Daily Archives: 10 қаңтар 2018

Өз артегіміз ашылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Әсем» балаларды сауықтыру лагерінде болды. Оның жанынан жыл бойы жұмыс жасайтын балалар лагерін ашу жоспарланып отыр. Балалар демалатын аймақ 13 гектар алаңда орналасқан. Мұнда табиғаттың өзі барлық жағдайды жасап қойғандай: өзен алқабы жақын, талы көп, шөбі мол шабындықтар мен құмды жағажайлар орналасқан. Жуырда лагерьдің аумағында балалардың сабақтан қол үзбей-ақ сол жерде тұрып, демалулары үшін жаңа оқу ...

Жалғасы »

Мұз айдыны сарайы мен теннис орталығының құрылысы жұмысын қарады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Батыс-2 шағын ауданындағы жаңа спорт нысандарының құрылысы барысымен танысты. Атап айтқанда, ол Шығармашылық академиясының жанында орналасқан Теннис орталығының құрылыс алаңында болды. Спорт кешені төртеуі жабық, төртеуі ашық, барлығы сегіз корттан тұратын болады. Мұнда 500-ден аса адам жаттыға алады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Теннис орталығының келешекте халықаралық турнирлер мен жарыстарды өткізу кезінде сұранысқа ...

Жалғасы »

Дәрі-дәрмектің бағасы тұрақты болады

Меморандум Ең қымбат дәулет — адам денсаулығы. Осы ретте дәрі-дәрмектің алатын маңызы зор. Бұл мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұдайы бақылауында тұрғаны да белгілі. Өткен жылғыдай, биыл да атқарушы билік дәрі-дәрмектің бағасын көтермеу туралы осы сала басшыларымен келісімшартқа отырды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, облыстық фармацевтикалық қызметті қолдау қауымдастығы, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар  мен ...

Жалғасы »

Ақтөбенің экологиялық жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды

Ақтөбенің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар 2018 жылы да жалғасады. Бұл туралы қала әкімдігінің ғимаратында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен  өткен кеңес барысында облыстың бас экологы Жақсығали Иманқұлов баяндады. Шаһар басшысы Ілияс Испанов айтып өткендей, Ақтөбеде қыс мезгілінде айтарлықтай экологиялық мәселе жоқ. Дегенмен, өткен жылы басталған істер аяқсыз қалмауы тиіс. Жиында сөз алған экология департаментінің басшысы Жақсығали ...

Жалғасы »

«Халықтық кеңседе» қабылдады

Ақтөбе қаласындағы «Халықтық кеңсе» мемлекеттік қызмет көрсету орталығында облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин қоғамдық қабылдау өткізді. Мақсат — қызмет көрсету орталығына келген тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, оның оңды шешілуіне ықпал жасау. «Халықтық кеңсе» орталығында алғаш рет қоғамдық қабылдау жүргізген Мавр Абдуллинге 3 адам көмек сұрап келді. Олардың барлығы жер телімдерін алуға қатысты мәселелерді көтерді. Айталық, зейнет жасындағы жеке кәсіпкер жұмысын ілгерілету ...

Жалғасы »

Кірпіш тапшылығы болмайды

Облыста құрылыс қарқыны жылдан-жылға күшейіп келеді. Өткен жылы  «Нұрлы жер» бағдарламасын тиімді пайдаланудың арқасында өңірде 780 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 6200-ден аса отбасы жаңа қоныстойын тойлады. Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов құрылыс материалдарын өндіретін компаниялардың өкілдерін жинап, кеңес өткізді. Жиында құрылыс материалдарының тапшылығын болдырмау мәселесі көтерілді. — Өткен жылы өңірде құрылыс қарқыны рекордтық деңгейге жетті. Жұмыстың ...

Жалғасы »

Қысқы жолдар қауіпсіз бе?

Қыстың көзі қырауда жолға шығу үлкен сын. Әсіресе, қазіргідей қыстың нағыз қаһарлы айлары өтіп жатқан кезде сақтық қажет. Бұған біздің жол шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарымыз дайын ба? Қысқы жолдар шын мәнінде қауіпсіз бе? Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов республикалық маңызы бар көлік жолдарын қарап, нақты жағдаймен танысты. Ақтөбе қаласындағы №8 жол пайдалану телімінде болған кезде республикалық маңызы бар жолдардың қысқы ...

Жалғасы »

Депутаттар Мұғалжарға барды

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барып, сондағы жұртшылықпен кездесті. Парламент Мәжілісінің депутаттары — Бақытбек Смағұлов, Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Дания Еспаева алдымен аудан орталығы — Қандыағаш қаласына барып, артынша Ақкемер, Жұрын ауылдық округтерінде болды. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар ғимараттарды аралаған олар мектеп мұғалімдерімен кездесті, хал-ахуалын білді. Сонымен қатар, депутаттар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығын ...

Жалғасы »

Әскерилер арасында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құралай Қаракен мен Бақытбек Смағұл №6655 әскери бөлімінің қызметкерлерімен және жас сарбаздармен кездесті. Кездесуге сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айбек Көпенов қатысты. Әскери бөлімге келген халық қалаулылары алдымен, 2016 жылғы маусымда лаңкестердің шабуылдауы барысында көз жұмған әскери қызметшілер монументіне гүл шоқтарын қойды. Кейін, ...

Жалғасы »

Мақсатты жүздесу

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына барған Мәжіліс депутаттары Құралай Қаракен, Глеб Щегельский, Дания Еспаевалар орталық жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. Дәрігерлер мен зертхана қызметкерлерін қосқанда облыс бойынша 367 адамды еңбекпен қамтып отырған орталықта 9 лаборатория жұмыс жасайды. Аса қауіпті инфекциялар анықталып, түрлі өнімдердің ДНК сараптамасы жасалатын орталық қызметкерлерімен кездескен халық қалаулылары Парламентте соңғы қабылданған заңдар мен кейбір ...

Жалғасы »