Daily Archives: 2 ақпан 2018

Бердібек Сапарбаев: Нәтиже былтырғыдан кем болмауы керек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен мемлекеттік кірістер департаментінде кеңейтілген кеңес өтті. Оған осы саланың қызметкерлерімен бірге, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары шақырылды. Салық және басқа да төлемдер мәселесін қозғап, өткен жылғы жұмыстарға баға берген облыс әкімі Бердібек Машбекұлы бұл саланың қызметкерлерінің алдына былтырғыдан нәтиже кем болмау керек деп жаңа  міндет қойды. Осының өзінен-ақ мемлекеттік кірістер органдарының  жұмыс нәтижесінің өткен жылы жоғары ...

Жалғасы »

Мәртөкте мүмкіндіктер көп, оны пайдалана білу қажет

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәртөктіктерді мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін дамытып, олардың өнімдерін өңдеумен айналысуға шақырды. Ол аудан басшысына мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті белсенді өрістетіп, бюджетті толықтырудың қосымша көздерін қарастыруды тапсырды. Мәртөк ауданында болған облыс басшысы аудан әкімі Нұржауған Қалауовтың халық алдындағы есепті кездесуіне қатысты. Сондай-ақ бұл кездесуде ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Асхат Қайнарбеков болды. Нуржауған Қалауов өткен жылы ...

Жалғасы »

Олимпиадаға бірде-бір ақтөбелік спортшы қатыспайды…

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өткен жылды қорытындылаған жиыны өтті. Отырыс барысында сала мамандарының бірқатар кемшіліктері сынға алынды. — Өткен жылдың көрсеткішін өздеріңіз жақсы білесіздер. Көңіл көншітетіндей емес. Жазғы Олимпиадалық ойындардың қорытындысы бойынша біз республикада 15-орындамыз, ал қысқы ойындар бойынша деңгейіміз тіптен төмен. Бірнеше күннен кейін Кореяда басталатын қысқы Олимпиада ойындарына, өкінішке қарай, ...

Жалғасы »

Оқыту орталығының жұмысымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев «Таксим» кафесі жанындағы қызметкерлерді оқыту орталығының жұмысымен танысты. Облыс әкімінің орынбасарына аталған орталықтың бизнес-тренері Виктор Андрюхин тиімді қызмет көрсету, мейрамхана ісінде жұмысшыларды басқару, үйрету, т.б. бағыттағы оқытудың мән-жайын түсіндіріп, орталықтың жұмысы туралы айтып берді. Виктор Андрюхиннің айтуынша, бүгінгі күні «Таксим» кафесі жанындағы орталықта 6 адам оқу курсынан өтіп жатыр. Олар бұл жерде бір ай бойы ...

Жалғасы »

Іскер әйелдер жаңа жобаға өз үлестерін қосып жатыр

Бейсенбі күні бастамашыл топ өкілдері «Аналарға тағзым» жобасын жүзеге асыруды талқылау мақсатында бас қосты. Басқосуда ұйымдастыру комитетінің төрайымы Сәния Қалдығұлова Ақтөбе қаласының Батыс-2 ауданында салынып жатқан үш қабатты «Аналарға тағзым» рухани-мәдени орталығында Ақтөбе жерінен шыққан белгілі әйел-аналарға арналған мұражай ғана емес, сондай-ақ қыз балалар мен жас аналарға арналған психологиялық кабинеттер жұмыс жасайтынын жеткізді. Бұл орталықта біз өнегелі ұл-қыздарды дүниеге әкеліп, ...

Жалғасы »

Су тасқынынын алдын алу қалай жүргізілуде?

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында қала әкімі Ілияс Испанов өткен жылғы су тасқынының қайталанбауы үшін арнайы комиссия құрамы бекітіліп, Қазгидромет орталығымен бірге тиісті жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Бұдан соң Ақтөбе қалалық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев баяндама жасады. — Көктемгі су ...

Жалғасы »

Алдаберген НҰҒМАНОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты: Шетелдіктер жақсы тұқым бермейді

2021 жылға дейін Ақтөбеде суармалы жер көлемін 80 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы кеше облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен семинар-кеңесте  айтылды. «Ақтөбе облысындағы күрделі топырақтық-климаттық және фитосанитарлық жағдайларда картоп өндіру» тақырыбында өткен семинар кеңеске ғалымдар мен мамандар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері қатысты. Өткен жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Рухани жаңғыру» ...

Жалғасы »

«Ең үздік әке» анықталды

Ақтөбеде «Әке беделі — ұлт абыройы» атты облыстық форум қарсаңында «Ең үздік әке» байқауы өткен болатын. Жеңімпазы болып, үш бала тәрбиелеп отырған Айшуақ Бақыт танылды. Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін нығайта отырып, өнерлерімен танысу, отбасы ынтымақтастығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара өткен жұмада №64 орта мектеп базасында өтті. Қаладағы жалпы білім беретін мектептерден 20 өтініш келіп түскенімен, сайысқа 8 үміткер қатысты. Сайыс ...

Жалғасы »

«Нұр Отандағы» қабылдау

Тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін зерттеу, аз қамтылған, жай-күйі нашар топтарға қамқорлық жасау бүгінгі күннің басты міндеттерінің біріне айналуда. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында болған кезекті қабылдау да осы міндетті шешуге бағытталды. Қабылдау жүргізген облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев мұқтаж жандардың өтініштерін мұқият тыңдап, сол арада облыстың тиісті басқармалардың басшыларына нақты тапсырмалар берді. Оның қабылдауында болған үшінші топтағы мүгедек Арзумян Мамлиев төрт ...

Жалғасы »

2210 сынаманың 183-і талапқа сай келмейді: оның 50,4 %-ы — отандық өндірушілердің өнімдері

Бейсенбі күні «Ақтөбе ақпарат» орталығында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева брифинг өткізіп, өнімнің (тауардың) қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің саны біршама төмендеген. Атап айтсақ, 2015 жылы бұл бағыттағы көрсеткіштер 25,2 пайыз болса, 2017 жылғы көрсеткіш —  8,2 пайыз. ...

Жалғасы »