Daily Archives: 8 ақпан 2018

Жер қойнауын пайдаланушылармен арада 5 келісімшарт бұзылып, сегізіне ескерту берілді

Бүгін Ақтөбеде  жер қойнауын пайдаланушыларға арналған өңіраралық форум өтеді. Онда «Жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодекс жан-жақты таныстырылып, жаңа мүмкіндіктер жайы сөз болады. Кеше облыс әкімдігінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттық міндеттемелерін орындау мәселелері талқыланды. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов пен Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлікке кедергі болмайды

Кәсіпкерлікті дамыту — бүгінгі күннің алға қойылып отырған маңызды міндеттерінің бірі. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының жыл бойғы атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы межелер белгіленген жиында сөз арқауы осы бағыттан өрбіді. Есепті жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова қатысты. — Облыста бизнесті дамытуда қандай кедергілер мен проблемалар бар екенін анықтау үшін жиналып отырмыз,— деді облыс басшысы кіріспе сөзінде.— Бизнес ...

Жалғасы »

Жергілікті дизайнерлердің сән көрсетілімі

Мектеп формасын енгізу ақтөбелік ательелердің бірігуіне жол ашты. Ақтөбе қаласында «Aktobe Fashion Days-2018» отандық дизайнерлердің киім көрсетілімі болып өтті. Жергілікті шеберлерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния қалдығұлова құттықтады. Бұл көрсетілімге облыстық тігіншілер мен дизайнерлер ассоциациясында тұратын мамандар қатысты. Шараны «Подиум» сән мектебі ұйымдастырды. Оған облыстық кәсіпкерлер басқармасы, Қазақстан іскер әйелдері облыстық ассоциациясы, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы ...

Жалғасы »

«Ақтөбе — Атырау» тасжолының құрылысы қалай жүреді?

Биыл Ақтөбе мен Атырау облыстарын Ресейдің Астрахань өңірімен байланыстырып жатқан республикалық «Ақтөбе-Атырау» тасжолы қайта салынады.  Құрылыс жұмыстарын итальяндық «Тодини Конструциони Дженерали С.п.А.» жəне әзірбайжандық «СПИК Аккорд» компаниясы жүргізеді. Халықаралық транзиттік дәлізді қалпына келтіру Қазақстан, Ресей, Қытай, Орта Азия елдері мен Батыс Еуропа мемлекеттері арасындағы тауар айналымы мен жолаушылар тасымалын  дамытуға мүмкіндік береді. Ал жол құрылысы қалай жүргізіліп жатыр? Құрылыс материалдары жеткілікті ме? Қандай ...

Жалғасы »

Газхимия зауытын салу мүмкіндігі қарастырылды

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев CNPC International бас директорының орынбасары Ван Синлинмен кездесу өткізіп, онда Ақтөбе облысында газхимия зауытын салу туралы мәселе талқыланды. Бұл жобаны жүзеге асыру туралы алдын ала келісімге облыс басшысының өткен жылдың желтоқсан айында Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген болатын. — Сіз біздің Мемлекет басшысының Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту, жаңа озық технологияны енгізу, бизнесті ...

Жалғасы »

Әлеуметтік мәселелер кеңінен қозғалды

Тұрғындарды жұмыспен қамту, сол арқылы бірқатар әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешу бүгінде күн тәртібінде тұр. Бұл ретте өткен жылы облыста 40082 адам жұмыспен қамтамасыз етілгені облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңейтілген жиынында алға тартылды. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова қатысты. — Мемлекет басшысы үнемі әлеуметтік салаға көңіл бөліп келеді. Әлеуметтік көмектер адамдарға уақытында ...

Жалғасы »

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогы басталды

Кеше Ақтөбе қаласындағы «Олимп» хоккей модулінде жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының Кубогы басталды. Ақтөбеде тұңғыш рет ұйымдастырылған айтулы додаға еліміздің 8 өңірінен 70-ке жуық спортшы келді. Шараның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. — Бүгінгі шара — Ақтөбе өңірі үшін маңызды оқиға. Республикалық дәрежедегі спорт сайысы тұңғыш рет біздің өңірімізде ұйымдастырылып отыр. Өздеріңіз ...

Жалғасы »

«Тәуелсіздік дәуірі» — егемен елдің шежіресі

С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылауға арналған кездесу өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға ақтөбелік зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, ардагерлер мен жастар, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова ашты. Белгілі ақын, «Адырна» журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы өз сөзінде «Тәуелсіздік дәуірі» ...

Жалғасы »

Классикалық музыка асқақтаған кеш

Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ арнаулы музыкалық мектеп-интернатының симфониялық оркестрінің концерті өтті. Жерлесіміз — даңқты композитордың атындағы өнер ұжымының шығармашылық кешіне мыңнан астам көрермен жиналды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның айтуынша, мұндағы мақсат — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өнер сүйер қауымға, соның ішінде музыкаға жақын өскелең ұрпаққа әдемі кеш сыйлау, шоқтығы биік ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктерді автобус жайы алаңдатады

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың халыққа кезекті есеп беру кездесуі өтті. Жиынға тұрғындардан бөлек, облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова қатысты. Шаһар басшысы алдымен өткен жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталғанын, өндірістік өнеркәсіптік өнім көлемі, жыл басындағы дерекке сәйкес, 523,9 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Ал қалалық бюджеттің кіріс бөлігі артығымен орындалып, болжамдағы 31,5 ...

Жалғасы »