Daily Archives: 10 ақпан 2018

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың «2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебіне тезистері

  Құрметті жерлестер! 2017 жылы біздер облыстың серпінді экономикалық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындадық. Барлық ақтөбеліктердің тегеурінді еңбегінің және бірлескен күш-жігерінің арқасында өңірдің серпінді дамуына қол жеткізілді. Біздің облыс барлық негізгі көрсеткіштер бойынша республикада жетекшілердің бірі болды. 2018 жылға берік негіз қаланды – одан әрі белсенді түрде әлеуметтік- экономикалық және рухани даму үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік ...

Жалғасы »

Облыс әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар жетекшілерінің, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының тұрғындармен есепті кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2018 жылғы 21 ақпанда сағат 11.00-де Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Жалғасы »

Жергілікті қамту экспорттық әлеуетті арттырады

Форум «Аймақтардың ынтымақтастығы — жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамтуды дамытудың негізі» тақырыбында өткен өңіраралық форум «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында ұйымдастырылды. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов пен Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймышев, сондай-ақ «Kazenergy» қауымдастығы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «NADLoK» жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің, Қазақстандағы ...

Жалғасы »

1535 отбасы пәтерлі болды

Бейсенбі күні «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1535 отбасы баспаналы болды. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мүгедек жандар бар. «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған 1374 пәтерлі тоғыз қабатты алты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде  96 пәтер кезекте тұрған әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған. Қалған пәтерлердің иелері — «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары. ...

Жалғасы »

Қылмыс азайды

Мәслихат №8 Пацаев сайлау округінің депутаты Дмитрий Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қуаныш Елубав, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында облыстық ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің ...

Жалғасы »

Қоғамдық сананы жаңғырту — игілікті істің бастауы

Қоғамдық сананы жаңғырту — бүгінде уақыт талабынан туындап, күнделікті өмірдің өзекті мәселесіне айналып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің  төрағалығымен өткен осы ауқымдағы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі комиссия отырысына саяси партия мүшелері, облыстық басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдардың, зиялы қауымның өкілдері қатысты. Жиында жыл бойында атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Қоғамдық сананы жаңғырту мәселелеріне қатысты бірнеше басқармалардың басшылары есеп берді. — Облыста ...

Жалғасы »

Жаңа кезеңге бастайтын қадамдар…

С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Жаңа Қазақстанның жаңа қадамдары» атты жиын өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналды. Басқосуда зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, студенттер мен түрлі салаларда еңбек етіп жүрген жастар ой бөлісіп, пікір алмасты. Жиынды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан ...

Жалғасы »

Қаңтар айында 51 өрт оқиғасы тіркелген

Брифинг Бейсенбі күні төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қыс мезгіліндегі оқыс оқиғалар мен жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі жөнінде брифинг өткізді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасарлары Қайрат Қасым мен Ернұр Өтегенов өткізген жиында алдымен жасалған жұмыстар айтылды. Белгілі болғандай, қыс мезгілі басталғалы бері 15 апаттық-құтқару және 6 іздестіру жұмысы жүргізіліп, оған 86 маман және 22 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 147 адам ...

Жалғасы »

Ақпанда — екі премьера…

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры көрермендерді екі бірдей премьераға шақырып отыр. Бұл жөнінде кеше театрда өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Баспасөз мәслихатына театрдың директоры Нұрхан Кәдірбаев, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Орал Байсеңгір, белгілі актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов және режиссер Данияр Базарқұлов қатысты. Нұрхан Кәдірбаев айтқандай, театрдың қазақ және орыс труппалары өз репетуарларын бір-бір жаңа қойылыммен толықтырғалы отыр. Алғашқысы — ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктер қысқы олимпиадашыларды қолдайды

Кеше ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында басталған ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында «Ақтөбеліктер қысқы олимпиадашыларды қолдайды» атты акция өтті. Аталған шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының және облыстық жастар  ресурстық  орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. — Бүгін 4 жылда бір келетін қысқы Олимпиада ...

Жалғасы »