Басты бет » 2018 » ақпан

Monthly Archives: ақпан 2018

Шаңғы тебуге келіңіздер!

Биыл 3 наурыз күні «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін дәстүрлі шаңғы жарысы ұйымдастырылады. Биыл бұл жарыс «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдығы белгісімен өткізіледі. Барлық келушілерді, жасына қарамастан, осы жарысқа қатысуға шақырамыз! Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында өткізілетін жарыс бағдарламасы кезінде тұрғындардың шаңғы тебудегі физикалық дайындығына байланысты президенттік тест тапсырылады. Сайыс Кірпішті елді мекенінде өтеді. Басталу уақыты — сағат ...

Жалғасы »

Игілікті істер атқарылады

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қалалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Еркебұлан Сағынғанов баяндама жасап, бюджетті нақтылау облыстық бюджеттен трансферттің бөлінуіне, сондай-ақ 2018 жылдың 1 қаңтарынан құралған бос қалдықтарды бөлуге сәйкес жүргізіліп отырғанын мәлімдеді. Облыстық бюджеттен бөлінген 937,9 миллион теңгенің 100 миллион теңгесі балалардың ойын алаңдары мен спорт ...

Жалғасы »

Елбасы еңбегі — ертеңгі бағыт

Жолдау Ақтөбе политехникалық колледжінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен биыл жарыққа шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылауға арналған жиын өтті. Жиынға ҚР Бейбітшілік пен келісім кеңесінің облыстық филиалы төрағасы Келдібай Еспағамбетов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айбек Купенов, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Жетпісбай, сондай-ақ колледж оқушылары қатысты. Басқосуда ҚР Бейбітшілік ...

Жалғасы »

Өнерпаздар қайырымдылық көрсетті

Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерт өтті. Концерт ақтөбелік 9 жасар оқушы Ораз Ахметқалиға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. «Қан обыры» деген диагноз қойылған Ораз Ахметқали қазір Оңтүстік Корея елінде ем алып, өмірі үшін күресуде. Шарада Шығармашылық академиясының директоры Шәмшат Жұбай туған жерден жырақта жүріп, емделіп жатқан Оразға қолдау көрсетудің маңызы зор екенін айтып, балаларға үнемі қайырымды, мейірімді ...

Жалғасы »

Балаларға қой сойып берді

Ақтөбе қаласындағы «Тарлан» медициналық орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар ем алады. Ақтөбелік апалы-інілі Гүлмира, Дастан Бижановтар орталықтағы бес баланың отбасына көмек көрсетті. Қарапайым тіршілік кешіп жүрсе де ағайынды екеу қайырымдылық жасаудан жалыққан емес. Бұл жолы қой сойып әкеліпті. Сондай-ақ кітаптар мен балаларға қажетті ойыншықтарды сыйға тартқан. Бұған дейін де осындай қайырымдылық шараларын үзбей жасап жүрген Гүлмира сәл де болса, ауру балаларға ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Бірде-бір бала назардан тыс, қолдаусыз қалмайды

Ақтөбеде балалар жылы ресми түрде бастау алды. Сенбі күні Шығармашылық академиясында өткен «Жүрек жылуы» қайырымдылық концертіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, ресми түрде балалар жылының басталуына пәрмен берді. Іс-шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, қала меценаттары мен жетім балалар қатысты. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бақытты бала» ауқымды жобасы балалардың толыққанды дамуы үшін барлық жағдай жасалуына бағытталып ...

Жалғасы »

Мұз үстіндегі марапат: жас хоккейшілердің жеңісі

Өткен сенбі күні шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы «Жұлдызша» облыстық турнирінің жеңімпаздары анықталды. «Олимп» хоккей модулінде өткен салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Жарыста 17 командадан әртүрлі жастағы 250-ден аса спортшы белсенділік танытты. 2004-2009 жылғы бозбалалар арасында ұйымдастырылған сайысқа, әсіресе, ауыл-аймақтан келіп, бақ сынағандардың саны көп. Марапаттау рәсімінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: — Кезінде «Жұлдызша» балалардың қуана қатысатын жарыстарының бірі ...

Жалғасы »

Қарттарға құрмет көрсетті

1 наурыз — Алғыс айту күні 1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту — парыз» атты апталық басталды. Аталған апталық шаралары аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Жылы жүрек» акциясы өтті. Бұл күні «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері мен ерікті жастар Ақтөбе қаласындағы ...

Жалғасы »

Бірқатар ғимараттардың құрылысымен танысты

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік және спорттық ғимараттардың құрылысымен танысты. Өңір басшысы 300 орынға арналған оқу корпусының құрылысы басталған «Әсем» балалар сауықтыру лагерінде болды. Сәулетшілердің айтуы бойынша, ғимараттың құрылысы бірнеше кітап түрінде жасалынады. Демалыс аймағы 13 гектар аумақта орналасқан. Лагерьде балалар оқу процесін тоқтатпай-ақ демала алады. Сондай-ақ, облыс әкімі Батыс-2 шағын ауданындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының және 2500 орынға ...

Жалғасы »

Кішкентай өнерпаздармен кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Media pro» продюсерлік орталығының жұмысымен танысты. Ұл-қыздар ән айтып, билеп, бір сөзбен айтқанда, шығармашылықпен айналысатын орталықтың жұмыс істегеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Осы аралықта өнерін дамытқысы келетін көптеген балалардың мекеніне айналған ғимараттың тынысымен танысқан атқарушы билік өкілдері, сонымен қатар, олардың алдағы жоба-жоспарларын білді. Жанаргүл Досова басшылық ететін орталықтағылар көктем мерекелеріне әзірлік жұмыстарын да көрсетті. Кішкентай өнерпаздардың ...

Жалғасы »