Daily Archives: 12 қаңтар 2018

Өтпежол қозғалысты жақсартады

Ақтөбе қаласынан Орынборға қарай шығатын жолда Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағындағы жаңа өтпежол автожолдағы кідірістерді жойып, өткізу қабілетін ұлғайтуға қызмет етпекші. Қалалықтар үшін маңызды болып табылатын бұл инфрақұрылым 2019 жылдың қыркүйек айында іске қосылмақ. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев құрылысы жұмысы барысымен танысты. Әзірге бұл жер облыс орталығындағы автокөлік жүйесі үшін әсіресе қарбалас сәттерде проблемалық орынға айналуда. Сондықтан да бас жобалаушы — ...

Жалғасы »

Тарихи-өлкетану музейі биыл пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылысы барысымен танысты. Мұнда атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, ғимаратты пайдалануға беру уақытын нақтылады, сондай-ақ құрылысшыларға қажетті тапсырмалар берді. Бұл құрылыс жұмысы Батыс-2 шағын ауданында 2016 жылдың тамыз айында басталды, жоспар бойынша биыл пайдалануға берілмекші. Музей құрылысының инвесторы — «Алтын қыран» қоғамдық қоры. — Музейде тоғыз экспозиция залы қызмет ететін болады, олар заманауи жабдықтармен ...

Жалғасы »

Үш ауысымдық оқу мәселесі оңтайлы шешіледі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақжар-2 поселкесіндегі жаңа мектеп құрылысы жұмысын қарады. Аталған құрылыс өткен жылдың екінші тоқсанында басталған болатын. Осы елді мекендегі екі мектепте оқушылар саны көбейіп кеткендіктен жаңа білім ордасына сұраныс туған еді. Мұндағы 300 орындық №49 мектеп 2015 жылы, ал №45 мектеп 2014 жылы пайдалануға берілген. — Қазіргі уақытта балалар үш ауысымда оқуда. Жаңа мектеп осы проблеманы шешуге ...

Жалғасы »

Ғалымға құрмет көрсетілді

А. Досжанова атындағы конференц-холда медицина ғылымының докторы, профессор Болат Жаналаевтың 70 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Кешке облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев және ғалымның шәкірттері мен әріптестері қатысты. Жиында ғалымның еңбек жолы бейнекөрініс арқылы көрсетілді. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев ғалымды құттықтап, иығына шапан жапты. — Облыс әкімінің ...

Жалғасы »

Мәжіліс депутаттары спорт кешенін аралады

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Дания Еспаева мен облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова Алға ауданында жұмыс сапарымен болып, аудан ахуалымен танысты. Алдымен депутаттар қала сыртында орналасқан жаңа автоматты газ тарату станциясына (АГТС-30) барды. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған бұл станцияның қуаттылығы — сағатына 30 мың текше метр. Ақтөбе магистралдық газ ...

Жалғасы »

Елбасы жолдауын талқылады

Жолдау Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Елбасының биылғы Жолдауын түсіндіру мақсатында жиын өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, университеттің оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Жиында Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл жастарды біліммен сусындатып, оларға бағыт-бағдар беретін ұстаздардың еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ өңірдегі сапары барысында көтерілген мәселелерге тоқталды. Бұдан соң облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова Елбасы ...

Жалғасы »

Ассамблея мүшелері бірауыздан қолдайды

Жолдау Ақтөбе қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері қатысты. Басқосуды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вишняк жүргізіп отырды. Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Басқосуда Сергей ...

Жалғасы »

Жаңа жүйе және маңызды міндет

Жолдау Биылғы Жолдаудың жетінші бағытында Елбасы әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатынын айтып, биылдан бастап зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енетінін айтты. Осы тұста айта кету керек, соңғы жылдары елімізде зейнетақы біршама өсті. Қазір орташа зейнетақы 72 мың теңгеге жетсе, жоғары зейнетақы одан да көп. Ал ең төменгі зейнетақы 50 мың теңгеге жетіп отыр. Биылғы жылдан бастап ...

Жалғасы »

Мемлекеттің басты байлығына айрықша көзқарас

Жолдау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған кешегі Жолдауы негізінен өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне арналыпты. Бұл тақырып, әрине, өзім қызмет ететін саланы да айналып өтпейді. Мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған Жолдауында Елбасы әдеттегідей алдымен әлеуметтік көрсеткіштерге тоқталыпты. Айталық, өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асқан. Ал өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші ...

Жалғасы »

Әлеуметтік желілерді оңтайлы пайдалану міндеті жүктелді

Ақтөбе қаласындағы №60 жалпы білім беретін орта мектептің мәжіліс залында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен «Білім беру ұйымдарының оңтайлы имиджін қалыптастыру үшін әлеуметтік желілерді қалыптастыру» тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинардың басты мақсаты — Елбасының Жолдауында белгіленген басты бағыттарды негізге ала отырып, халық арасында білім беру ұйымдарындағы атқарылған жұмыстарды әлеуметтік желілерге жариялау, мұғалімдердің қоғамдағы дәрежесін  көтеру. Жиын барысында қала әкімі ...

Жалғасы »