Басты бет » 2018 » наурыз

Monthly Archives: наурыз 2018

Қандыағашта 55 отбасы баспаналы болды

Кеше жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Басшилі, Сағашилі ауылдары мен Қандыағаш қаласында болып, жергілікті халықпен кездесті, бірқатар әлеуметтік ғимараттарды аралады. БИЫЛ БАСШИЛІГЕ ГАЗ КЕЛЕДІ Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ауданға жасаған сапары Басшилі ауылынан басталды. Еңбек ауылдық округіне қарасты Басшилі ауылы аудан орталығынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Жол бойындағы ауылда 800-ден аса адам тұрады. Мұндағы фельдшерлік-акушерлік пункт ...

Жалғасы »

Облыс басшысы мәжіліс депутаттарымен кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірге келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пішембаев, Иван Клименко, Евгений Козлов және Шавхат Өтемісовтермен кездесті. Депутаттардың жұмыс сапарының мақсаты — Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының негізгі жағдайларын түсіндіру үшін халықпен, кәсіподақ және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізу. Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев облыстың Елбасы тапсырмаларын орындау аясындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жетістіктері жайында айтып берді. — ...

Жалғасы »

Мәртөк ауданында — жаңа әкім

Бейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Ол — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындалған Жандос Байырханов. Ауданның бұрынғы әкімі Нұржауған Қалауов облыс әкімі аппаратының жетекшісі болып тағайындалғаны мәлім. Жандос Байырханов соңғы екі жылда Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және көлік секілді маңызды салаларға жетекшілік етті. ...

Жалғасы »

«Қазгидрометтің» бас директорын қабылдады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірімізге келген «Қазгидромет» РМК-ның бас директоры Марат Кынатовпен кездесті. Кездесу барысында М.Кынатов гидрологиялық болжам жасаудың су тасқыны жөнінде дәлірек мәлімет алуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық жүйесімен таныстырды. Еліміздің бас метеорологі жер қабатының тоң болуы мен өзен-көлдердегі әлі ери қоймаған мұздар облыста су тасқыны қаупін төндіруі мүмкін екендігін айтты. Дегенмен, әзірге су тасқыны жөніндегі болжам жаман емес. ...

Жалғасы »

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта қолға алынуда

Мемлекет басшысының Ақтөбе облысының экстремизмге және терроризмге қарсы әрекет ету мәселесі бойынша халықтың өзекті проблемаларын шешу туралы тапсырмасын орындау үшін 2 сәуірде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қалпына келтіріледі. Ағымдағы айдың ішінде топ мүшелері Мұғалжар, Темір, Алға, Байғанин және Шалқар аудандарында жұмыс істейтін болады. Шара аясында 57 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ...

Жалғасы »

Бес бастама түсіндіріліп, пікірлер айтылды

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Бейсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары — Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Пішембаев, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Шавхат Өтемісов, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Евгений Козлов, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Иван Клименко облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Жиында облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова Мәжіліс депутаттарына депуттаттық корпус және ...

Жалғасы »

Арнаулы оқу орындарының жағдайын жақсартады

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев кеше Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі ұжымымен кездесті. Кездесуге колледждің оқытушылары мен оқушылары құрамы көптеп жиналды. Аталған оқу орнының басшысы Жеңісгүл Мұхамбетпайызова Сенат депутатына 85 жыл тарихы бар білім ордасы туралы баяндады. Сенатор Мұхтар Жұмағазиев ұжым алдында Елбасының әлеуметтік бес бастамасына байланысты әңгіме қозғап, ...

Жалғасы »

Су тасқынына қарсы штаб жұмысы тексерілді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралап, облыс орталығындағы су тасқыны жағдайымен танысты. Атап айтқанда, алдыңғы тәулікте түнде көктемгі  жаңбырдың нәтижесінде көшелерін су басқан «Ромашка» бау-бақша аумағында болды. Кооператив тұрғындары арнайы техниканы тез арада жіберген жауапты органдардың көмегіне жүгінді. Таңертең төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық қызметтер күштерінің үйлестірілген іс-әрекеттерінің арқасында көшеден су сорылды. Азаматтардың тұрғын үйлері мен мүліктері ...

Жалғасы »

Депутаттар «Халықтық кеңсені» аралады

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Иван Клименко, Мейрам Пішембаев, Евгений Козлов, Шавхат Өтемісов «Халықтық кеңсе» қоғамдық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. «Халықтық кеңсе» қоғамдық қызмет көрсету орталығы өткен жылы қыркүйек айында іске қосылған болатын. Аталған орталықтың бір ерекшелігі — тұрғындар бір ғимараттың ішінен барлық қызмет түрін ала алады. Қазіргі күні орталықтағы жиырмаға жуық ...

Жалғасы »

Жағдай бақылауда

Брифинг Көптің көңілін алаңдатып отырған көктемгі су тасқынына қарсы қандай іс-шаралар қолданылуда? Өткен жылдың өкінішті жағдайлары биыл қайталанбай ма? «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында өткен брифингте Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов, Ақтөбе қалалық әкімшілігі төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев журналистер алдында осы сауалдардың жауабын берді. Ақтөбеде су тасқынына қарсы қалалық штаб 20 наурыздан бастап жұмыс істейді. Аталған ...

Жалғасы »