Daily Archives: 6 наурыз 2018

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі

Құрметті қазақстандықтар! Наурыз айының еліміздің Тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар. Біз көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап өтеміз. Сонымен бірге, бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде. Қымбатты әйелдерімізді де мерекесімен наурыз айында құттықтаймыз. Осы ізгі оқиғалардың бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осыған бағытталған. Біз елдің ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Елбасы бастамасы халықтың өзекті мәселелерін шешеді

  Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін талқылау бойынша актив жиыны өтті.  Алқалы жиынға басқарма басшылары мен депутаттар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпорын басшылары, банк және қаржы институттарының, жоғары оқу орындарының өкілдері, жастар қатысты. Жиынды ашқан сөзінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының ...

Жалғасы »

Әлеуметтік жобаларды іске асырады

Eurasian Resources Group S.a.r.l.  компаниялар тобы облыста бірқатар әлеуметтік жобаны іске асыруға жалпы көлемі 2 миллиард теңге бөлмек. Атап айтқанда, бөлінген қаражат Хромтау қаласындағы орталық стадионның күрделі жөндеуіне, Ақтөбедегі жеңіл атлетикалық алаңның құрылысына, екі спорттық-сауықтыру кешеніне, әлеуметтік және білім беру мекемелерін қаржыландыруға, сондай-ақ инфрақұрылымды және басқа да жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Өткен аптада «Қазхром»  трансұлттық компаниясы» АҚ еңбек ұжымымен ...

Жалғасы »

Еңбекақы кідірісіне жол берген басшылардан сұрау қатты болады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткізілген аппарат мәжілісінде Ұлт жоспары — «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, аумақтық және облыстық мекемелердің басшылары қатысты. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұлов  «Индустрияландыру жəне экономикалық өсім» аталатын үшінші бағытты жүзеге асыру туралы баяндама жасап, ...

Жалғасы »

Мерейтой иесін құттықтады

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ына қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясына келіп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан белгілі журналист, «Ақтөбе» газетінің әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі Нұрмұханбет Дияровты мерейлі 60 жасымен құттықтады. Нұрмұханбет Дияров — қырық жылға жуық облыс журналистикасына еңбек сіңіріп келе жатқан қарымды қалам иесі. Облыстың түкпір-түкпірін толық аралаған ол әсіресе экономика, әлеуметтік саладағы мәселелерді ...

Жалғасы »

Ар мен заң

Демократиясы дамыған өркениетті елдердің бәрінде дерлік биліктің үш бұтағы бар. Мұның алғашқысы — атқарушы, ортаңғысы — заң шығарушы, ал соңғысы — тәуелсіз сот билігі. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, ең қиыны да, түйіні де тек ар мен заңның алдында жауап беретін сот төрелігі. Құқықтық мемлекеттердің бәрінде адам тағдырының шешілер жері де, жаза атаулының кесілер жері де сот. Ғапыл дүниеде адам ...

Жалғасы »

«Аналарға тағзым» жобасы

Гүлжанат ЕРҒАЗИНА, облыстық мәслихаттың депутаты, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалының директоры  АҚТӨБЕ — ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ «Аналарға тағзым» жобасы — елімізде алғаш болып біздің облысымызда қолға алынған бірегей жоба. Облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып, салынып жатқан бұл ғимарат болашақта аналарға арналған үлкен орталық болмақ. Жалпы соңғы жылдары Ақтөбе облысында көптеген іс-шаралар өткізіліп, халық игілігіне арналған бірегей жобалар ...

Жалғасы »

Халықаралық турнир: 440 спортшы күш сынасты

Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек спорт сарайында каратэ-додан әлем чемпионы Әшім Қалидің жүлдесіне арналған «AKTOBE OPEN — 2018» дәстүрлі халықаралық турнирі өтті. Жаһандық жарысқа 400-ден астам спортшы қатысты. Спорттық сайыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев: — Барлықтарыңызды облыс әкімі Бердібек Машбекұлының атынан жерлесіміз, әлем чемпионы Әшім Қалидің жүлдесіне арналған турнирдің ашылуымен құттықтаймыз. Бұл дәстүрлі турнир талай жас спортшының бағын ашып, ...

Жалғасы »

Байғанин атындағы дәрісхана ашылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ХХ ғасырдағы қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, жыр алыбы Нұрпейіс Байғанин атындағы дәрісхана ашылды. Шараға Нұрпейіс ақынның кенже ұлы Момын Байғанин, университет басшылығы, зиялы қауым өкілдері, магистранттар мен студенттер қатысты. Ашылу салтанатында дәрісхана лентасын Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақынның кенже ұлы Момын Байғанин кесті. ...

Жалғасы »

Мал аурулары: бақылау күшейе түспек

Мәслихат Кеше облыстық мәслихат депутаты Гүлжанат Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, депутаттар мен журналистер қатысты. Жиында алғашқы боп сөз алған облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев бұл саладағы бақылау һәм  қадағалау жөнінде баяндады. Оның айтуынша, төрт түлік ...

Жалғасы »