Daily Archives: 10 мамыр 2018

Ешқашан ұмытпаймыз!

Төрт жыл, 1400 күн мен 1400 түнге созылған екінші дүниежүзілік соғыста 27 миллионнан астам адам ажал құшты. Бұл дегеніңіз, әр күн сайын 14 мың, әр сағат сайын 700, ал әр минут сайын 10 адамның өмірі қиылды деген сөз. Миллиондаған адамның қыршын өмірімен, тыл еңбеккерлерінің зейнетімен келген төрт жылдық үміттің жеңіске жеткен күні Ақтөбеде биыл да салтанатпен аталып өтті. Екінші дүниежүзілік ...

Жалғасы »

Ерлікке тағзым еткен күн

Ақтөбе облысының әкімдігі Ресей Федерациясы Тверь облысы Ржев қаласының әкімшілігіне 100-інші және 101-інші атқыштар бригадасының қазақстандық жауынгерлеріне арналған жаңартылған мемориалды кешенді табыс етті. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған делегация Ржев қаласындағы 100-інші және 101-інші атқыштар бригадасының қазақстандық жауынгерлеріне арналған мемориалды кешенге барып, ерлікпен қаза болған сарбаздарды еске алып, тағзым етті. Салтанатты шараға Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшісі Иманғали Тасмағамбетов ...

Жалғасы »

Норимас Шимомурумен кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимас Шимомурумен кездесті. Облыс басшысы мейманға өңірдің дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. — Биыл Бірікккен ұлттар ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы қызметінің басталғанына 25 жыл толады. Осы уақыттың ішінде ұйым елімізде, атап айтқанда Ақтөбе облысында көп жұмыстар атқарды. Біз ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға ...

Жалғасы »

Ардагерлерге 300 мың теңгеден берілді

Жеңіс мерекесі қарсаңында облыстағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оған теңестірілген және  басқа да теңестірілген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек берілді. Оның  ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 300 мың теңгеден, теңестірілген азаматтарға — 50-60 мың, қайтыс болған және жесір қалған ардагерлердің әйелдеріне — 25-35  мың, тыл еңбеккерлеріне 12-15  мың теңгеден берілді. Барлығы 7954 адам 195,2 миллион теңге көлемінде бір ...

Жалғасы »

Ынтымағымыздың нәтижесі

Шерушілермен бірге бас даңғылдың бойымен жүріп өткен  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңында ұйымдастырылған «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты салтанатты шарада ақтөбеліктерді Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады. — «Тарихсыз болашақ болмайды» деген дана сөз бар. Әсіресе, бізге осындай тәуелсіз мемлекетті, бейбітшілікті, жақсылықты алып келген күндерді біз ешуақытта ұмытпауымыз керек. Өздеріңіз баспасөзден, өмірден, аталарыңыздың айтқанынан жақсы ...

Жалғасы »

Қарияларға құрмет көрсетті

Жеңіс мерекесі қарсаңында, Отан қорғаушылар күнінде, Ақтөбеде ардагерлерді құттықтады. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова 93 жастағы Григорий Прихно мен Абдолла Нұсқабайды Жеңіс мерекесімен құттықтап, олардың шаңырақтарына барды. Ардагерлер қонақтарды омыраулары орден-медальдарға толы, сәнді киініп, ұл-қыздары мен немере-шөберелерінің ортасында қарсы алды. Ербол Нұрғалиев пен Күлпаршын Айдарханова ардагерлерге облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтауын жеткізіп, сыйлықтар ...

Жалғасы »

Құрмет көрсетілді

1945 жылдың 9 мамырында бұған дейін Ленинград, Двинск, Псков, Новгород, Рига қалаларын жаудан азат етуге қатысқан 13-әскери-жол отряды Литваның солтүстігіндегі Шяуляй қаласында еді. Ақтөбелік Сағидолла Разбаевосы отряд құрамында бөлімше командирі болатын. Жеңіс хабарын олар ертеңгілік естіді. Майдандастардың қуанышында шек болмады: бірін-бірі құшақтап, айғайлаған дауыстар, күлкі, би, көз жасы… Дегенмен оларды үйлеріне бірден қайтарған жоқ. Литва жерінде тағы да жарты жылдай ...

Жалғасы »

Батыр есімімен аталатын 46 көше абаттандырылды

«Нұр Отан» партиясы қолға алған жаңа бастамалардың бірі — «Қаһарман даңғылы» абаттандыру акциясы. Бұл акция облысымызда да ұйымдастырылып, партиялықтар мен жасотандықтар қала мен аудандардағы қаһармандар атымен аталған 46 көшені абаттандырды. Қала бойынша 200-ге жуық нұротандық пен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері сенбілікке шықты. Олар 7 көшеге тазалық жұмыстарын жүргізді. Жол жиегін сыпырып, қыстан қалған қоқыстарды шығарды. — Қалада батырлардың  есімімен ...

Жалғасы »

Балалар футболын дамыту — басты назарда

«Ақтөбе» футбол клубының кеңсесінде облыс әкімінің орынбасары, Ақтөбе футбол Ассоциациясының президенті Қайрат Бекеновтің қатысуымен өткен жиында аймақта футболды, оның ішінде балалар футболын дамытудың жайы талқыланды. Жиын барысында Ассоциацияның бас хатшысы Асхат Қалжанов бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта жасалатын іс-шаралар жоспарын баяндады. — Соңғы жылдары аймақта спорттың бұл түрін дамыту үшін жергілікті билік тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. ...

Жалғасы »

«Бізді сенім жетеледі»

Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы соғыс ардагері Григорий Прихно ақсақалды үйіне барып құттықтады. ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин мен Кадр қызметі басқармасының қызметкерлері ардагерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, департамент бастығы Махамбет Әбисатовтың атынан алғыс  хат пен сый-сияпат берді. Григорий Прихно әскерге 1943 жылы 17 жасында алынған. Жүздеген мың кеңес әскері секілді фашистерді соққыға жығамын деген жастық албырттықпен ...

Жалғасы »