінші болып көмек қолын созатын ...

Жалғасы »

Бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Кеше Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек спорт сарайында бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Додаға еліміздің барлық облысынан 180-ге тарта спортшы жиналды. Жарысқа құрметті қонақ ретінде бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев пен танымал былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев қатысты. Шараның салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин: —  Елбасының тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортпен шұғылданатын халықтың саны ...

Жалғасы »

Соғыс тақырыбындағы әндер шырқалды

Жеңіс күніне арналған шаралар Өнер орталығында жалғасты. Облыстағы өнер ұжымдарының «Ұлы жылдарға тағзым» аталатын концертінде соғыс тақырыбына арналған өлеңдер шырқалды. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері тыңдарманға сол зұлмат жылдарды еске түсіретін шығармалар ұсынды. Жеке дауыста ән салған Айбек Қарағұлов, Өркен Сағиев, Жасарал Ембергенов, София Федоренко, Данияр Құлжанов, Нұржан Қаражановтар «Темная ночь», «Тос мені, тос!», «Алма бағында», «Баллада о матери», «Соғыстан ...

Жалғасы »