Daily Archives: 8 наурыз 2018

Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!

Сіздерді гүл көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Табиғат тіршілігі көктемнен басталса, адамзат өз өмірінің бастауын — Анадан алады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әйел — ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың сақтаушысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің мәйегі», — деп үнемі қамқорлық көрсетіп келеді. Еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі — ана мен баланы қорғау. Жыл сайын елімізде ...

Жалғасы »

Мереке қарсаңындағы шуақты кездесу

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әрқайсысы өз саласының үздігі ретінде танылған 40 әйел «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өткен «Көктем шуағы» атты салтанатты шарада бас қосты. Салтанатты жиын облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті. Жиынға түрлі салаларда жемісті қызмет еткен еңбек ардагерлері, басшылық қызметтерде жүрген ханымдар мен қарапайым жұмысшы, дәрігер, мұғалім, т.б. мамандық иелері шақырылды. Ұйымдастырушылар ұрпақтар ...

Жалғасы »

Жолдамалар табыс етілді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Салтанат сарайы» мейрамханасында  медицина саласының әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. Мейрамхана іші мерекеге орай безендіріліп, ақ халаттыларға арналып дастарқан жайылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, облыстың дамуы үшін дәрігерлер қауымының сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. — Еліміздің болашағы оның денсаулығы мықты, білімді, мәдениетті, тәрбиелі азаматтарына байланысты. Медицина дамыса, азаматтардың да денсаулығы мықты болмақ. Осы тұрғыда ...

Жалғасы »

Компаниядағы қуанышты күн

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласындағы «Айс-плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы ерекше ықыласқа бөленді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов өндіріс қызметкерлерін мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Сүт өнімдерін шығаратын «Айс-плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 250 адам жұмыс істейді. Оның 105-і — әйелдер. Бұл күні өндіріс саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан ...

Жалғасы »

Бақытжан САҒЫНТАЕВ: 5 әлеуметтік бастама — Елбасының халқына ерекше қамқорлығы мен жанашырлығының айқын көрінісі

  «Мемлекет басшысының өз бастамаларын арнайы Үндеу арқылы жариялап, онда қазақстандықтарға шынайы алғысын білдіруі оның маңыздылығын арттыра түседі. Бұл – Елбасының халқына ұсынған президенттік әрі перзенттік сыйы. Ол бастамалардың әрқайсысы бүгінгі таңда халықтың көкейінде жүрген ең маңызды мәселелерді қамтиды», — деді Б.Сағынтаев. Президент халықты қолжетімді баспанамен қамту, салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді ...

Жалғасы »

Су тасқынына қарсы жұмыстар бақылауда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев су тасқынына қарсы жұмыстармен танысып, жол бойындағы су жүретін арықтар мен су қоймаларын аралады. Облыс басшысы Сазды, Ақтөбе су қоймаларында, Хромтау тасжолының бойындағы Бекқұл баба көпірінде, сондай-ақ Песчанка өзенінде болды. «Қазақ су шаруашылығы» РМК Ақтөбе филиалының директоры Бекзат Нәметов Сазды су қоймасындағы соңғы төрт жылда болған көктемгі тасқынының көлемі туралы баяндады. Оның айтуынша, 2017 жылы Сазды су қоймасындағы судың ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Ақтөбенің қыздары мықты екенін тарихтан білеміз

Кеше Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығы ғимаратында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Салтанатты шараға қаладан бөлек, ауыл-аймақтан әртүрлі салада еңбек етіп жүрген 1200-ге тарта мереке иесі жиналды. — Өмірдің бәрі анадан басталады. Біз ананың алдында басымызды иеміз. Ананың бойында ер-азаматтарда кездесе бермейтін ізеттілік, жанашырлық бар. Сондықтан қазақтың «Әйел бір қолымен бесікті, екіншісі қолымен әлемді тербетеді» деген сөзі ...

Жалғасы »

Білімнің алтын қазынасы

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев білім саласында жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Шығармашылық академиясында өткен салтанатты шараға облыстың әр ауданынан жиналған  350-ге жуық мұғалім қатысты. Мерекелік кешті Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Ақтөбе kz» квартеті ашып, «Искорки» үлгілі би ансамблінің биімен бастады. Облыс әкімі ұстаздар қауымын көктемнің жайма шуақ мерекесімен құттықтап, облыс мерейін асқақтатып, балалар білімі мен өнердегі жетістіктеріне өз үлесін қосқан 10 мұғалімге ...

Жалғасы »

Телекөпір: Ақтөбе облысы тікелей байланысқа шықты

Сейсенбі күні «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіне байланысты республикалық телекөпір өтті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бекмырза Еламанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев және қоғам қайраткерлері қатысып, өз пікірлері ...

Жалғасы »

Гүл сыйлады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шуақты мерекемен «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС-ның ұжымын құттықтады. Аталған өндіріс орны  үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  2012 жылы ашылыпты. — Бұл жерде қатты және сұйық дәрілер шығарылады. Шикізатты көрші мемлекеттерден сатып аламыз. Мәселен, қызыл мияны Қызылорда облысынан тасимыз. Тұрғындар тарапынан қызыл мия шәрбатына, ацикловир мен саңырау құлаққа, вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс жоғары.  Жоспар бойынша өнім түрін ...

Жалғасы »