Daily Archives: 3 мамыр 2018

Мерекелік салтанатты шеруге 10 мыңнан астам ақтөбелік қатысты

Ақтөбеде  1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кең көлемде тойланды. Мереке күнгі салтанатты шара «Бірлігіміз жарасқан» шеруімен басталды. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, еңбек ұжымдары мен оқу орындары, облыстың және қаланың құрметті азаматтары, партиялар, қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. 10 мыңнан астам ақтөбелік облыс орталығындағы бас даңғыл — Әбілқайыр хан көшесі бойымен жүріп өтіп, «Қазақ халқына мың алғыс!» стеласы ...

Жалғасы »

Дарынды ата-бабаларымыздың

жадысын жандандыру Қазақстанда қалай өтуде

Дәстүрге деген құрмет, патриоттық сезім мен Отанға деген махаббат, міне осы қасиеттер қазақ халқының мақтанышы болып табылады. Бүгінгі жас буынның күннен-күнге өз тарихымыз бен салт дәстүрімізге деген қызығушылығы арта түсуі қуантады. Еңлік пен Кебектің мәңгі махаббаты, Бибігүл Төлегенованың бұлбұл дауысы немесе Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Дударай» сөзсіз барлығының есінде. Көптеген әндер мен күйлердің жоғалғанына қарамастан, елімізде талантты ата-бабаларымызды еске алу қайта ...

Жалғасы »

Бақ қонған отбасылар

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев интернационал отбасылардың үйлеріне барып, мерекемен құттықтады. Солардың бірі — бірлігі жарасқан Елемесовтер отбасы. Білім саласының ардагері Асылхан Елемесов орыс ұлтының өкілі Инна Клявинамен отбасын құрып, бүгінде бақытты ғұмыр кешіп жатыр. — Мен үшін Ақтөбенің топырағы ыстық. Себебі осы жерде балаларымызды тәрбиелеп,  жемісті еңбек еттік. Мен қырық жылға жуық Ақтөбе қалалық көркемсурет лицейінде қызмет атқардым. Екі ...

Жалғасы »

Құрылыс пен жол сапасы қатаң бақылауда болуы тиіс

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен әлеуметтік құрылыстар, жолдар, тұрғын үй және инженерлік желілерге қатысты мәселелер жөнінде жиналыс өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың басшыларынан өзге мердігерлік құрылыс мекемелерінің өкілдері қатысты. Мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып жатқан облыстық өлкетану мұражайы, мұз сарайы, теннис орталығы, облыстық балалар стомотологиясы және басқа да ірі әлеуметтік құрылыстардың пайдалануға берілетін түпкілікті мерзімі қаралып, бекітілді. ...

Жалғасы »

Республикалық арнайы мониторингтік топ — Ақтөбеде

Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі республикалық арнайы топ мүшелері Ақтөбе облысына келді. Құрамында агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин, мемлекеттік қызмет көрсету департаменті директорының орынбасары Данияр Сабырбаев агенттік жанындағы арнайы мониторинг тобының басшысы, ҚР Парламент мәжілісінің 4-ші және ...

Жалғасы »

Берекелі бірлік

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Ақтөбе қаласындағы олимпиада резервтерін даярлау орталығында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бастауымен еңбек ұжымдары арасында спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық шараның марапаттау рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Спартакиада спорттың мини-футбол, волейбол, асық ату, гір көтеру, үстел теннисі сынды барлығы 8 түрінен өтті. Жарысқа «Трансэнерго», «Ақбұлақ», «Қазақтелеком», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Қазхром» трансұлттық ...

Жалғасы »

Нәтижелі жұмыс кепілі: ашықтық және айқындылық

Кеше облыс әкімдігінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуын бағалау және сыртқы талдау бойынша арнайы мониторингтік топтың отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов, республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері, департамент қызметкерлері, мемлекеттік мекеме басшылары, облыстық мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Отырыста облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов Астанадан келген жемқорлыққа қарсы арнаулы топ өкілдерінің облысқа ...

Жалғасы »

Әуезов театры келді

1-5 мамыр күндері аралығында Ақтөбе қаласында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының гастролі өтеді. Араға тура он жыл салып ақтөбелік көрермендерімен қауышқан труппа 5 спектаклін сахналамақ. Осыған орай кеше КСРО Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен жоғарыда аталған театрдың директоры Асхат Маемиров журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған гастрольдік сапар барысында алматылық ...

Жалғасы »

Облыс әкімі кубогы үшін турнир басталды

Ақтөбе қаласындағы футболдан облыстық балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінде футболдан 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысы әкімінің кубогына арналған ІІІ халықаралық турнир басталды. Жарысқа  облыстық балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебі, «Ақтөбе», Шымкент облыстық жасөспірімдер спорт мектебі, «Пахтакор» (Өзбекстан), «Урал» (Екатеринбург, Ресей), «Носта» (Новотроицк, Ресей) футбол командалары қатысуда. — Халықаралық турнир алғаш рет 2016 жылы бастау алды. Бұл біздің ақтөбелік жас спортшылар үшін маңызды ...

Жалғасы »

Әкелерге құрмет көрсетіледі

Бүгінгі күні қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттауға ынталы азаматтардың қатары көбейгені қуантады. Сондай азаматтардың бастамасы бойынша «Менің әкем» атты облыстық байқау ұйымдастырылып отыр. Кеше ұйымдастырушылардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылғандай, «Менің әкем» әлеуметтік жобасы 5 мамыр күні Ақтөбедегі Өнер орталығында өтетін салтанатты шарада қорытындыланады. — Байқауға қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі 16 сәуірге дейін деп белгіленді. Сол күнге дейін 116 өтініш қабылдадық. ...

Жалғасы »