Daily Archives: 5 мамыр 2018

9 мамыр — Жеңіс күні

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қымбатты жерлестер! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сол жылдардың жаңғырығы бізге Отанға берілгендік және оны ерлікпен, жауынгерлік рухпен қорғау үлгісінің мәңгілік мысалы іспеттес. Өз өмірін қиып, Отанымыздың тәуелсіздігі, бейбіт күн мен бостандық үшін күрескен ерлерге, тылда жанқиярлықпен еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосқан еңбеккерлерге біздің алғысымыз шексіз. Бүкіл еліміз сияқты, Ақтөбе облысы да фашизммен ...

Жалғасы »

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

Құрметті ақтөбеліктер, Қарулы Күштер жауынгерлері мен ардагерлері! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Осыдан 26 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті — Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлттық Қорғаныс Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сол уақыттан бері бұл Отан үшін қалтқысыз қызмет ететін рухы мықты, ержүрек азаматтардың  мерекесіне айналды.   Қасиетті атамекенімізді қорғауды кәсібіне айналдырған біздің жауынгерлеріміз ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Биыл 754 мың гектар жерге егін егілуі керек…

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Алға ауданында болып, шаруа қожалықтары мен әлеуметтік нысандарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Лагерьді аралады, жолдамалар табыстады Алдымен облыс басшысы Бестамақ ауылына жақын орналасқан облыстық Алға балалар үйіне қарасты «Ақбөбек» жазғы лагерінің базасын аралап, қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимараттың жағдайын қарады. Бұл жерде алдағы уақытта «Күншуақ» атты жыл бойғы балаларға арналған инклюзивті-сауықтыру лагері ...

Жалғасы »

Келесі жылы Ойыл және Қобда аудандарындағы бес ауылға газ беріледі

Бейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Ойыл және Қобда  аудандарына барып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.     Ойыл ауданының әкімі ауысты Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Ойыл ауданының активі өтті. Жиында өңір басшысы ауданның жаңа басшысын таныстырды. Оған ҚР Президенті әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Дастан Сағыров тағайындалды. Дастан Сағыров 1975  жылы Шалқар ауданында туған. Еңбек жолын 2002 ...

Жалғасы »

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы: мақсаттар мен міндеттер

 Биыл облыста «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша жалпы құны 752 миллион теңгені құрайтын 73 жоба жүзеге асырылады. Кеше Ақтөбедегі Өнер орталығында өткен «Рухани қазына» облыстық фестивалі аясындағы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің форумында аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында атқарылған істер мен алдағы жоспарлар талқыланды.Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді іске асыру ...

Жалғасы »

Ақтөбедегі алғашқы спартакиада

Кеше Ақтөбеде Астана қаласының 20 жылдығына орай сыртқы мемлекеттік аудит органдары қызметкерлері арасында І республикалық спартакиада басталды. Екікүндік жарысқа республиканың 11 облысынан 300-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып жатыр.  Қатысушылар спорттың волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, дартс және шахмат сынды 5 түрі бойынша сынға түсуде. Шараның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барша қатысушыларды  І республикалық спартакиаданың басталуымен құттықтап, командаларға ...

Жалғасы »

Азық-түлік бағасы бақылауда

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Ақтөбе қаласындағы «Дина» мен «Анвар» супермаркет желілерін аралады. Мақсат —  азық-түліктің бағасы мен сапасын бақылау.   Қайрат Бекеновтің айтуынша, әлеуметтік желілерде азық-түліктің бағасы мен сапасына қатысты халықтан түсетін шағым көп. Көпшілігі анонимді түрде наразылықтарын білдіреді. «Дина» супермаркет желісінің директоры Алмас Елеуовтің айтуынша, облыстық әкімдікпен арадағы меморандумның талабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ...

Жалғасы »

Ақтөбе-Ташкент: тікелей байланыс

2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 17,5 миллион АҚШ долларын құрады, оның ішінде: экспорт — 15,8 миллион және импорт — 1,7 миллион. Облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасы берген ақпаратқа қарағанда, қазіргі уақытта Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 281 кәсіпорын жұмыс істейді. 12-13 сәуірде облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин басқарған біздің облыстың іскерлік тобы өкілдері ...

Жалғасы »

Әлеуметтік бағыт ұсталуға тиіс

 Форум Кеше «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының бас ғимаратында «Ашық есік күні» форумы өтті. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған  бұл форум — қоғамдық-бизнестік шара. Оның мақсаты — аталған акционерлік қоғамның жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде қазақстандық құрамды дамытудағы серіктестік және іскерлік-тәжірибелік ұмтылысының ашықтығын көрсету болды. Барлық қатысушы тараптар үшін дәстүрлі әрі өте маңызды бұл форум арқылы ірі жер қойнауын пайдаланушылар, ...

Жалғасы »

Пилоттық жоба: қауіпсіздік және тиімділік

Ақтөбеге келген БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ Даму Бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мен Еуропалық Одақтың Ынтымақтастық бөлімінің Қазақстандағы делегациясының басшысы Иоханнес Стенбек Мадсен Ақтөбе су қоймасына барды. Делегация Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ «Ақтөбе облысындағы гидротехникалық құрылысты кешенді қолдану және қауіпсіздік» атты бірлескен пилоттық жоба аясында орнатқан жаңа ерте алдын-алу ескерту жүйесін аралап, оның жұмыс жасау принципімен танысты. Пилоттық ...

Жалғасы »