Daily Archives: 2 наурыз 2018

Қазақ халқына мың алғыс!

1 наурыз — Алғыс айту күнінде облыс орталығындағы «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стеласы алдында «Алғысым шексіз өзіңе» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, сондай-ақ ардагерлер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Мерекелік шарада облыстағы 18 этномәдени бірлестіктің мүшелері өздерінің ұлттық тағамдарынан көрме-жәрмеңке өткізді. Салтанатты шара «Әлия гүлі» қазақ ...

Жалғасы »

Кешенді диагностикалық CHECK-UP орталығы салынады

Ақтөбеде кешенді диагностикалық Check-up орталығының құрылысы басталады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті, профессор Кванг Вунг Лидің кездесуі қорытындысы бойынша тиісті келісімшартқа қол қойылды. — Сырқаттың бастапқы диагностикасы мәселесі өңір үшін де, сондай-ақ тұтастай еліміз бойынша да маңызды болып қалуда. Осыған байланысты біз Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мен ең озық технологиясын ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ...

Жалғасы »

Аудан әкімдері есеп берді

Төрт ауданның әкімі облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың алдында 2017 жылғы жұмыстардың қорытындысы және алдағы жылдың жоспарлары туралы есеп берді. Есепті жиын облыс әкімдігінде ардагерлер мен қоғамдық өкілдердің қатысуымен өтті. Жиында Хромтау, Ырғыз, Байғанин және Мұғалжар аудандарының әкімдері Аманғали Бердалин, Мәди Елеусізов, Асқар Шериязданов, Ербол Данағұлов баяндама жасады. Бердібек Сапарбаев жалпы алғанда есепті кезеңдегі жұмыстарды оң бағалап, сондай-ақ бірқатар міндеттерді алға ...

Жалғасы »

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жолдама берілді

Ақтөбе қаласындағы «Юрта» мейрамханасында қоғамның бірігуі мен қайырымдылық мәдениетін дамытуға, мүгедек жандардың жарқын бейнесін қалыптастыруға бағытталған «Біз біргеміз!» атты акция өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын акция биыл «Еңбек және жұмыспен қамтылу — әрбір қазақстандықтың табысқа жету кепілі» тақырыбында өтті. Шарада облыс әкімі Бердібек ...

Жалғасы »

Білім беру: жаңартылған оқу формасы

Жолдау Ақтөбе политехникалық колледжінде облыстық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Жиынға білім беру саласының ардагері Шайзада Ахметова, «Парасат ғылым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Көшкінбай Ахметов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов, сондай-ақ колледж оқытушылары мен оқушылары қатысты. Басқосуда алдымен ...

Жалғасы »

Ұстаздар еңбегі бағаланды

Кәсіподақ Алғыс айту күніне орай және 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің жиыны өтті. Білім саласы қызметкерлерінің беделін, мәртебесін көтеру, еңбектеріне алғыс айту мақсатында ұйымдастырылған шараны облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Раушан Серікова ашып, ұстаздарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқтала келе, бірқатар ...

Жалғасы »

«Аналарға тағзым» жобасы

Мәди АЙЫМБЕТОВ, қаламгер, қоғам қайраткері  МЕРЕЙІМІЗДІ ӨСІРІП, МӘРТЕБЕМІЗДІ КӨТЕРЕДІ «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығын ашуды еліміз бойынша алғашқы болып қолға алған ақтөбеліктерге сәттілік тілеймін! Рухани жаңғыру бағытында Ақтөбе өңірінде атқарылып жатқан істердің ізгі, жарқын көрінісінің бірі — аналарға арналған заманауи орталықтың салынуы. Ақтөбеден шыққан азамат ретінде мен бұл жобаны қолдаймын. Аналарды ұлықтауды, тәрбие өзегінің бастауын ұлттық сана мен ұлттық дәстүрмен ...

Жалғасы »

318 бос жұмыс орны ұсынылды

Жәрмеңке Облыстық филармония ғимаратында Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығы кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Жыл басталғалы екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға қаладағы 39 мекеме 318 жұмыс орнын ұсынды. Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Эльвира Жуминованың айтуынша, бүгінгі таңда Ақтөбеде 2300-ге жуық жұмыссыз адам тіркеуде тұр. Сондай-ақ жыл басынан бері 550 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген. — Бүгінгі жәрмеңкеде ...

Жалғасы »

Рейд: есірткі шеккен жүргізушілер анықталды

Брифинг 22 қаңтар-18 ақпан аралығында халықаралық және қалааралық жолаушылар автобустарына қатысты жүргізілген рейд кезінде 30-ға жуық заңбұзушылықтар анықталып, 885 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім болды. Халықаралық және қалааралық жолаушылар автобустарына жүргізілген рейд шаралары, республикалық маңызы бар жолдардың жағдайы, жол құрылысын жүргізу және жөндеу жұмыстарына қатысты тақырыпта өткен брифингте Ақтөбе облысы бойынша ...

Жалғасы »

Мұнайшы апаттан құтқарылды…

Төтенше жағдай Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының 41-разъездегі базасында мұнай кен орындарында болған апаттан құтқаруға байланысты арнаулы жаттығулар өтті. Бүгінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне қарайтын бұл кәсіпорын өзінің тарихын 1932 жылдан, алғашқы тау-кен құтқару қызметінің құрылуымен бастады. Оның құрылуының негізгі мақсаты — қауіпті өндірістік объектілердегі апатты жағдайлардан адамдарды ...

Жалғасы »