Daily Archives: 1 ақпан 2018

Тарихи тұлғаларға арналған кабинет ашылды

Сейсенбі күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Қабақ Айтұлы мен Тілеу Айтұлына арналған кабинеттер ашылды. Қос кабинеттің ашылу салтанатына тарихи тұлғалардың ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Шарада университет ректоры Бауыржан Ердембеков қос тарихи тұлғаның туған ел, жер үшін жасаған ерліктері мен еңбектерін айтып, кабинеттерді ашуға қолдау көрсеткен «Қабақ баба», «Тілеу батыр Айтұлы» қоғамдық қорларына ризашылығын жеткізді. ...

Жалғасы »

Алғыс айту күні — бірлік мерекесі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Алғыс айту күні қарсаңында «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз» атты жиын өтті. Студенттер алдында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов сөз сөйлеп, елімізде этносаралық қатынастар мәселесін тиімді шешудегі Ассамблеяның ролі, ұлттық-мәдени орталықтардың қызметі жөнінде жан-жақты баяндады. Ал осы оқу орнының тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы Инна Ли Қазақстандағы корей диаспорасының тарихы ...

Жалғасы »

«Актеп», «Айс» секілді компаниялар бізге ауыл шаруашылығы жөніндегі саясатты қай бағытқа бұру керектігін көрсетеді

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Премьер-Министрдің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі: «Актеп», «Айс» секілді компаниялар бізге ауыл шаруашылығы жөніндегі саясатты қай бағытқа бұру керектігін көрсетеді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің Ақтөбеге жасаған екі күндік жұмыс сапары еліміздегі ірі агроқұрылымдар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары қатысқан ветеринария және агрокластерлерді құруға арналған мәселелер жөніндегі жиында түйінделді. Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясының ...

Жалғасы »

Агроөнеркәсіп кешені: басты өлшем — өнімділік пен бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Ақтөбедегі жұмыс бабындағы сапарын Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуден бастады.   Ауыл шаруашылығы үшін ІТ-шешімдерін дамытуға бизнесті тарту және сандық технологияны енгізу арқылы саланың өнімділігін көтеру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тиімділігін жетілдіру мақсатын көздейтін агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру — ...

Жалғасы »

Мал бордақылау және ет өңдеу кешендерін аралады

Кеше Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Алға ауданына барып, «Парижская коммуна XXI», «Ақтөбе ет кластері», «АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмысымен танысты. Өмірзақ Шөкеев бастаған топ алдымен Ақтөбе қаласының 41-разъездегі «Айбек» ауылшаруашылық кооперативінің консерві цехын аралады. Өткен жылы ашылған цехта бүгінгі күні бір ауысымда 48 мың құты ...

Жалғасы »

Ақтөбенің озық тәжірибесін үйренуге келді

Семинар Облысымызда ет, сүт кластері құрылды. Қазіргі кезде бұл салаларды одан әрі нығайта түсудің ірі қадамдары жүзеге асырылуда. Бұл қадамдар — ел бойынша жақсы үлгі. Сондықтан осы жетістіктерді үйрену, тәжірибе алмасу үшін Ақтөбеге еліміздің барлық аймағынан облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ауылшаруашылық басқармаларының басшылары, ірі шаруашылықтардың жетекшілері келді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы бойынша, сейсенбі күні Ақтөбеде мал шаруашылығын дамытуға байланысты екі ...

Жалғасы »

Алтынбек Әмірғалиев — облыстық кәсіподақтар орталығының басшысы

Облыстың кәсіподақтар активінің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Марат Тоғжанов «Ақтөбе облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жаңа басшысын таныстырды. Кәсіподақтар орталығының басшысы болып бұған дейін облыс әкімі аппаратын басқарған Алтынбек Әмірғалиев тағайындалды. Бердібек Сапарбаев кәсіподақтар орталығының жаңа басшысы алдындағы бірқатар міндеттерді белгіледі. «Елбасы алға қойған негізгі міндет – еңбек ұжымының заңды құқығы мен ...

Жалғасы »

Көктемгі су тасқынына дайындық жүргізілуде

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында 2018 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық барысы талқыланды. Айта кететін жайт, қазірдің өзінде қалалық және аудандық су тасқынына қарсы комиссиялар жұмыстарын бастап кетті. Үстіміздегі жылдың 15 – 19 қаңтар аралығында төтенше жағдайлар департаменті Елек және Қарғалы су бассейндерін тексеріп, қарап шықты, нәтижесінде өзеннің жоғарғы жағындағы қар жамылғысының биіктігі 16-20 см құрайтыны белгілі болды, ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Жастардың ауылдан не себепті кетіп жатқанын анықтау керек…

Сейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Қобда ауданына барып, аудан және ауыл әкімдерінің өткен жылы атқарылған жұмыстары бойынша есебін тыңдады, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Дәстүрлі емес шаруашылық түрлері дамып жатыр Алғашқы боп сөз алған Бұлақ ауылдық округінің әкімі Жантөре Әлбетов өзі басқаратын ауылда 1241 адамнан құралған 260 отбасы барын атап өтті. 84148 гектарды алып жатқан Бұлақта 1110 бас ...

Жалғасы »

Көп мәселе ауыл тұрғындарына да байланысты

Ауылдық округ әкімдерінің есептері аудан әкімінің есебімен қат-қабат жүріп өтті. Бұл бір жағынан тиімді де, ауыл әкімін тыңдап, аудан әкімімен де кездесіп қалуға болады. Қызылжар және Құмтоғай елді мекендерінде болған бас қосулардың осындай артықшылықтары болды. Қызылжар ауылының әкімі Ардақ Ізбасарова  қысқа да нұсқа қайырып, атқарылған істер мен алдағы міндеттерге нақпа-нақ тоқталып өтті.  Аудан әкімі Мәди Елеусізовке қойылар сауалдар алдын ала ...

Жалғасы »