Басты бет » 2018 » сәуір

Monthly Archives: сәуір 2018

Құрметті ақтөбеліктер!

Достығымыз бен татулығымызды, бейбітшілігіміз бен мызғымас тұрақтылығымызды білдіретін мереке 1 мамыр —  Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мәңгілік елдің алтын діңгегі – береке мен бірлік!» деген болатын. Тәуелсіздік жылдарында жүргізілген реформалар, ең алдымен, мемлекеттің тұтастығын қалыптастырып, көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін сақтауды көздеді. Қазір біздің бірлігі жарасқан еңселі ел, зайырлы мемлекет екендігіміз дүниежүзінің баршасына аян. ...

Жалғасы »

Бес әлеуметтік бастама — қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында сөйлеген сөзі Қымбатты отандастар! Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Бүгінде ол – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі. Әрдайым елдік істердің басында жүретін Ассамблея менің іргелі бастамаларыма әр уақытта ...

Жалғасы »

Университет ректоры есеп берді

Сенбі күні Студенттер сарайында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, зиялы қауым өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ студенттер қатысты. Жиында Бауыржан Ердембеков университетте биылғы оқу жылында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді атап өтті. Оның айтуынша, оқу орнында білім алушылардың саны өткен ...

Жалғасы »

Кәсіптік білім — келешек кепілі

Мәслихат Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. №22 Мәртөк сайлау округінен сайланған депутат Амангелді Есіркеповтің төрағалығымен өткен отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары мен колледж директорлары қатысты. Депутаттар алдында облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева кәсіптік білім мамандарын даярлау бойынша жергілікті  атқарушы органдармен атқарылған ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызметшілерден жауапкершілік сұралды

Әдеп жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау — мемлекеттік қызмет саласында істейтін әрбір қызметкердің міндеті. Өкінішке қарай, жекелеген мемлекеттік қызметшілер күнделікті өмірде осы жауапкершілікті естен шығарып алып жатады. Өткен жұма күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Расул Медетов өткізген кеңес отырысында Әдеп ...

Жалғасы »

Электр қуатын пайдаланудағы талап

Дөңгелек үстел «Капитал Плаза» бизнес орталығының мәжіліс  залында ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған облыстық  кәсіпкерлік басқармасы, «Энергосистема», «Актобеэнергоснаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері және  электр қуатын тұтынушылар қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты — электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін, оның жабдықтау сапасын және электр энергетикасы саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруді, ...

Жалғасы »

«Түріксой» ұйымдастырған конгресс

Мәдени байланыс «Адырна» журналы беделді халықаралық ұйымның назарын аударды   Сәуірдің 16-20-сы күндері Түркияның Кастамону қаласында түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының IX конгресі өтті. Ауқымды шараны өткізуге «Түріксой» халықаралық ұйымы ұйытқы болды. Түркі дүниесінің мәдениетін, рухани байлығын бауырлас халықтардың бір-біріне, сондай-ақ күллі әлемге танытуды мақсат еткен ұйым бұдан тура 25 жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Сол кезде ...

Жалғасы »

Алғалықтарды алаңдатқан мәселелер: жол және жағымсыз иіс

Ашық әңгіме Алға қаласы республикалық маңызы бар жол бойында орналасқандықтан, мұндағы тұрғындарды алаңдататын басты проблема — жол ережесінің қатаң сақталып, арнайы белгілердің орнатылуы. Бұрынғы Алға химия зауыты аумағындағы қауіпті қалдықтарды жою ісінің әзірге қолға алынбай отырғаны  жергілікті тұрғындарды жауыр еткен мәселелердің қатарында тұр. Алға ауданы әкімі Нағымжан Алдияровпен редакциямызда тікелей байланыс арқылы өткен сұхбат барысында алғалықтардың көпшілігі осындай әлеуметтік мәселелерді ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктердің Ақжайыққа сәлемі

«Мен ақтөбелікпін» жобасы бойынша Орал қаласында Ақтөбе жастарының күндері өтіп, мәдени-сауықтық бағдарлама ұсынылды, сондай-ақ кездесулер ұйымдастырылды. Бұл — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған шара.  Үш бағыт — бір көрме Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғимаратында Ақтөбенің бүгінгі тыныс-тіршілігінен сыр шертетін көрме ашылды. Аталған жоғары оқу орнының фойесінде өткізілген мәдени шара барысында соңғы жылдары Ақтөбеде ...

Жалғасы »

«Сауда сақал сипағанша емес…»

Тасқали Хайдаров ақсақал қаржы саласының білікті, сауда қызметінің тәжірибелі маманы. ЕртеректеЛенинград қаласындағы қаржы институтында оқып, Қазақ мемлекеттік университеті қабырғасынан қаржыгер-экономист мамандығы алып шыққан. Оның өмірінің мәнді тұстары тұтыну қызметімен байланысты өтіп, халыққа мінсіз қызмет етуге арналды. Сауда саласына өрімдей жастық шағында келіп, төменгі буыннан бастап, ұзақ жылдар облыстық тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Демек, ұзақ өмір жолынан өткен ...

Жалғасы »