Daily Archives: 5 сәуір 2018

Владимир БОЖКО: Ақтөбе — республикада жетім балалар үйінде тұру мерзімін 29 жасқа дейін ұзартқан бірден-бір өңір

  Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко Қурайлы селолық округінде болып, былтыр тасқыннан зардап шеккен отбасы мүшелерімен кездесті. Өткен жылы көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе қаласындағы 74 бау-бақша ұжымы мен қала іргесіндегі 3 ауыл су басу аймағында қалды. Тексеру барысында анықталғандай, 907 саяжай және тұрғын үйлерді су басқан, соның ...

Жалғасы »

Облыс әкімі депутаттармен бірге Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселесін талқылады

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев, Иван Клименко, Кеңес Абсатиров, Евгений Козлов, Мейрам Пшембаев және Шавхат Өтемісов қатысты. Жұмыс сапарымен келген депутаттар апта бойына Ақтөбе қаласына қоса Ырғыз, Хромтау, Алға, Әйтеке би, Мұғалжар, Мәртөк, Қобда және Ойыл аудандарында болып, жұртшылықпен, кәсіподақ және басқа да ...

Жалғасы »

Серіктестік аясында салынған ғимараттарды аралады

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мен облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында салынған ғимараттарды аралады. Олар Батыс-2 ауданында орналасқан «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығына барды. Емдеу мекемесінің ішін аралап көрген Владимир Божко орталық қызметіне жоғары баға берді. — Ақтөбеліктер бірегей заманауи медициналық қызметке қол жеткізіп отыр. Орталықтың ішін көзіммен көргеннен кейін осындай ой түйдім. Ең алдымен, ...

Жалғасы »

Мемлекетке қызмет етудің үлгісі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан Тоқышевті салтанатпен құрметті демалысқа шығарып салды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік саясатты мемлекеттік қызмет саласында жүзеге асырудағы Қайыржан Тоқышевтың тиімді, адал жұмыс істегенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалыптастыруға және жас әріптестерді тәрбиелеуге лайықты үлес қосқанын атап көрсетті. Өңір басшысы жемісті қызметі үшін алғыс айтып, мықты ...

Жалғасы »

Бес бастама — жарқын болашақ кепілі

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко сейсенбі күні Ақтөбе қаласында бірнеше ұжымда кездесулер өткізді. Кездесулерде Президенттің бес әлеуметтік бастамасының қарапайым адамдарға қандай мүмкіндіктер ұсынатыны жөнінде кеңінен айтылды. Сондай-ақ, Владимир Божко облыс орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің құрылысымен, ірі кәсіпорындардың тыныс-тірлігімен танысты. Кездесулер мен кәсіпорындарда онымен бірге облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов те болды. Парламент Мәжілісі Төрағасының ...

Жалғасы »

Омархан ӨКСІКБАЕВ: «Ақтөбе мені тәнті етті»

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев Ақтөбе қаласындағы индустриалды аймаққа барып, өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Бірқатар кәсіпорындарға арнайы барған Мәжіліс депутаты сондағы жұмысшылармен де тілдесуге уақыт тауып, хал-жағдайын білді. — Ақтөбеде енді салынған өндіріс ошақтарын аралай келе, мұндағы өндіріс көлемінің ауқымы мені шынымен тәнті етті. Облыста бұл бойынша жұмыстар өте жақсы деңгейде деп айтуға болады. ...

Жалғасы »

Зор мүмкіндіктің негізі

Кеше Елбасының бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру мақсатында облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұғалжар ауданында болып, тұрғындармен кездесті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Евгений Козлов, Шавкат Өтемісов, Иван Клименко алдымен Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылындағы Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізіп, елімізде қолға алынып жатқан жұмыстар туралы баяндады. —Бүгінде елімізде 2,6 миллион қазақстандық тұрғын үйге мұқтаж. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ...

Жалғасы »

Жастар Президент бастамаларын талқылады

Ақтөбе облысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру жұмыстары бойынша келген Мәжіліс депутаттары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, студенттермен кездесті.  Жиында Президенттің бес әлеуметтік бастамасының білім беру саласына, жастарға қатысты тұстары талқыланды. Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаевтың айтуынша, қазір Астанада Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудың алғышарттары жасалып жатыр: қаржыландыру мәселесі, заңдарға, Үкімет қаулылары мен министрліктердің бұйрықтарына ...

Жалғасы »

Білімнің бір қолдаушысы — қамқорлық

Сейсенбі күні А.Досжанова атындағы конференц-холда өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенттерімен кездесті. Жиында мәжіліс депутаттары Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы тұрғын үй, жатақхана мәселелеріне, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бағдарламалардың тиімді тұстарымен таныстырды. — Мемлекет басшысының халықа арнаған Үндеуі еліміздің даму бағыттарын айқындай түспек. Бүгінде Қазақстанда 530 мың ...

Жалғасы »

Студенттік жатақхана мәселесі — басты назарда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кеңесте Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының аясында қосымша білім беру гранттарын бөлу және студенттер жатақханаларын салу мәселелері талқыланды. Жиынды ашқан облыс әкімі жергілікті жауапты мемлекеттік органдардың студенттердің өмір сүруіне жағдай жасау туралы бастаманы іске асыру жөніндегі жұмысына қанағаттанарлықсыз деген баға берді. — Облыстық басқармалар мен білім беру мекемелерінің басшыларына қайда және қандай ...

Жалғасы »