Daily Archives: 13 ақпан 2018

Биыл облыс экономикасының өсімі 5 пайыздан кем болмайды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының 9 ақпан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға байланысты селекторлық жиын өткізді. Оған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен компаниялардың, шаруа қожалықтары мен қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты. «Негізгі міндеттердің бірі — экономика дамуының қарқынын бәсеңдетпеу. Облыс өткен жылды 5% өсіммен аяқтаған болатын, биыл одан төмен болмауы керек. Ол үшін жұмысқа жылдың басынан бастап ...

Жалғасы »

«Отбасы академиясы» жобасы жүзеге асады

Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы отбасы құндылықтарын нығайту, ажырасудың алдын алу, өскелең ұрпақтың тәрбиесі мәселелеріне арналды. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев төрағалық еткен жиында алдымен комиссияның биылғы жоспары қаралды. Негізінен жоғарыда аталған түйткілдерді қайткенде шешуге болатыны қаузалған шарада ажырасу жайы ерекше талқыланды. Оған себеп те жоқ емес. Бір ғана мысал, өткен жылы 7 мыңға жуық ...

Жалғасы »

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер үшін 3 жер үсті жолы салынады

Биыл Ақтөбе қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға жағдай жасау үшін 3 жер үсті жаяу жүргіншілері жолының құрылысы басталады. Бұл туралы кеше Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр ғимаратында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың биылғы жылғы ауылдық округ және қала тұрғындары алдындағы жетінші есепті кездесуінде айтылды. Қала әкімінің бұған дейінгі халықпен кездесулеріне 2 мыңға жуық адам қатысқан.  Есепті кездесуге ...

Жалғасы »

Жаппай шаңғы тепті

Өткен сенбіде мыңнан астам ақтөбелік жаппай шаңғы тебуге қатысты. Ақтөбе қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған жарыс облыстық қысқы спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің шаңғы базасында өтті. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, жарыс қаламызда дәстүрлі түрде өткізіледі және жыл сайын қатысушылардың саны да көбейіп келеді. Биыл өткізілген жарысқа әртүрлі жастағы ересектер ...

Жалғасы »

Жеделхат жолдады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мәскеуден Орскіге бет алған Ан-148 жолаушылар ұшағының апаты салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты РФ Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергке көңіл айту жеделхатын жолдады. «Орны толмас қазаның қайғысын бөлісе отырып, Ақтөбе облысы жұртшылығының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтуымыз бен демеу сөзімізді қаза болғандардың отбасылары мен тума-туыстарына жеткізуіңізді өтінемін», — делінген жеделхатта.  

Жалғасы »

Журналистерге шеберлік сабағын өткізді

Тәжірибе Белгілі публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай ақтөбелік журналистер алдында шеберлік сабағын өткізді. Мақсат — қалам ұстаған қыз-жігіттердің таным көкжиегін кеңейтіп, оларды одан сайын көркем жазуға, журналистиканың сан түрлі формаларын үйреніп-білуіне мүмкіндік беру. Шеберлік сабағында кіріспе сөз сөйлеген «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин арнайы шақырумен келген қарымды қалам иесінің дәрісін тыңдап, тәжірибесін бөлісу жергілікті журналистер үшін тиімді ...

Жалғасы »

Қаламдастың қадірі

Әмір Оралбай 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң еңбек жолын Ақтөбе облысында бастады. Қазіргі Мұғалжар аудандық газетінде тілші, редактордың орынбасары болды. Одан кейінгі жылдарда республикалық «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» газеттерінің меншікті тілшісі қызметін атқарды. Облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде басшылық қызметте болды. Қай буында еңбек етсе де, ол қалам қарымын танытып, уақыт тынысын тап басып, өзекті мәселелерді ...

Жалғасы »

Робототехника — нанотехнологияның алғашқы сатысы

Робототехника саласы оқушыларға XXI ғасырдың жаңа технологиялық жетісіктерімен танысуға, IT-технологияларды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бүкіл дүниежүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Ақтөбе өңірінде де робототехника үйірмесіне қатысатын жастардың саны артып келеді.  71 МЕКТЕПТЕ ҮЙІРМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ Жаңа технологиялардың  қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті  техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. 2016-2017 оқу жылдарында өңірдегі білім беру ...

Жалғасы »

Студент әлеуметтік желі ашқысы келеді

Ақтөбелік студент Нұрымжан Жұмағазиев қазақтың төл өнері — айтысты сүйетін жастарға арнап әлеуметтік желі ашқысы келеді. Жас жігіттің бұл бастамасы Алматыда өткен республикалық форумда мамандар тарапынан оң бағаға ие болған. 21 жастағы Нұрымжан замандастарының арасында айтыс жанкүйерлерінің санын арттыруды мақсат тұтады. Ал бұл мұратына ол қыз-жігіттердің көптеп шоғырланатын «мекені» — ғаламтордың көмегіне жүгіну арқылы қол жеткізбек. — Бұл идея маған ...

Жалғасы »

Еске алу кешіне келіңіз!

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында сатирик қаламгер, журналист Әлімбай Ізбайдың туғанына 60 жыл толуына орай «Әзіл сөздің әкімі еді» атты  еске алу кеші өтеді. Өтетін уақыты: 15 ақпан 2018 жыл, сағат 15.00 Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, 11-шағын ауданы, 112 «е» құрылыс. Байланыс телефоны: 8(7132)23-74-00; 23-79-99.

Жалғасы »