Daily Archives: 3 сәуір 2018

Владимир БОЖКО: Мұндай жұмыстар өзге елді мекендерде де жалғасуы керек

Сенбі күні Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко алдымен Ырғыз ауданына барып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған атқарушы билік өкілдерімен әлеуметтік ғимараттарды аралады, халықпен кездесу өткізді. Еліміздің Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары әуелі Ырғыз ауданының орталығындағы құрылысы жүріп жатқан мектеп-интернатқа барды. Оған жауапты мердігер мекеме — «Фагот и К» ЖШС. 300 орынға шақталған мектеп ...

Жалғасы »

Елбасы бастамасы әр қазақстандықты қолдайды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Әйтеке би ауданының орталығы Комсомол мен Қарабұтақ селосында аудан тұрғындарымен кездесті.  Владимир Божко Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін кеңінен түсіндірді. Комсомол селосының мәдениет үйіне халық көп жиналды. Жиында Владимир Божко тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бес бастамаға жеке-жеке тоқталды.  Бірінші  бастама —  әр ...

Жалғасы »

Ағымдағы жылы облысымызда өнеркәсіп 4,5 пайызға өсті

Алдын ала мәліметтер бойынша, ағымдағы жылдың алғашқы үш айында Ақтөбе облысында өнеркәсіп 4,5%-ға өсіп, 445,3 млрд теңгеге өнім өндірілді. Мұнай-газ, хром кенін, мыс-мырыш кендерін, ферроқорытпа өндірісін және т.б. өндіруді ұлғайтты. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, есепті кезеңде облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығында өндіріс көлемін 4,6%-ға, ...

Жалғасы »

«Ауыл шаруашылығы айтар ауызға ғана оңай…»

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Кеше өңірімізге жұмыс сапарымен келген  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары  Владимир Божко Ақтөбе қаласындағы және Алға ауданындағы бірқатар әлеуметтік орындарды, ауыл шаруашылығының өңдеу кәсіпорындарын  аралап көріп, олардың жұмысымен  танысты. Аталған аудандағы «Ақтөбе ет кластері», «АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне барды. Осында ауданның ауыл шаруашылығы қызметкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары шақырылған жиналысқа қатысып,  Елбасының бес әлеуметтік бастамасына байланысты ...

Жалғасы »

Мәжіліс депутаттары Хромтау ауданын аралады

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Кеше Елбасының бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру мақсатында облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Хромтау ауданында болып, тұрғындармен, сондай-ақ  кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары — Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Пішембаев, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Шавхат Өтемісов, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Кеңес Абсатиров Ақжар ауылындағы ...

Жалғасы »

Ауылдарда тұрғын үй құрылысы көптеп салынуы керек

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев Қарғалы ауданы тұрғындарымен кездесті. Өткен жұмада халық қалаулысы Шәмші Қалдаяқов және Қосестек ауылдарында болды. Сенат депутатының ауылдарда болып, халықпен кездесудегі мақсаты — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын, бес әлеуметтік бастамадағы жаңалықтар мен заңнамалық қолдауларды тұрғындарға жан-жақты түсіндіру. Ауданға жасаған сапары кезінде М.Жұмағазиев ең бірінші Ш.Қалдаяқов ауылындағы «Бөбек» балабақшасына барды. ...

Жалғасы »

Цехтарды аралап, жатақхананы көрді

Мұғалжар ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев бірқатар әлеуметтік ғимараттарды аралап, халықпен кездесті. Сапар аясында халық қалаулысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, Қандыағаш қаласындағы жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын өз көзімен көрді. Содан соң жеке кәсіпкер Қуандық Төлегеновтің табиғи ауызсу шығаратын және «Қандыағаш Коммерц Групп» ЖШС иелігіндегі  шұжық өңдеу цехтарында болды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлерге шағын несие бағыты түсіндірілді

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пішембаев, Шавхат Өтемісов, Евгений Козлов облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесті.  Басқосуда Мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Пішембаев кәсіпкерлерге Елбасының әлеуметтік бес бастамасының мәні мен маңызын түсіндіріп, төртінші бастама — «Шағын несие беруді көбейту» бағыты елімізде кәсіпкерлік саласын дамытуға тың серпін ...

Жалғасы »

Ақтөбеде «Астана банкі» АҚ филиалы ашылды

Ақтөбеде  «Астана банкі» АҚ-ның  филиалы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. «Халықтық кеңсе» қоғамдық қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан банк филиалының ашылуында қала әкімі Ілияс Испанов жиналғандарды филиалдың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ Ақтөбеде «Smart city Ақтөбе» жобасы қолға алынып жатқанын, жобаны жүзеге асыруда «Астана банкі» филиалымен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі бар екенін айтты. ...

Жалғасы »

Береке әкелетін бастама

«Аналарға тағзым» Әйелдердің отбасындағы және қоғамдағы рөлі мен орнын қайта бағалау мүмкін емес. Өйткені әйелдер ғана отбасындағы өмір салтын, тіпті өмірдің өзін  насихаттайды, қоғамға қажеттілікті анықтайды. Бұл дегенің, отбасы құндылықтарын қалыптастыруда, саналы ұрпақ тәрбиелеуде  ананың міндеті зор екенін, жалпы отбасы үшін ғана емес, мемлекет үшін керемет болашақтың кепілі екенін көрсетеді. Мәселен, өз отбасымызда, яғни біртуар композитор және ғалым Ахмет Жұбановтың ...

Жалғасы »