Daily Archives: 7 сәуір 2018

25 ауылдық округке қызметтік көлік берілді

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар ауылдық округтің әкіміне салтанатты түрде автомобиль кілтін табыс етті. Облыста 147 ауылдық округ бар. Осы жолы соның 25-і елімізде жинақталған «Нива» маркалы көлікке ие болды. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 96 миллион теңге бөлініпті. Салтанатты шарада облыс әкімі: — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің негізгі міндетіміз — ауылда қызмет етіп жатқан азаматтарға жағдай жасау. Ал ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Хромтау Ақтөбеден кейінгі екінші қала болуы керек

Әлеуеті зор ауданның бұған мүмкіндігі мол Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Хромтау ауданына барды. Мұнда ол шалғайда орналасқан ауылдардың тыныс-тірлігімен танысып, халықтың жағдайын, өзекті мәселелерін білді. Уәде орындалды — Бөгетсай ауылы таза сумен қамтылды Облыс әкімі алдымен Бөгетсай ауылына барып, ондағы су құбыры желісінің ашылу салтанатына қатысты. Ауыл халқы таза сумен қамтылғандарына мәз. — Облыс басшысы Бердібек Машбекұлы біздің ...

Жалғасы »

Ұсыныс бірауыздан қабылданды

Сессия Кеше Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс 29-сессиясы өтті. Сессия отырысында «Ақтөбе қаласында құрылған екі ауданға атау беру туралы» мәселе қаралды. Сессия жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және қалалық бөлім басшылары қатысты. Отырысты сессия төрағасы Асхат Қабиев жүргізіп отырды. Сессия отырысында «Ақтөбе қаласында құрылған екі ауданға атау беру туралы» ...

Жалғасы »

Қаламыздағы барлық лифтінің жағдайы тексеріледі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша сараптама комиссиясы құрылып, ол көп қабатты ғимараттарда қызмет көрсететін лифт жабдықтарының қауіпсіздігі мен сапасына, сондай-ақ оларға қызмет көрсетумен айналысатын компаниялардың жұмысына кешенді тексеру жүргізеді. — Бізді қайғылы жағдай қатты қобалжытты. Бұл жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін біз қажетті шараларды қабылдауға тиіспіз. Қала әкімдігі прокуратура мен тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, барлық лифтілердің жұмысқа қабілеттілігін, ...

Жалғасы »

Қарулы күштер — бейбіт өмір кепілі

Ақтөбеде жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толуына орай шаралар өтті. Кеше ертеңгілік Әлия Молдағұлова ескерткіші алаңында Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері мен жас жауынгерлер сап түзеп тұрды. Осы жерде облыстық департаменттер мен басқармалар басшылары, әскери қызметте болған ардагерлер және Ақтөбедегі жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің қатысуымен «Ерлікке тағзым» атты салтанатты шара өтті. Жиында алдымен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов ...

Жалғасы »

Облысымыздың жоғары оқу орындары бәсекеге қабілетті мамандар даярлауы керек

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кездесуде Ақтөбе университеттерінің қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Жиынға Ақтөбе қаласының барлық алты жоғары оқу орындарының басшылары қатысып, олар өздері басқаратын мекемелердің қызметі туралы есеп берді, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты. Жиын барысында облыс әкімі жастар саясатын іске асыру, жоғары оқу орындарының студенттерді даярлау сапасы, студенттер арасындағы құқықбұзушылықтардың ...

Жалғасы »

Ұйымдар дерекқорға мәлімет ұсынуға міндетті

Бейсенбі күні облыстық әкімдік ғимаратында үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәлімет ұсынбаған коммерциялық емес ұйымдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты семинар-кеңес өтті. Ақтөбе қаласы және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің мамандарына арналған шараға сот, прокуратура, әділет, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері де қатысты. ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының  41-бабының 5-тармағына және  Мәдениет және спорт министрінің «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну ...

Жалғасы »

«Қоғамдық бақылау картасы» іске асырылып жатыр

Мемлекеттік қызмет ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Қобда ауданына барды. Аудан орталығында өткен  «Адал жол — Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетаға қатысты.   Департамент директоры Әлия ауылында  батыр атындағы облыстық патриоттық орталыққа барды. Бұл жерде ауыл тұрғындарымен кездесті. —  Ақтөбе облысына төрт күндік ресми сапармен келдім.  Негізгі мақсат ...

Жалғасы »

Астана мен Алматы — Тәуелсіздігіміздің символы

Кеңес БІРМАНОВ, облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы. Қаланы аудандарға бөлу — бірінші кезекте халыққа қызмет көрсетуді жақсарту, басқару ісін жеңілдету мақсатын көздеп жасалады. Ақтөбе қаласының халқы  қазір өсіп, жарты миллионға жақындады. Қала тұрғындары аз болған өткен уақыттарда да қаланың екі ауданға бөлініп жұмыс істегені белгілі.  Ал қазіргі аумақтық бөлініс — халықтың, көпшіліктің жағдайына қарау, тұрғын үй, құрылыс, қаланы абаттандыру, көгалдандыру мәселелерін ...

Жалғасы »

Бірде-бір тұрғынның мұң-мұқтажы ескерусіз қалмайды

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету Бейсенбі күні «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Әлеуметтік мәселерді шешу» бағыты бойынша топ мүшелері Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында болып, кездесулер өткізді. Айта кетейік, бұл бағыт аясында дәрігерлер тегін консультациялық қызметтер көрсетіп, оқушылар медициналық тексеруден өткізіледі, қажет болған жағдайда хирургиялық және басқа да көмектер көрсетіледі. Еңбек ұжымдарында, мүгедектермен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен, жұмыссыздармен кездесулерде еңбек заңнамасы, әлеуметтік ...

Жалғасы »