Daily Archives: 13 наурыз 2018

Өңір басшысы аудан әкімдерін сынға алды

Бүгінгі күннің тақырыбы Өткен демалыс күндері облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сегіз ауданның әкімдерінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен осы жылға жоспары туралы есептерін тыңдады. Есептік жиынға ардагерлер, қоғам қайраткерлері, басқармалар мен ведомстволардың басшылары қатысты. Әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндамаларымен Шалқар, Ойыл, Алға, Әйтеке би, Қобда, Қарғалы және Темір аудандарының әкімдері сөз алды. Есептерді тыңдап шыққан өңір басшысы шешуді қажет ететін ...

Жалғасы »

Мал өсіруге деген қамқорлық

Өзекті мәселе Сенбі күні облыс әкімдігінде ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының, бизнес бірлестіктердің, банк жүйелерінің даму институттары мен өңдеуші кәсіпорындардың өкілдері қатысқан жиында Ақтөбе ет кластерін дамыту, сонымен қатар Қазақстандағы тұңғыш шаруаларға қызмет көрсету орталығын құру мәселелері талқыланды. — Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы мал шаруашылығын дамытудың түбегейлі шараларын қабылдауды тапсырған болатын. Бұл жерде әңгіме етпен қатар, сүт бағытын да ...

Жалғасы »

Наурызды мерекелеуге дайындықтың барысы талқыланды

Наурыз мейрамына ақтөбеліктер үшін 10 тонна бауырсақ, 13 мың литр наурыз көже дайындалады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты дайындықтың барысы талқыланды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның мәліметіне қарағанда, облыс бойынша 5 мыңнан астам түрлі шара өткізу көзделіп отыр. Олардың ішінде палау фестивалі, наурыз көже, бауырсақтар, домбыра-пати, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ...

Жалғасы »

42 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіледі

2018 жылы өңірімізде жұмыспен қамту мақсатындағы шаралар аясында 42 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіледі. Дүйсенбі, 12 наурыз күні облыстық әкімдікте өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатыстыру жөніндегі Елбасы тапсырмасын орындау мақсатындағы мәселелер талқыланды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиынға мемлекеттік органдар, даму институттары, екінші дәрежелі банктер басшылары, сондай-ақ ...

Жалғасы »

Тікелей желіде: Әйтеке би ауданының әкімі

Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері редакциялары 2018 жылғы 15 наурыз күні сағат 15.00-де Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашовпен тікелей телефон байланысы арқылы сұхбат ұйымдастырып отыр. Сауалдарыңызды алдын ала 8 (7132) 55-11-11, 90-71-66 телефондары немесе aktobegazeti@mail.ru электронды поштасы арқылы жолдай аласыз. Тікелей желі кезінде тілдесу телефоны: 8 (7132) 56-33-80. «Ақтөбе» газетінің редакциясы.  

Жалғасы »

Қоғамның болашағы — білімді ұрпақ қолында

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Мемлекет басшысы жария еткен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің үшінші бастамасы жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға бағытталған. Жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылына тағы да 20 мың грант, оның ішінде 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге бөлу жоспарланып отыр. Бұл үндеуде ...

Жалғасы »

Астанадағы Назарбаев атындағы нысандар

Екі он жылдықты артқа тастағалы отырған елордада Тұңғыш Президент — Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ашылған әлеуметтік мекемелер аз емес. Бүгін біз олардың бірқатарының тыныс-тіршілігіне тоқталмақпыз.   Сан түрлі қызмет — бір орталық Елбасының 2012 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығымен «Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесінің негізінде Қазақстанда мемлекеттіліктің тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық Назарбаев орталығы құрылды. Жалпақ ...

Жалғасы »

«Бақытты бала» жобасы жүзеге асырылуда

«Облыстың кәсіпорындары мен мемлекеттік органдары мыңға жуық жетім баланы өз қамқорлығына алды» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық әкімдікте өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен  өткен кеңесте «Бақытты бала» жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды. 2018 жыл Ақтөбе облысында балалар жылы деп жарияланды. Оның аясында «Бақытты бала» ауқымды жобасы жүзеге асырылады. Жоба Білім және ғылым министрлігінен қолдау тапты. Оған отбасы мен ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлікке кедергі келмесін

Кеше Ақтөбе қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің ІІ өңірлік форумы өтті. Форум жұмысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен облыстық кәсіпкерлер палатасы бірігіп өткізді. Форум жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары мен ірі, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Форумды өткізудегі мақсат — ел экономикасына зиян келтіретін сыбайлас жемқорлыққа ...

Жалғасы »

Оқу-жаттығулар өткізіліп, қауіпті аймақтар белгіленді

Су тасқыны  «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Ақтөбе облысының аймағында тәжірибелік оқу-жаттығулар өтуде. Оқу-жаттығу кезінде таңғы сағат 8.00-де дабыл қағылып, қалада және аудандарда электрлік сиреналар іске қосылып, телеарналарда хабар беру жүргізілді. Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өтіп, облыстың азаматтық қорғаныс қызметтері және аудан әкімдерінің күштер мен құрылымдардың дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды. «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында облыс бойынша 145 ...

Жалғасы »